Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Контрацепция: неге жауапкершілік көбіне әйелдерге жүктеледі?

Контрацепция: неге жауапкершілік көбіне әйелдерге жүктеледі?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ерлер мен әйелдердің хирургиялық стерилизациясы бір мақсатты көздейді, бірақ оларды жасау тәсілі әртүрлі. Біріншісін амбулаторлық жағдайда жергілікті анестезиямен жасауға болса, екіншісі құрсақ қуысына енуді, анестезияны және ауруханаға жатқызуды талап ететін ота саналады. Соған қарамастан, Қазақстанда да, әлемнің басқа елдерінде де әйелдерге сақтанудың бұл радикалды әдісі әлдеқайда жиі ұсынылады.

Мұндай статистикалық айырмашылықтың қалай қалыптасқанын, стерилизация әдетте қандай жағдайларда жасалатынын және одан кейін балалы болу мүмкін бе екенін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Қазақстандағы және әлемдегі стерилизация статистикасы

Бұл тақырыпты қозғауға жақында көптеген медиа жазған астаналық ерлі-зайыптының оқиғасы түрткі болды. Өз тарихын ашық айтып берген отбасында үш бала бар.

Ерлі-зайыпты қиын таңдау алдында қалды: контрацепцияның ең кең таралған әдістері - жатыр ішіндегі спираль мен біріктірілген оральді контрацептивтер әйелдің денсаулығына байланысты келмеді. Содан кейін олар күйеуіне вазэктомия жасатуы туралы шешімге келген.

Анықтама: вазэктомия - ерлер контрацепциясының хирургиялық әдісі, мұнда дәрігер сперматозоидтар шәуетке өтетін ұрық жолдарын кеседі немесе бұғаттайды.

Алайда дәрігер ер адамды бұл отадан бас тартуға көндіріп, оның орнына әйеліне хирургиялық стерилизация жасауды ұсынған.

Анықтама: әйелдер стерилизациясы - тұрақты контрацепцияның хирургиялық әдісі, мұнда жұмыртқа жасушасының ұрықтануын болдырмау үшін жатыр түтіктерін бұғаттайды, кеседі немесе алып тастайды.

Ерлі-зайыпты бұл оқиғамен әлеуметтік желілерде бөлісті және бір сәтте танымал болып шыға келді.

Ер адамның контрацепция үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға ниет білдіруінің өзі үйреншікті жайт болмағаны сонша, бұл туралы шетелдік журналистер де жазды.

Бұған таңғалудың қажеті жоқ: бүкіл әлемде ерлер стерилизациясы әйелдердікіне қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі, ал біздің өңірде бұл тіптен сирек құбылыс болып қалып отыр.

БҰҰ-ның 2019 жылғы соңғы салыстырмалы жаһандық бағалауларына сәйкес, шамамен 219 миллион әйел контрацепция әдісі ретінде хирургиялық стерилизацияны қолданған, ал вазэктомияға 17 миллион ер адам бел буған - бұл шамамен 13 есе аз.

Әзірге бұдан жаңарақ әлемдік деректер жоқ, бірақ жағдай айтарлықтай өзгере қоймаған болуы керек.

Қазақстандық статистика әйелдер мен ерлер стерилизациясы арасындағы алшақтық бұдан да үлкен екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2021 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанда әйелдерге ерікті түрде 662 хирургиялық стерилизация отасы жасалған, ал вазэктомия небәрі бір-ақ рет жасалған.

Мамандардың айтуынша, әйелдер стерилизациясының қатері ерлердікіне қарағанда әлдеқайда жоғары.

"Әйелдердің хирургиялық стерилизациясы - вазэктомияға қарағанда анағұрлым күрделі әрі инвазивті араласу. Ол құрсақ қуысына енуді, анестезия жүргізуді және ауруханаға жатқызуды көздейді. Бүгінде мұндай оталар жиі лапароскопиялық әдіспен жасалады, сондықтан пациентті келесі күні-ақ стационардан шығаруы мүмкін, бірақ бәрібір бұл алдын ала тексеруді және оңалуды талап ететін толыққанды хирургиялық араласу саналады".

Шолпан Сармұлдаева

акушер-гинеколог дәрігер

Ал вазэктомияға келетін болсақ, доктор Сармұлдаеваның айтуынша, оны амбулаторлық жағдайда жергілікті анестезиямен жасауға болады. Процедура кезінде дәрігер ұрық жолдарын кеседі немесе бұғаттайды.

Мұндай араласу әдетте аз уақытты алады, одан кейін қалыпқа келу тезірек жүреді, ал асқынулар әйелдердің хирургиялық стерилизациясына қарағанда сирек болады.

Анықтама: Шолпан Сармұлдаева - жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Репродуктивті медицина институты директорының орынбасары, Халықаралық медицина университеті кафедрасының доценті.

Стерилизация неге қажет?

Хирургиялық стерилизация - бұл бұдан былай балалы болмау туралы шешім қабылдаған адамдарға арналған тұрақты контрацепция әдісі. Егер жұптың репродуктивті жоспарлары орындалса, контрацепцияның басқа әдістері қарсы көрсетілсе немесе жағымсыз әсер етсе, не болмаса ықтимал жүктілік әйелдің денсаулығына қауіп төндірсе, бұл әдіс өзекті болуы мүмкін.

Әйелдердің хирургиялық стерилизациясы аналық бездердің жұмысына және гормоналды фонға әсер етпейді. Жатыр түтіктерін байлағаннан немесе кескеннен кейін оның етеккір циклі сақталады және гормондар өндіріле береді, алайда табиғи жолмен жүкті болу мүмкін болмайды.

Сол сияқты вазэктомия да ер адамның гормоналды фонына әсер етпейді: тестостерон ешқайда жоғалмайды, жыныстық құштарлық пен эректильді функция сақталады, тек табиғи ұрықтандыру қабілеті ғана өзгереді.

Қандай жағдайда стерилизация жасатуға болады?

Қазақстанда "Хирургиялық стерилизация жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" бұйрық қолданылады.

"Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретіндегі хирургиялық стерилизацияның шарты - жасы отыз бестен кем емес немесе екі баласы бар, азаматтың жазбаша келісімі, ал медициналық айғақтар болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан пациенттің келісімі болып табылады", - делінген құжатта.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған және жазбаша келісім берілген жағдайда, ер немесе әйел пациент бұл отаға жіберіле алады.

Хирургиялық стерилизацияға арналған медициналық айғақтардың тізімі айтарлықтай кең.

Оларға, мысалы, мыналар жатады:

қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы барлық орындағы қатерлі ісіктер; балалары бар жағдайда қайталанған кесарь тілігі немесе гинекологиялық оталардан кейін жатырда тыртықтың болуы; эндокриндік жүйе аурулары; қант диабетінің ауыр түрі; ерлі-зайыптылардың екеуінде де қант диабетінің болуы; психикалық бұзылыстар; созылмалы маскүнемдік; жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары және басқалар.

"Хирургиялық стерилизация жүргізер алдында емдеуші дәрігер бұл процестің қайтымсыздығын, моральдық-этикалық, психологиялық және жағымсыз физиологиялық салдарлары мен асқынуларын түсіндіру үшін әңгімелесу өткізеді", - делінген бұйрықта.

Шолпан Сармулдаева Қазақстанда әйелдер стерилизациясы ерлерге қарағанда әлдеқайда жиі кездесетінін растайды.

"Халық арасында әйелдер стерилизациясын "түтікті байлату" деп атайды. Оны кесарь тілігімен бірге немесе бұдан былай балалы болғысы келмейтін 35 жастан асқан әйелдерге жеке ота ретінде жасауға болады", - деп нақтылайды дәрігер.

Белгілі репродуктолог Вячеслав Локшин бұрын әйелдер стерилизациясы жиі кездесетінін айтады: негізінен ол кесарь тілігі немесе басқа гинекологиялық оталар кезінде жасалатын, ал жеке ота ретінде сирегірек орындалатын.

"Бір кездері пациенттердің өтініші бойынша мен бірнеше баласы бар әйелдерге стерилизация жасағанмын. Кейінірек олардың кейбіреуі қайтадан бала туғысы келгендіктен, ЭКҰ клиникасына жүгінді. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, бірақ бар және бүгінде біз бұл әйелдерге де көмектесе аламыз".

Вячеслав Локшин

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті

Стерилизация контрацепцияның тұрақты әдісі болып саналады, бірақ заманауи репродуктивті технологиялар одан кейін де балалы болуға мүмкіндік береді. Әйелдерге ЭКҰ бағдарламасын жүргізуге болады, ал ер адамдарда вазэктомиядан кейін сперматогенез сақталады, сондықтан қажет болған жағдайда сперматозоидтарды тікелей аталық без тінінен алуға болады.

Анықтама: Вячеслав Локшин - акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті.

Сонымен қатар, дәрігердің өзі ерлер стерилизациясына сақтықпен қарайды:

"Бұл бәрібір хирургиялық араласу. Бәлкім, менің менталитетім де бұған толық дайын емес шығар. Бірақ адамдар мұндай әдістің бар екенін білуі және оған жүгіну-жүгінбеу туралы саналы шешімді өздері қабылдауы керек".

Егер пациент вазэктомия жасатуға бел буса, Локшин ер адамның өмірлік жоспарлары кейін өзгерген жағдайға сперманың бірнеше үлгісін криоконсервациялауды (мұздатып сақтауды) қарастыруды ұсынады.

Неге контрацепция үшін жауапкершілік көбіне әйелге жүктеледі?

Әйелдердің хирургиялық стерилизацияға жиі жүгінуінің бір себебі - жалпы алғанда, бүгінде контрацепция үшін негізгі жауапкершіліктің соларға жүктелуінде.

Ерлер контрацепциясы іс жүзінде мүшеқапты қолданумен ғана шектеледі. Локшиннің айтуынша, ерлерге арналған контрацептивтік препараттарды әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ әзірге олар жаппай қолданысқа енген жоқ.

Әйелдер контрацепциясына келетін болсақ, мұнда бірден бірнеше әдіс бар:

гормоналды таблеткалар, жатыр ішілік спиральдар, тері астындағы импланттар, қынаптық сақиналар, пластырьдар және тіпті инъекциялар.

Сармулдаеваның айтуынша, заманауи препараттар 30 жыл бұрын қолданылғандардан айтарлықтай ерекшеленеді.

"Бүгінде жанама әсерлері аз, микродозаланған контрацептивтер қолданылады. Дұрыс таңдалған жағдайда олар тек контрацепцияны қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша емдік әсер де бере алады", - деп нақтылайды ол.

Алайда гендерлік мәселелер бойынша маман Ниссо Расулова неғұрлым зиянсыз препараттардың пайда болғанына қарамастан, контрацепция әлі де болса дәл әйелдерге көптеген қиындықтар тудыратынына назар аудартады.

"Гормондық терапияны қатаң кесте бойынша қабылдап, мамандарға үнемі қаралып тұру қажет. Спираль да - әйел ағзасына араласу болып табылады және ол айтарлықтай жағымсыз процедура. Сонымен қатар, ер адамдар үшін контрацепция тек мүшеқап қолданумен шектеледі, бұл тек оның жеке қалауы мен жайлылығына ғана әсер етеді. Алайда, осыған қарамастан, қоғам жүктіліктен сақтану жауапкершілігін әлі де болса әйелге жүктейді".

Ниссо Расулова

гендерлік мәселелер бойынша маман

Бүгінде әйелдерге арналған контрацепция әдістерінің алуан түрлілігі мен ерлерге арналған таңдаудың шектеулілігіне қарап, жоспарланбаған жүктіліктен сақтану жауапкершілігі тек қоғамдық түсінік деңгейінде ғана емес, сонымен қатар контрацепция саласының дамуында да әйелдердің міндеті ретінде қабылданатынын көруге болады.

Авторы: Лилия Гайсина

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

ерлі-зайыпты

Денсаулық сақтау министрлігі

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары