Күдіктіні іздеу жалғасып жатыр : Атыраудағы трагедияға қатысты полиция тың деректі айтты (ВИДЕО)
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында істің қазіргі барысы жөнінде ақпаратпен бөлісті. Оның мәліметінше, қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында.
Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтанов тергеу аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттар тарап жатыр. Осыған байланысты тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз", – деді ол.
Прокуратура өкілі іздестіру жұмыстарының тоқтатылмағанын да нақтылады. Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жұмыстар уақытша шектелген.
"Қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Қызылқоға ауданында Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша тоқтатты. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен балаларды іздеу жалғасып жатыр, алдағы уақытта бұл шаралар қайта күшейтіледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 12:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















