Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Күмісбастауда кола өндіріледі

Күмісбастауда кола өндіріледі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Түркістан облысында кезекті инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 100 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында әйгілі «RC Cola» брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» компаниясының заманауи сусын өндіру зауыты ашылды.

Ауызсу мен алкогольсіз су­сын­­­дар өндіруге маманданған кә­сіп­орынға шамамен 9 млрд теңге көле­­­мінде инвестиция тартылған. Зауыт жылына 120 мың тоннаға дейін сусын өндіреді. Өнімдер металл және пластик құтыларда шығарылып, ішкі нарықтан бөлек, көрші елдерге де экспортталмақ. Жаңа зауыттың ерекшелігі – неміс және италиялық зама­науи технологияларға негізделген өнді­ріс желілері мен экологиялық таза, көпсатылы су тазарту жүйе­сі. Өндірісте пайдаланылатын су кәсіпорын маңындағы 170 метр тереңдіктегі ұңғымалардан алынып, жоғары халықаралық стандарттарға сай тазартылады. Судың сапасы АҚШ пен Италияның жетекші зертханаларында арнайы тексерістен өткен.

Жаңа зауыттың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпорын ұжымына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға тоқталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсіпкер­лікке қолдау көрсетуді, шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруды басты басымдықтардың бірі ре­тінде атап өтті. Бұл жоба – сол тап­сырмалардың нақты орындалуы­ның айғағы. Жергілікті әкімдік ин­фрақұрылымды жеткізіп, барлық қажетті қолдауды көрсетті. Ендігі міндет – сапалы өнім шығарып, оны тек ішкі емес, сыртқы нарыққа да ұсыну», деді облыс әкімі.

Ашылу рәсіміне қатысқан «RC Cola International» компания­сы­ның бас менеджері Фрэнсис Лампера, «Freedom Bank» басқарма төрағасы Гүлфайруз Ахметова, сондай-ақ жобаның идея авторы әрі инвесторы – «Beibars Bottlers» ЖШС құрыл­тай­шысы Амангелді Нұров кәсіпорыннан бәсекеге қабілетті өнім шығатынына сенім білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Жобаны іске асыру аясында зауыттың инфрақұрылымын жеткізу үшін 705 млн теңгеге 6 140 метрлік 35 кВ электр желісі мен қосалқы станса салынды. Жалпы аумағы – 5 565 шаршы метр болатын зауытқа 25 млн теңгеге табиғи газ құбыры тартылып, 240 млн теңгеге кәріз жүйесі мен тазарту қондырғылары орнатылған.

Айта кетелік, Түлкібас ауда­нында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүр­гізіл­мек. Жобаға жалпы  53,7 млрд теңге инвестиция тартылады. Қолдау көрсету мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы тарапынан 5 млрд теңге несие берілмек. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Жоба іске қосылғанда 1 200-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Аумағы 517,7 гектар жер болатын жоба аясында 96 құс фермасын, инкубатор, құрама жем зауыты, газ-электр стансасы, құс сою және қалдық өңдеу цехы және тоңазытқыш қоймалар салу көзделген. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 2026–2027 жылдары жүзеге асырылып, 21,9 млрд теңге инвестиция салынады, 550 жұмыс орны құрылып, 15 мың тонна өнім өндіру жос­парланып отыр. Екінші кезеңде
15,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 325 жұмыс орны ашылмақ. Өндірілетін өнім көлемі – 24 мың тонна. Үшінші кезең 2029–2030 жылдары жүзеге асырылып, 16 млрд теңге инвестиция салынады, 48 мың тонна өнім өндіріліп, 325 жұмыс орны құрылады.

 

Түркістан облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары