Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Логиканы дамытатын стартаптар

Логиканы дамытатын стартаптар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қаласақ та, қаламасақ та, цифрлық дәуірге бейімделуге мәжбүрміз. Бүгінгі буын бесіктен белі шықпай жатып-ақ смартфонмен достасып үлгереді. Ата-аналар да бұны баланы алдаусырата тұратын керемет құралға айналдырған. Өкініштісі, ішіндегі контентті ешкім қадағалап жатпайды. Соның кесірінен балдырғандар алгоритм ұсынған ақпаратты санасына сіңіріп жатыр. Технологиядан бас тарту бәрібір мүмкін болмағандықтан, балаға пайдалы қосымшаларды ұсыну – ең тиімді шешім. Әрбірден соң, әке-шешенің жауапкершілігі – цифрлық сауаттылықтың ажырамас бөлігі.

Кейінгі жылдары елімізде балаларды дамытатын цифрлы қосымшалар саны айтарлықтай көбейіп келеді. Қазақ тілін үйрететін платформалар, математика мен логиканы ойын арқылы меңгертетін сервистер, бағдарламалау негізін танытатын стартаптар пайда болды. Қуантарлығы, оған сұраныс та бар.

Баланың дамуы ана тілінен, ойлау қабілетінен, логиканың жетілуінен басталады. Бірінші үлкен бағыт – тіл үйрететін қосымшалар. Қазақ тілін үйретуге арналған цифрлық өнімдер бұрын саусақпен санарлық еді, қазір таңдау көп. Ерте жастан әліпби, дыбыс, сөздік қорды ойын арқылы меңгерту – педагогикада дәлелденген әдіс. Цифрлық формат оны қолжетімді ете түсті. Әрине, экран арқылы тіл үйрену шынайы қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Қосымша құрал мұғалімнің де, ата-ананың да орнын баспайды. Дегенмен баланың бос уақытында үлкен көмек. Бұл бағытта ең танымал платформалар­дың бірі – «Soyle.kz». Қосымша қазақ тілін сөздік, сөйлем құрау, жаттығу жасау арқылы үйретеді. Мектеп жасындағы балаларға да, ересектерге де ыңғайлы. Ал «Bala.soyle.kz» балабақша жасындағы балаларға арналған. Мұнда әліпби, дыбыстар, қарапайым сөздер ойын түрінде беріледі. Тағы бір жоба – «Aleem». Бұл қосымша ағылшын тілін үйретуге бағытталған. Сабақтар баланың деңгейіне қарай бейімделіп беріледі.

Сонымен қатар қазіргі кезде кейбір балалардың тілі шықпай жатады. Логопедтердің айтуынша, қазіргі сапасыз контенттер баланың сөйлеп кетуін тежейді. Ал «QazaQsha» – осы мәселені шешу үшін жасалған жоба. Ойын пазлмен жасалған. Оның бірінде әріп, екіншісінде жануар немесе жәндік бейнесі болады. Бала оларды сәйкестендіргенде бейнеге жан бітеді. Дыбыс шығып, бала сол жануардың атын естіп, оны көріп, сөзді қайталап үйренеді.

Жобаның авторы Қызғалдақ Байтаңат­қызының айтуынша, балалардың сөйлеу қабілеті – маңызды мәселе. «Қазақ тілінде қызықты, интерактивті материал­дар аз. Сол себепті біз «QazaQsha» жобасын жаса­дық. Біздің мақсат – әр балаға қазақ тілін үйренуді ойын арқылы қызықты етіп көрсету», дейді ол.

Екінші бағыт – математика мен логика. Қазіргі кезде отандық «EdTech» жобалары қарқынды дамып келеді. Гей­мификация, деңгеймен өту, ұпай жинау – бәрі баланың қызығушылығын оятады. Әйтсе де, логиканы тек тапсырма шешумен шектеу – қате. Ойлау қабілеті сұрақ қою, қателесу, талқылау барысында дамиды. Математиканы түсініксіз әрі күрделі деп санайтын балалар аз емес. Ал «Qalan» платформасы – осы мәселені шешуге бағытталған жоба. Мұнда есептер ойын форматында беріледі, деңгейден деңгейге өту арқылы бала қызығушылығын жоғалтпайды. Кішкентай балаларға түсті ажырату, сәйкестендіру, қарапайым ребустар секілді логикалық ойындар жасалған. Мұндай қосымшалар зейінді, есте сақтауды дамытады.

Үшінші бағыт – бағдарламалау және цифрлық ойлау. Бағдарламалау логиканы дамытады. Жақсы қосымша баланы «батырма басушы» емес, мәселені шешуші ретінде тәрбиелей алады. Осы мақсатта отандық «CodiPlay» қосымшасы жасалған. Онда балалар «Scratch» және блоктық кодтау арқылы бағдарламалаудың негізін үйрене алады.

Сондай-ақ «Менің Қазақстаным», «Жеті қазына» секілді қосымшалар арқы­лы балалар ел тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтар туралы мәлімет алады.

Алайда «дамытушы» деген атау автоматты түрде қауіпсіз дегенді білдір­мейтінін ескеру қажет. Егер бала күні бойы телефонда отырса, қандай қосымша болса да, ол дамытудан гөрі тежейді. Сондықтан цифрлық өнім – уақытпен, мақсатпен қолданылғанда ғана пайдалы.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары