Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай маман

Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай маман

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Индира Алтайқызы, елімізде мәйіттік донор күрделі мәселе екендігі белгілі. Осы орайда маман ретінде не айтар едіңіз?

— Иә, Қазақстанда мәйіттік донор мәселесі өте өзекті болып отыр. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, былтыр мұндай донорлардың саны өсті. 2025 жылы 18 мәйіттік донор тіркелді. Осы донорлардың ішкі ағзалары 67 адамды құтқарды.

Елімізде 4 521 адам донорлық ағза күтсе, соның 106-сы — балалар. Батыс Қазақстан облысында 156 адам есепте тұр. Өңірде 2021 және 2023 жылы екі донордың туысқандары келісім беріп, біраз адамның өмірі құтқарылды. Бір мәйіттік донордың ағзалары 7 адамға дейін ажалдан арашалай алады.

Донорлықтың екі түрі бар. Бірі — туысқандары өз ағзаларын берсе, екіншісі — мәйіттік донорлық.

Фото: Индира Семенованың жеке мұрағатынан

— Адамның өз ағзаларын алуға келісім берудің немесе бас тартудың құқықтық негіздері қандай?

— 18 жастағы және одан асқан, әрекет ете алатын адамдар трансплантация жасауға өз ағзасының бір бөлігін алуға нотариальды түрде жазбаша келісім береді. Ол үшін жан-жақты медициналық тексеруден өтеді. Өйткені ағзасы алынғаннан кейін өміріне аса қатты қауіп төнбеуі керек.

Қазақстанда тірі кезіндегі донордан ағзаны (оның бір бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды. Комиссия барлық құжаттың дұрыстығына және ықтимал реципиент пен донор арасындағы генетикалық байланысқа көз жеткізеді. 

Донорлықтың, сондай-ақ ағзаларды немесе тіндерді транспланттаттаудың құқықтық негіздері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде толық көрініс тапқан. Мысалы, Кодекстің 209-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес адамның ағзасын мәжбүрлеп алуға, соған мәжбүрлеуге, сатып алу-сатуға тыйым салынады. Осындай тыйымдар әрекетке қабілетсіз, кәмелетке толмаған, жеке басы анықталмаған, инфекция жұқтырған адамдарға да қатысты.

Сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға трансплантациялау үшін донор ағзаларын алуға болмайды.

— Осы жерде мәйіттік донорларға тоқталсақ?

— Жасы 18-дегі және одан асқан адамдар мәйіттік донор бола алады. Былайша айтқанда, бұл — миы өлген деген диагноз қойылған пациенттер. Негізінен мұндай диагноз инсульттан кейін және бас-ми жарақатын алған кезде қойылады. Мұндай кезде өкпені жасанды демалдыру мен дәрі-дәрмек қан айналысы арқылы адамның жүрегі мен басқа ағзаларының жұмысын ұзартады. Оған қоса донорда инфекциялық қарсы көрсетілімдері болмауы маңызды.

Шешім қабылдайтын команданы шартты түрде үш бригадаға бөлуге болады. Мұның біріншісі — миы өлгені туралы диагноз қойылған пациент түскен медициналық ұйым. Диагнозды емдеуші дәрігер қояды, содан кейін оны үш адамнан (медициналық мекеме басшысы, емдеуші дәрігер және невролог) тұратын консилиум бекітеді. Пациент бірқатар зерттеуден кейін диагноз нақтыланады. Сосын ақпарат өңірлік үйлестірушіге түсіп, ол туысқандарымен әңгімелеседі. Бұған заңгер немесе психолог қатысады. Бірақ мүдде қайшылығы туындамас үшін диагноз қойған дәрігерлер араласа алмайды. Әңгіме кезінде барлық тума-туысқаны ортақ пікірге келуі тиіс.

Келісім алынған жағдайда аталған пациенттер бізге түседі. Бұл кезде донор жансақтау бөлімінде жатуы мүмкін. Оның барлық дерегін трансплантаттау орталықтарына жібереміз. Егер оларды бір нәрсе қанағаттандырмаса, қосымша зерттеулер сұратады. 

Фото: ДСМ

Трансплантаттау орталығынан оң хабар алғаннан кейін бұл жағдай өңірде болса, біз санитарлық авиацияға өтініш беріп, бортты әзірлейміз. Аймақтардан ұшақ бортында ота жасап, ағзаны алып, оны трансплантаттау орталықтарына жіберетін екінші бригада аттанады. Үшінші бригада осы орталықтарда ота жасауды бастайды. Бұл орта есеппен 4-8 сағатқа дейін созылады. Ағзасы ауыстырылған пациент алғашқы тәуліктерде жансақтау бөлімінде болады. Кейін бөлімшеге көшіріледі. Жазылып шыққаннан кейін ол тұрғылықты жері бойынша иммуносупрессивті дәрі-дәрмек алу үшін емханада бақылауда болады. Егер олай жасамаса, ағзасы істен шығады.

— Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімді тіркеу жайы ше?

— Мұндай тіркеу Қазақстанда бірқатар заң актісі негізінде реттеледі. Азаматтар тірі кезінде мәйіттік донор болуға келісімін бере алады немесе бас тарта алады. Бұл медициналық мекеме немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы жазбалай өтініш беру жолымен жүзеге асады. Өтініш денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Дәрігерлер сол арқылы қажет болған жағдайда адамның өз еркін білдіргені туралы деректерге жедел қол жеткізеді. Азаматтар кез келген уақытта жаңа өтініш беріп, өз шешімін өзгерте алады. Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беруі елде трансплантологияның дамуына жәрдемдеседі.

Фото: Kazinform

Жалпы, egov.kz порталында келісім болсын-болмасын, ми өлімі тіркелген адамдардың ағзасын алуға туысқандарынан рұқсат сұралады. Олар көбіне бас тартып жатады.

Фото: Индира Семенованың жеке мұрағатынан

— Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесі әлем елдерінде қалай ойластырылған, Қазақстанмен салыстырғанда, қандай өзгешеліктер бар?

— Басқа мемлекеттерде туыстық донорлыққа қарағанда, мәйіттік донорлықтың үлес салмағы басым. Мысалы, Испания, АҚШ сияқты елдерде бұл 80-90 пайызға дейін жетеді. Бізде керісінше болып отыр. Туыстық донорлық бұл ағзасын берген адамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені ол — күрделі ота. Содан кейін бір ағза мүшесі жоқ адам бара-бара өзі қиын жағдайға тап болмасына кепілдік жоқ. Басқа елдердің көпшілігінде азаматтар келіспейтіні туралы өтініш жазбаса, олар автоматты түрде келіскен болып саналады. Ал біз туысқандарынан рұқсат сұраймыз.

— Қазақстанда трансплантаттау оталары қай орталықтарда жасалады?

— Қазақстанда трансплантаттау оталарын жасайтын 11 орталық бар. Бұл мекемелер Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбеде орналасқан. Басқа қалаларда тек ағза алу оталары ғана жасалады.

— Әңгімеңізге рахмет.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дәрігерден мәйіттік донор мәселесіне қатысты сұхбат алған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Ақпан 2026 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары