Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Малмен өлшенген экономика: Қазақ хандығында салық қалай жиналды

Малмен өлшенген экономика: Қазақ хандығында салық қалай жиналды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті Эльмира Телеуованың айтуынша, хандықтағы салық жүйесі көшпелі мал шаруашылығы мен жартылай отырықшы егіншілікке тікелей бейімделген.

— Қазақ хандығында алым-салық мемлекетті басқару, хан сарайын және әскерді қамтамасыз ету үшін жиналды. Салық төлеу барлық қарапайым халық үшін міндетті болды, — дейді тарихшы.

Зекет – хан қазынасының негізгі тірегі

Эльмира Телеуованың сөзінше, көшпелі қоғамдағы басты байлық — мал. Сондықтан Қазақ хандығындағы негізгі салық түрі зекет болды. Бұл — мал басынан алынатын алым.

— Зекеттің мөлшері нақты белгіленген: әрбір қырық малдың бірі (1/40) хан қазынасына өткізілген. XV–XVIII ғасырларда зекет жинау құқығы тек ханның өзіне тиесілі болған. Бұл зекетті хан билігінің басты қаржылық тірегіне айналдырды, — дейді ол.

Фото: zhasalash.kz

Фазлаллах ибн Рузбехан Исфахани XVI ғасырда қазақ қоғамының осы ерекшелігін нақты атап өткен:

«Қазақтардың байлығы олардың малында. Сол себепті ханға берілетін алым да мал есебімен жиналады. Әрбір ру өз малынан белгілі үлесті билеушіге тапсырады».

Соғым мен сыбаға: дәстүр ме, міндет пе

Қазақ қоғамында соғым мен сыбаға дәстүрлі ұғым ретінде қабылданғанымен, іс жүзінде олар міндетті сипатқа ие болған.

Соғым — қыс мезгіліне арнап ханға немесе сұлтандарға берілетін мал. Көбіне ірі қара немесе жылқы берілген. Бұл алым міндеткерлік ретінде орындалған.

Ал сыбаға — билеуші әулетке, сұлтандар мен билерге тиесілі үлес. Дәстүрлі сипатта болғанымен, одан бас тарту мүмкін емес еді.

— Сыбаға мен соғым — жазылмаған заңға негізделгенімен, қоғамда міндетті алым ретінде қабылданды, — дейді Эльмира Телеуова.

Үшір — егіншілікпен айналысқан аймақтардың салығы

Қазақ хандығы толық көшпелі емес, жартылай отырықшы аймақтарды да қамтыды. Сырдария бойы, Жетісу және оңтүстік өңірлерде егіншілік дамыды. Бұл өңірлерде үшір салығы жиналды.

— Үшірдің мөлшері — жиналған өнімнің оннан бірі (1/10). Бұл салық мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалды, — дейді тарихшы.

Жазба деректер не дейді

Ортағасырлық жазба деректер Қазақ хандығында тұрақты салық жүйесі болғанын дәлелдейді. XV ғасырдағы «Тарих-и Рашиди» еңбегінде ханға бағынышты халықтың бейбіт кезде де, соғыс уақытында да алым-салық төлеп отырғаны жазылған.

— Дешті Қыпшақта отырған жұрт ханға бағынышты болды. Олар соғыс кезінде де, бейбіт күнде де өз міндеттерін орындап, тиісті алымдарын беріп отырды, — делінеді деректе.

Ал «Михман-наме-и Бұхара» мен «Тарих-и Рашиди» еңбектерінде зекет пен алым-салықтың хан билігінің негізгі тірегі болғаны айтылады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

«Қасқа жол» мен «Жеті жарғы»: заң және салық

Тарихшының айтуына қарағанда, Қасым ханның «Қасқа жолында» салық туралы нақты деректер аз сақталғанымен, бұл заң қоғамдық қатынастар мен әкімшілік билікті реттеген. Салық жинау да осы құқықтық жүйе аясында жүзеге асқан.

Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысында» салыққа қатысты нақты ереже бекітілген. Қару асынған әрбір ер адам жылына байлығының жиырмадан бірін (1/20) мемлекетке төлеуге тиіс болған.

— Бұл салық халықтың жиынына қатысушыларға қойылған міндеттеме болды, онда әкімшілік, қылмыстық істермен қатар салықтар мен діни көзқарастар да қарастырылған. Салық төлеу міндеті «Жеті жарғы» негізіндегі хан кеңесінде бекітілген, бірақ бұл жалпы мемлекеттік қажеттілікке арналған міндеттеме болған, — дейді Эльмира Телеуова.

Қазақ хандығының салық жүйесі көшпелі өмір салтына толық бейімделді. Мал — байлықтың өлшемі, ал салық мемлекеттің тірегі болды. Зекет, соғым, сыбаға, үшір сияқты алымдар хан билігін сақтап, әскер мен басқару жүйесін қамтамасыз етті.

Ортағасырлық деректер мен дала заңдары Қазақ хандығының қарапайым, бірақ тиімді қаржылық жүйесі болғанын көрсетеді

Еске салайық, бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев қазақтардың шаруашылығын «таза көшпелі мал шаруашылығы» деп көрсету — тарихи шындықты бұрмалау екенін айтқан еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары