Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Үкімет экономика салаларына жасанды интеллект элементтері қалай енгізіліп жатқанын талқылайды

Үкімет экономика салаларына жасанды интеллект элементтері қалай енгізіліп жатқанын талқылайды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Онда Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова, Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан, Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова журналистер тарапынан туындаған сауалдарға жауап береді.

Айта кетерлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Үкіметтің басты мақсаты экономиканың барлық саласына серпінді технологияларды енгізу болмақ. Экономика салаларына жасанды интеллект элементтерін енгізу — өндіріс тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және жаңа жұмыс орындарын қалыптастырудың негізгі факторы. ЖИ технологиялары экономикалық өсім мен әлеуметтік прогресті қамтамасыз ететін жаһандық бәсекенің құралына айналып келеді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде жасанды интеллект мемлекеттік басқаруда, квазимемлекеттік секторда және экономиканың негізгі салаларында белсенді түрде қолданылады.

Коллаж: Kazinform

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары талқыланды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы орындалып келеді.

Көру қабілеті бұзылған адамдардың баспа ақпаратына қолжеткізуін жеңілдету жөніндегі Марракеш шарты ратификацияланды. Жеке көмекші қызметін көрсету, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін ұсыну мәселесі заңмен реттелді. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қолжеткізуін қамтамасыз ету нормалары күшейтілді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша электрондық дүкендер мәліметін қолдана отырып, техникалық оңалту құралдарының құнын өтеудің кепілдік берілген сомасын айқындау әдістемесі бекітілді. Жыл аяғына дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты сапасын арттыру және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту жоспарланған.

Ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасында медициналық көмекке қолжетімділіктегі теңсіздікті азайту және сапасын арттыру, интеграцияланған тәсілді және цифрлық құралдарды енгізу жөніндегі шаралар қарастырылған айтты.

- Қабылданып жатқан жүйелі шаралар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді. Балалардың денсаулық жағдайына қатысты скринингтің 6 түрі, оның ішінде үшеуі перзентханаларда (пренаталдық, неонаталдық, аудиологиялық) жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысымен балаларды скринингпен қамту 25%-ға артып 93% болды. Аудиологиялық скрининг нәтижесінде анықталған толық есту қабілеті жоқ барлық 523 балаға құны 6 жарым млн теңгені құрайтын есту импланттары орнатылды. Екі жыл бұрын мұндай операциялардың 80%-ы 3 жаста жасалса, қазір 2 жасқа дейін жасалады. Бұл балалардың ерте сөйлеу қабілетін қалыптастыруға және ерте дамуына үлес қосады, - деді А.Әлназарова.

Фото: Ақорда

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында ерекше балаларды орта біліммен қамтамасыз ету қалай ұйымдастырылып жатқанына тоқталды.

- 2025-2026 оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тіркелген. Оның 70 мыңы жалпы балабақша жасында. Ал 165 мың бала мектеп жасында, - деді ол.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пойыздар мұқтаж арналған вагондармен тек 2030 жылға қарай 100 пайыз жабдықталатынын айтты.

- Теміржол саласында пойыздарда шамамен 90 пайызында арнайы көтергіштер мен купелер бар. 2030 жылға қарай әрбір пойызда бір арнайы вагон болады, - деді ол.

Фото: Kazinform

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мүмкіндігі шектеулі адамдарды баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін түсіндірді.

- Үкімет тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары іске асырылып келеді. Қазірде баспана кезегінде I және II топтағы 63 мыңнан астам адам және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған шамамен 26 мың отбасы тұр, - деді вице-министр.

Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы Олжас Бектенов мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергілерді жоюға бағытталған арнайы бағдарламалар мен шаралар жүзеге асырылып жатқанымен тек мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз екендігін атап өтті. Бұл іске бизнес, үкіметтік емес сектор, бүкіл қоғам белсенді түрде атсалысуға тиіс екеніне назар аудартты.

- Кейбір өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселесінде сұрақтар аз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ басқа да өңірлерде «ерекше» балалардың барлығы бірдей біліммен және инклюзивті жағдайлармен қамтылып отырған жоқ. Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия мұқтаж балаларды түгел кешенді тексеруден өткізіп үлгере алмай жатыр. Ұзын кезек бірнеше айға дейін созылып кетуде, - деді Премьер-министр.

Фото: Үкімет

Осы орайда Олжас Бектенов инклюзивті саясатты іске асыру шараларын күшейту мақсатында министрліктерге мынадай тапсырмалар берді:

- Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін инклюзияны қолдаудың жаңа тәсілдері мен кешенді моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлеуі тиіс;

- Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің, кадрлармен қамтамасыз етуді арттырудың және қолдау қызметтерін күшейтудің сапалы жаңа моделін енгізуі, менталдық ауытқуы бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларды кешенді қолдаудың бірыңғай ведомствоаралық жүйесін қалыптастыруы қажет;

- Өнеркәсіп және Көлік министрліктері осы жылдың 1маусымына дейін елде кедергісіз ортаны қалыптастыруға арналған «әмбебап дизайнды» ведомстволық бұйрықпен бекітуі, көлік саласындағы нысандардың қолжетімділігі мәселесін кешенді түрде шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруы керек;

- Денсаулық сақтау министрлігі өңір әкімдіктерімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, «Қамқорлық» бастамасы аясында аудандық деңгейде оңалту орталықтарын ашу мәселесін шешуі қажет;

- Спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық өңірде инклюзивті спорт орталықтарын ашуды жеделдетуі, Еңбек, Өнеркәсіп министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы спорт нысандарын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімдеу мәселелерін шешуі керек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары