Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Кейінгі жылдары ЖИ-дің математика саласындағы жетістіктері туралы көп айтылып жүр. ЖИ математикаға қалай ықпал етеді? Сын да көп, таңдай қағып тамсанушылар да аз емес. ЖИ гипотезаны тексеріп, ауқымды деректерді өңдегенімен, креативті ойлай ала ма? Қалай дегенде де, ЖИ-дің математикадағы әлеуетін жоққа шығара алмаймыз. Міне, осындай түйткілді  мәселелер Стэнфорд университетінде өткен «Future of Mathematics Symposium – 2026» халықаралық симпозиумында кеңінен талқыланды.

Жасанды интеллект несімен қауіпті?

Математиканың болашағы, оны оқытудағы қазіргі заманауи тәсілдер мен ЖИ-дің ықпалы, болашақ даму бағыттары симпозиумның өзегіне айналды. Әлемнің жетекші университеттері мен технологиялық зерттеу орталықтарының ғалымдары, зерттеушілер тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми шараға Дэвистегі Калифорния университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» бағдарламасымен ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген қазақстандық ғалымдар да қатысты.

Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?

Ғалымдар математика ғылымының жаңа кезеңге өтіп, ЖИ технологияларының ғылыми зерттеу әдістеріне тереңдей еніп жатқанын атады. Алғашқы баяндамалардың бірін Open AI зерттеушісі Sébastien Bubeck жасап, ықтималдық теориясы, комбинаторика және оптимизация салаларындағы жаңа бағыттар мен GPT үлгілерінің эволюциясына тоқталды. UCLA профессоры, Fields медалисі Terence Tao ЖИ құралдарының математикалық дәлелдеулер мен зерттеу әдістерін түбегейлі өзгерту мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Google DeepMind компаниясының зерттеу директоры, ЖИ саласындағы әлемге танымал жетекші сарапшылардың бірі профессор Thang Luong нейро-символикалық жасанды интеллект бағытындағы жетістіктерді баяндады. Ол ЖИ-дің күрделі логикалық пайымдауларға жақындап келе жатқанын өзі жүргізген зерттеулермен көрсетті.

Панельдік талқылауда Stanford университеті мен DeepMind зерттеушілері ЖИ-дің математикалық ғылымға әсерін жан-жақты қарастырды. Симпозиум қатысушылары ЖИ-дің тек есептеу құралы ғана емес, сонымен қатар ғылыми ойлау процесін қолдайтын жаңа интеллектуалды серіктеске айналып келе жатқанына баса назар аударды. Ғалымдардың ойын математика мен ЖИ интеграциясы алдағы жылдары ғылыми зерттеулердің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады деген пікір түйіндеді. Аталмыш шара ғылыми идеяларды жаңарту, зерттеу сапасын арттыру және болашақта жасанды интеллект негізіндегі математикалық модельдеу әдістерін дамытуға ықпал етері даусыз.

Әлемде жасанды интеллектіні қолдану қарқыны артып келеді: Қазақстан қай орында?

Қазақстанда да математика ғылымы қарқынды дамып келеді. Әсіресе қолданбалы математикадағы есептеулер, жасанды интеллект алгоритмдері және деректерді өңдеу бағыты қарқынды дами түсті. Дегенмен осындай жаңа технологияларға шамадан тыс тәуелділік математика саласында білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен дағдыларын, мүмкіндіктерін төмендетуі мүмкін деген алаңдаушылық жоқ емес.

Симпозиум Қазақстанның зерттеушілеріне әлемдік деңгейдегі заманауи үрдістермен, әсіресе жасанды интеллект пен математиканың тоғысқан бағыттарымен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай ғылыми шаралар тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар зерттеу бағыттарын жаңғыртуға, халықаралық ынтымақтастық орнатуға және Қазақстандағы математикалық ғылымды қолданбалы әрі бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруге ықпал етері даусыз. Осы орайда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы еліміздегі математика ғылымының жаһандық ғылыми ортаға интеграциялануына жол ашады.

Назгүл ШЫҢҒЫСОВА,

Жадыра МҰХАМЕТЖАНОВА,

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының 

тағылымдамашылары

Калифорния штаты,

АҚШ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see115

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары