Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Электробустар ел игілігіне

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Астанадағы еңбек нарығы: неге жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің талабы екі бөлек?

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

Құрылтай депутаттығына Әділет партиясы кандидаттарының партиялық тізімі жарияланды

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айт тарихы мен тілі, діні мен дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты одан әрі нығайта түсетінін атап өткен.

"Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы беки түсетініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған.

"Бұл қастерлі мейрам тарихтан тамыр тартатын достығымызды, бауырластығымызды, халықтарымыз арасындағы өзара құрметті арттыра беретініне сенімім мол", – деп жазылған құттықтауда.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон аталған мерекенің елдер арасында достықты, тиімді ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталған.

"Қастерлі мейрам ғасырлар бойы халықтарымызды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, өзгеге көмек қолын созуға үндеп келеді", – деп жазылған Тәжікстан Президентінің құттықтауында.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов сенім мен жанашырлық салтанат құратын қастерлі мереке күллі мұсылман үмбетін біріктіретінін жазған.

"Ортақ рухани құндылықтарға деген ұмтылыс халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете беретініне күмәнім жоқ", – делінген жеделхатта.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев бұл мереке дүние жүзіндегі барлық мұсылмандардың рухани бірлігі мен ынтымақтастығының нышаны саналатынын атап өткен.

"Ортақ ұлттық мәдени-рухани құндылықтар біріктіретін Әзербайжан және Қазақстан арасындағы қазіргі жоғары деңгейдегі одақтастық қатынастар – саяси ерік-жігеріміз бен бірлескен іс-әрекеттеріміздің нақты нәтижесі", – деп жазды.

Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Ауғанстан Премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахунд, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және тағы басқалар жолдады.

Ақорда мәліметінше, құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Айта кетейік, 27 мамырда Құрбан айт мерекесінің бірінші күні атап өтіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Мамыр 2026 18:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see114

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see111

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

11 Шілде 2026 10:51see109

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

10 Шілде 2026 16:51see109

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see109

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see109

Электробустар ел игілігіне

11 Шілде 2026 00:46see109

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

11 Шілде 2026 08:59see108

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

10 Шілде 2026 16:12see108

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see108

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

11 Шілде 2026 08:42see108

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

10 Шілде 2026 19:23see107

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see107

Астанадағы еңбек нарығы: неге жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің талабы екі бөлек?

10 Шілде 2026 12:50see106

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

11 Шілде 2026 15:38see106

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

11 Шілде 2026 12:26see106

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

11 Шілде 2026 18:07see105

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

10 Шілде 2026 00:08see105

Құрылтай депутаттығына Әділет партиясы кандидаттарының партиялық тізімі жарияланды

11 Шілде 2026 04:20see104

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

11 Шілде 2026 12:27see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары