Мароккодағы кинофестивальде Қазақстан құрметті қонақ ретінде қатысты
24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мароккода өткен халықаралық кинофестивальде Қазақстан құрметті қонақ ретінде қатысты. Кинофестивальде 25-тен астам мемлекеттен келген туындылар таныстырылды. Шара аясында Қазақстан Республикасының күні аталып өтті.
Көрермен назарына «Тюльпан», «Сасық», «Томирис» және «Паралимпиец» атты отандық туындылар ұсынылды. Қазақ делегациясын белгілі актриса Самал Еслямова бастап барды. Сондай-ақ «Шымкент концерт» ұжымы өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Бірлескен ұлттық киімдер топтамасы да көрсетілді. Қазақстанның Мароккодагы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы өз сөзінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастың нәтижелері мен іске асып жатқан маңызды бастамалар туралы айтып берді.
Фатима Эззахра, көрермен:
- Мен бұл шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақ әртістерінің өнері мен ұлттық мәдениетінің көрінісі керемет әсер қалдырды. Осындай мәдени іс-шаралар Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсетініне сенемін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 16:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















