Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қазақстан азаматы Сеулдың құрметті тұрғыны атағын алды

Қазақстан азаматы Сеулдың құрметті тұрғыны атағын алды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан азаматы «Сеулдың құрметті тұрғыны» атағына ие болды. 

Тиісті куәлікті профессор Дулат Бақышевқа қаланың вице-мэрі табыс етті. Биыл мұндай атаққа 16 елдің азаматтары лайық деп танылды.

16 мемлекеттің азаматтары Сеул мэриясына шақырылды. Әртүрлі салада еңбек ететін бұл адамдарды біріктіретін бір нәрсе бар - олар Оңтүстік Корея астанасының дамуына қосқан үлестері үшін «Сеулдың құрметті тұрғыны» атанды. Бұл атаққа үміткерлерді шетел елшіліктері, қоғамдық және әлеуметтік ұйымдардың жетекшілері ұсына алады. Сондай-ақ мэрияға кемінде 30 адамның қолы қойылған ұсыным хат түссе де жеткілікті. Құрметті тұрғын сеулдік мұражайлар мен көрмелерге тегін кіре алады және қалалық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады.

Ким Ин Дже, Сеул қалалық мәслихатының вице-спикері:

- Араларыңызда коронавирус кезінде Сеулдің әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына тегін тамақ беру арқылы қолдау көрсеткендер бар. Сондай-ақ ауыр дертке шалдыққан науқастарға арналған тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды жақсартуға атсалысқандар, түрлі өндіріс орындарындағы жұмысшылардың мәселелерін шешкендер де бар.

Ким Су Док, Сеул  мэриясының өкілі:

- Сеулдің құрметті тұрғындары қаланы басқарудың түрлі бағыттарында қатысушы әрі тәлімгер ретінде қызмет ете алады. Олар әртүрлі қалалық шараларға құрметті қонақ ретінде шақырылады. Сонымен қатар Сеулді ілгерілетуге бағытталған жарнамалық кампанияларға қатысу мүмкіндігі бар.

Дулат Бақышев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны және сеулдіктерді қазақ мәдениетімен таныстырып жүргені үшін Сеулдің құрметті тұрғыны атанды. Тоқсаныншы жылдары ол Оңтүстік Кореяға оқуға келген алғашқы қазақстандықтардың бірі болды, екі рет еліміздің Сеулдегі елшісі қызметін атқарды. Қазір профессор Бақышев Хангук шет тілдер университетінде дипломатия, қауіпсіздік, экономика пәндерінен бөлек қазақ тілі мен Орталық Азия әдебиетін оқытады.

Дулат Бақышев, Хангук шет тілдер университетінің профессоры:

- Сеулде мен өмірімнің үштен бірін өткіздім, бірақ өкінбеймін. Қайта мен Сеулден үйренген нәрселерім көп, Кореядан үйренген нәрселерім көп. Енді оны әрине мен Қазақстанға барған сайын Қазақстанда да мен түрлі жоғары оқу орындарында дәріс оқимын. Біз үшін Кореямен бірге болуымыз керек, АҚШ-пен бірге болуымыз керек. Сондай алдыңғы қатарлы елдермен ынтымақтассақ, біздің де күніміз жаман болмайды деген ойдамын. 

Дулат Бақышев бұл марапатқа тек дипломатиялық және оқытушылық еңбегі үшін ғана емес, сонымен бірге бос уақытында қазақ мәдениеті үйірмесін жүргізетіні үшін де лайық деп танылды. Оның үйірмесіне қатысушылардың кейбірі қазірдің өзінде қазақша сөйлей алады және домбырада ойнайды.

1958 жылдан бері Сеулдің құрметті тұрғыны атағын 968 адам иеленді. Соңғы екі жылда бұл тізімге қазақстандықтар да енді. 2024 жылы көліктегі өртті жедел сөндіргені үшін Кореядағы елшілігіміздің қызметкері Руслан Қайрамбаев осы атаққа ие болған. 

Владислав Цой, Ольга Лян

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары