Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасын мақұлдады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құжат мемлекеттік қызмет моделін жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген.

Жаңа редакциядағы заңның негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру.

«Заң жобасы мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделін енгізуді көздейді. Заңнамалық деңгейде азаматтармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау талаптары бекітіледі. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер өтініш берушілерге белгіленген мерзімде толық әрі жан-жақты жауап беруге міндетті болады. Сонымен қатар өтініштерді формалды негіздер бойынша қараудан бас тартуға жол берілмейді», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.

Сондай-ақ азаматтарға құжаттардағы қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді түзету мүмкіндігі беріледі.

Жас әрі талантты мамандарды тарту мақсатында заң жобасында мемлекеттік қызметке түсуге даярлау институтын енгізу қарастырылған.

Жоғары оқу орындарының студенттері бакалавриат бағдарламасы бойынша оқумен қатар ерте кәсіби бағдардан өте алады. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік қызметке іріктеуді толық цифрлық форматқа көшіру.

Кандидаттарды іріктеу «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және білікті мамандарды ұстап қалу мақсатында заң жобасында көлденең мансаптық өсу механизмі көзделген.

Бір лауазым шеңберінде бірнеше лауазымдық деңгей белгіленеді. Қызмет деңгейін көтеру мемлекеттік қызметшінің қызмет тиімділігін бағалау нәтижелеріне байланысты болады.

Құжат мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуді де қарастырады.

Атап айтқанда, артық жұмыс уақыты, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы төлеу, мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс беру, сондай-ақ некеге тұру, баланың дүниеге келуі немесе жақын туысының қайтыс болуы сияқты өмірлік жағдайларға байланысты қысқа мерзімді демалыс қарастырылған.

Сонымен қатар заңсыз жұмыстан босатылған немесе қызметі төмендетілген жағдайда мемлекеттік қызметке қайта қалпына келтірілген қызметкерлерге өтемақы төлеу нормасы енгізіледі.

Заң жобасы тәртіптік жауапкершілік мәселесінде икемді тәсілдерді енгізуді көздейді. Тәртіптік істерді қарау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қатар ескерілетін болады.

Мамандардың пікірінше, ұсынылып отырған нормаларды іске асыру мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:258
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 14:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары