Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Заңсыздықтың алдын алу: Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады

Заңсыздықтың алдын алу: Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Министрдің айтуынша, заң жобасы Президент тапсырмасы бойынша әзірленді. Онда құқықбұзушылыққа ықпал ететін себептерді жоюға назар аударылады.

– Бір бағытта бес заң біріктіріледі. Ол профилактика туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандар, азаматтардың тәртіпті сақтауға қатысуы және әкімшілік қадағалау туралы заңдар. Профилактика барлық деңгейде қамтамасыз етілуі керек. Бұл тәсілдер заң жобасында көзделген. Біріншіден, ортақ жауапкершілік енгізіледі. Әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін, мемлекеттік органдар құзіреті бойынша профилактика үшін, мәслихаттар олардың есебін тыңдау бойынша және ақсақалдар, жұртшылық кеңестері секілді жергілікті қоғамдастықтардың рөлі күшейтіледі, – деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Екіншіден, профилактика жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәртебесі жоғарылайды. Енді комиссияның құрамы мен құзыретін Президент бекітеді. Баға ұлттық баяндамада беріледі.

– Үшіншіден, профилактика жасалатын субъектілер тізбесі 13-тен 26-ға дейін кеңейтіледі. Олардың идеологиялық түсіндіру және тәрбие жұмысы, әлеуметтік бейімдеу және оңалту, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша құзыреттері нақтыланады. Сондай-ақ азаматтардың, кәсіпкерлердің профилактикаға қатысу тәсілдері бекітіледі. Енді барлық құқық қорғау органдары қоғамдық көмекшілер тарта алады, – дейді Е.Сәденов.

Сонымен бірге, жеке профилактика шаралары күшейтіледі. Профилактикалық бақылауға жататын есепке алынған адамдардың тізбесі 6-дан 16-ға дейін кеңейтіледі. Әкімшілік қадағалауды қолдану саласы ұлғайтылады.

– Жаңа тетіктер де енгізіледі: ресми ескерту, өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды есепке алып, олардың әлеуметтік бейімдеу және оңалту, жоғары назарды талап ететін жасөспірімдерді педагогикалық сүйемелдеу, жақындауға тыйым салу, ілеспе заң жобалары шеңберінде әкімшілік жауапкершілік, құқыққа қарсы контентті жариялау және тарту үшін енгізіледі, – деді ведомство басшысы.

Заңнама нормаларына Әлеуметтік кодекс және үш заң сәйкес келтіріледі.

Заң жобасы қоғам қайраткерлерінің, құқық қорғаушылардың, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен әзірленген. Көпшілік тыңдаулар өтті, сараптамалар жүргізілді, Президент Әкімшілігімен келісілді, Парламенттің қоғамдық палатасының отырысында қаралды.

Негізгі заңға ілеспе ретінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқықбұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне құқықбұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды.

Айта кетейік, жаңа заң жобасы қолданыстағы бес заңның нормаларын біріктіреді және бірыңғай профилактика жүйесін құруға бағытталған. Сондай-ақ оған профилактиканың арнайы және қылмыстың салдарын зерттеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы депутат Магеррам Магеррамов Kazinform тілшісіне арнайы сұхбат берген еді.

Бұған дейін Мәжіліс радиоактивті қалдықтармен жұмыстың тәртібін нақтылайтын заң жобасын назарға алды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 11:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары