Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мәжіліс Самұрық Қазынаның Қазақстан халқына қорына аударымдарын талқылады

Мәжіліс Самұрық Қазынаның Қазақстан халқына қорына аударымдарын талқылады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мәжілісте Президент тапсырмасына қарамастан, "Самұрық-Қазына" қоры неге "Қазақстан халқына" қорына қаражатты толық көлемде аудармай отырғаны талқыланды. Сондай-ақ 2025 жылы қанша қаражат бөлінгені және оның қандай әлеуметтік жобаларға жұмсалғаны айтылды, - деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Төменгі палата депутаты Ерлан Саиров бұл мәселені пленарлық отырыста көтерді. Ол Президент тапсырмасы бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық басқарушы холдингі таза пайдасының жеті пайызын "Қазақстан халқына" қорына аударуы тиіс екенін еске салды.

Алайда, оның айтуынша, кейінгі жылдардағы нақты аударымдар белгіленген нормадан төмен болған:

2023 жылы - 3,8 пайыз, 2024 жылы - 5,2 пайыз.

Саиров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен биыл "Самұрық-Қазына" аударымдарды белгіленген деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр ма, сондай-ақ екі жыл бойы неге толық сома аударылмағанын сұрады.

Үкіметтің ұстанымы

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеті пайыздық талап заңнамада нақты бекітілгенін айтып жауап берді. Дегенмен ол нақты аударымдар тек заң нормасына байланысты емес екенін түсіндірді. Қаражатты аудару үшін үкіметтің жеке қаулысы, сондай-ақ екі қор арасындағы келісімшарт қажет.

"Осыдан кейін "Қазақстан халқына" қоры "Самұрық-Қазына" қорына жазбаша сұраныс жіберіп, онда қаржыландыру қажеттілігін негіздеуі тиіс", - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Ол осы жылдар ішінде қаражаттың аударылмау себебін тиісті сұраныстардың түспеуімен байланыстырды.

2025 жылы қанша ақша бөлінді және неге жұмсалды?

Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, 2025 жылы "Самұрық-Қазына" қоры қаулы қабылдап, 62,2 миллиард теңге бағыттаған. Бұл соманың ішінде:

43 миллиард теңге онкологиялық ауруларды емдеуге көмек ретінде бөлінді; 19,2 миллиард теңге - сирек кездесетін ауруларды емдеуге; 12,5 миллиард теңге - ауылдық мектептердің құрылысына, сондай-ақ басқа да әлеуметтік жобаларға жұмсалды.

Жұманғарин билік өкілдері жыл сайын аударымдарды 7 пайызға жеткізуді жоспарлап отырғанын және қаржыландыру көлемі тікелей "Қазақстан халқына" қоры тарапынан түсетін сұраныстарға байланысты екенін атап өтті.

Бұған дейін Президентке "Қазақстан халқына" қорының қызмет қорытындылары мен іске асырылып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы ақпарат ұсынылғаны хабарланған болатын.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Неге Қазақстандағы медицинада мейірім аз және оны қалай өзгертуге болады: дәрігер пікірі

“Шетелге және емшілерге барады“: Пациенттер мен дәрігерлер Қазақстандағы онкология туралы ашық әңгімелеп берді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қазақстан халқына қоры

Самұрық-Қазына

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 14:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары