Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Құнды қазынаның жоқшысы

Құнды қазынаның жоқшысы

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Автор

Ғалымбек Жәпек 90 жылдардан бері қолжазба жинап бастаған. Сол жылдар аралығында Меркі медресесінде, кейіннен Алматыдағы Ислам институтында білім алып, төте жазуды меңгереді. Ал 1992 жылдан бастап Ташкентте білімін жалғастырып, көне өзбек тілін үйренеді. Сол арқылы ертеректе түркі тілдерінде жазылған мұраларды зерттеуге мүмкіндік алады. Оқуын тәмамдап, елге оралған тұста да Ғалымбек ұстаз ел-жұртпен кездесуінде уағыз-әңгімелерін тыңдаған тұрғындар ескі кітаптарын әкеліп тастайтын болған. Осылайша оның қолжазбалар жинақталған жеке кітапханасы қалыптасқан. Олардың тілі, хронологиясы мен мазмұны да әртүрлі. Солардың қатарында арнайы корпусымен сақталған ерте заманғы қолжазба орамы да бар.

«1999-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласында бас имам болып қызмет атқардым. Сонда уағыздарда, әңгімелерде жиылған халық «Осындай ескі жазбалар, тарихи кітаптар бар еді, соларды оқи аласыз ба?» деп сұрақ-сауал жолдап, қолында бар кітаптарды алып келіп жататын. Бұл қолжазбаны да дәл солай 2000 жылы бір қария қолымызға тапсырды. Жәдігердің арнайы корпусы бар жазба екендігіне қарап, хат мазмұнындағы дүние екендігін аңғаруға болады. Хат орамындағы жазулардың ескіріп, көнергенінен қолжазба тарихы ұзақ уақытты қамтитынын білуге болады», дейді Ғалымбек Жәпек.

Жалпы, аудармашы бүгінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы секілді зерттеу орталықтарымен бірлескен жұмысты қолға алған. Мәселен аталған орталық бұған дейін маманның екі бірдей қолжазбасын көшіріп басып, таяу арада 47 қолжазбаны алдырып, бүгінде солардың өңдеу жұмыстарымен айналысуда. Ал жарыққа шыққан «Мәуліт ан-Наби» мен «Сопы Аллаяр» кітаптарында дін мен пайғамбарлар өмірін баяндап, адамгершілік пен иманға тәрбиелейді.

Әдебиет және әдебиеттанушы мерейі

Аудармашының бүгінде қолға алған жәдігерлерінің арасында «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш» лиро-эпостық жырлары мен Біржан-Сара айтысы, батырлық дастандардың нұсқалары, ақын-жыраулардың туындылары бар. Олардың басым көпшілігі өткен ғасырдың басында жазылып алынған дүниелер. Маманның сөзінше, ғасырға жуық тарихы бар бұл қолжазбаларда тілдік қолданыс ерекшелігі мен эпизодтар өзгешелігі болғанымен, оқиғалар шешімі композициялық тұрғыдан бір арнаға тоғысады Мәселен, мұндағы «Біржан-Сара» айтысының бір нұсқасында: «...Айтысы екеуінің тамаша екен, Кіргені ол арғынның алаша екен. Үш жүзді Салдықпенен аралаған, Қожағұл деген байдың баласы екен. Бұл салдың өз өлеңі, аты Біржан, Сандалтып орта жүзді әнмен қырған», делінеді.

Сондай-ақ қолжазбалар арасында айтыстың ең алғаш 1898 жылы жазылған нұсқасы да бар. Бүгінде кеңінен танылған айтыстың осы нұсқасы: «Қызы екен Тастанбектің ақын Сара, Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен, Келеді бір сүрінбей жалғыз қара», деп Сараны портреттік тұрғыдан таныстыру арқылы басталады. Еске сала кетсек, қыз бен жігіт айтысының озық үлгісі саналған «Біржан-Сара айтысы» 1871 жылы Алматы облысы Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында өткен.

Айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялаған. Кейін Зайсаннан екінші нұсқасы табылып, «Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны» деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Сонымен бірге Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 жылы жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді.

Бұдан бөлек, қолжазбалар арасында 1935 жылы 25 мамырда ескі араб жазуымен жазылып, жарық көрген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу-Қодар» жыры мен «Қыз Жібек» дастандары , Қытай қазақтары төте жазумен басып шығарған Ер Едіге, Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай, Бөлек батырлар ғұмырнамасы, Тұрмаханбет пен Үкілі Ыбырай жырлары жазылған кітаптар да бар. Сондай-ақ қолжазба арасында «Балымшаның 1932 жылы 15 жылға сотталып, өзінің өмір тарихын баян етіп, Қазақ ССР жоғары кеңесіне жазған хаты» атауымен жарияланған: «Кел қиялым, кеңесейік екеуміз, Жатқанымыз жараспайды бекер бос. Күндіз-түні қамаулы үйде жатқан соң, Қайғы түсіп, қапа болып кетерміз...», деп келетін өлең шумақтары кездеседі. Өлең құрылымына назар аударсақ, бұл өткен ғасырдың орта шенінде жарық көрген Мұзарап Жүсіптің «Балымша» әнінен мүлде бөлек тағдыр мен өмір жолы суреттелген жыр екендігін аңғаруымызға болады.

Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?

Ескі кітаптар мен жазбалардың басым көпшілігі бүгінгі күнге бұзылмай қалай жетті дерсіз? Әсіресе, атеистік қоғамда араб қарпіндегі барлық оқулық атаулы өртелгенін ескерсек, бұл таңғажайып құбылыс екені анық. Ол үшін ата-бабаларымыз ескі кітаптардың тысы мен мұқабасын сол заманғы орыс тілі оқулықтары мен өзге де классикалық туындылардың сыртымен қаптаған. Қарапайым оқырманға бәрі де араб қарпінде жазылған кітап жазбалары көрінгенімен олардың да өзіндік ерекшеліктері жер мен көктей.

«Жалпы, мұндағы жазбалар түрлі кезеңді, түрлі тілдерді қамтиды. Бірінде көне түркі тілі болса, бірінде араб, шағатай, парсы тілдері кездеседі. Оның ішінде орта ғасырда көп таралған шағатай тіліндегі кітаптарының өзі араб қарпіне ауысқанын білеміз. Бұдан бөлек, бергі уақыттағы Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі мен оған дейінгі татар баспаларынан жарық көрген кітаптар және сол кезеңдегі ескі өзбек жазуы да бір-бірімен қабыса бермейді. Олардың ішінде ең қиынға соғатыны парсы тіліндегі жазбалар», деген Ғалымбек Жәпек қазір аударма ісіне жас шәкірттерін де баулып жүргенін жеткізді.

«Кітап арқылы әлемге саяхаттауға болады» деп жатамыз. Өйткені, кез келген шығарманы оқу арқылы оқырман сол дәуірге, сол мекенге сапар шегеді. Ал Ғалымбек Жәпек өзінің аядай ғана жұмыс бөлмесіне тарихтан тәбәрік алып, жер шарының бір бөлігін жиып алғандай. Мұрасының күні ертең жас ұрпаққа азық болатынына сенген аудармашы маманға телегей табыс тіледік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары