Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Көркемсурет білімінің жоқшысы

Көркемсурет білімінің жоқшысы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Біз бұл ғалымды Астана мен Мәскеудің алқалы жиындарынан жиі көреміз. Ол – тарихы терең Мәскеу мемлекеттік облыстық педагогика университеті көркемсурет және графика факультеті басшысының бірі әрі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры. Астанада жиі аялдайтын жері – Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Ұлттық музей, т.б. мәдени мекемелердің көркемсурет галереясы. Мұнда шәкірттерінің сурет көрмесіне келіп, еліміздің жаңа өнеріне баға береді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2005 жылдан 2010 жылға дейін жемісті қызмет атқарды. Қазір отандық бейнелеу өнеріндегі есім-сойы елге белгілі Жалын Бауырхан, Талғат Амандық, Саят Саманбек, Айсұлу Алмасбай сынды суретшілерді даярлады.

Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінен қорғаған төрт-ақ ғылым докторы болса, соның бірі – кейіпкеріміз профессор Сейітқали Аманжолов. Төгілген маңдай тердің өтеуі болады. Майдангер әкесі Әбдіқадыр Аманжолұлы мен батыр анасы Тұрсын Жүнісбекқызының ақылын тыңдап, отбасының әлеу­меттік жағдайын ойлап, Жез­қазған педагогика инсти­тутының жаңадан ашылған көркемсурет және графика факультетіне оқуға түсті. «Металлург Оразалы Мейрамов» атты дипломдық жұмысы Мәскеуде өткен халық­аралық көрменің І дәрежелі сыйлығын жеңіп алды. Жас суретші бітірген оқу орнында қалдырылып, 1980–1984 жылдары жан қалауы – ұстаздық білігін шыңдады. Сөйтіп, өңір мен республикадан жиылған талант­ты жас суретшілерді үлкен өнерге жігер­лендірді. Өзі де білім арттыруды ойлап, бір жыл Ленинградтың И.Репин атын­дағы Көркемөнер және архитектура инс­титутындағы халық суретшісі Б.Угаровтың шеберханасында сурет және кескіндеме мамандығынан кәсіби білімін жетілдірді.

Майданда от кешкен әкесі Әбдіқадыр ақса­қал: «Балам, шетте жүрсің. Өмір – бәйге. Ең­бек­­тенсең, адал жүрсең, бәріне жетесің. Елің­­­ді, жеріңді ұятқа қалдырма!» деп ақыл ай­­­­та­­­тын. Анасының да ақ-адал ниеті шексіз еді.

Секең тәуелсіздіктің елең-алаңында «Бейнелеу өнерін оқытудың теориясы, әдістемесі және тәрбиесі» мамандығының аспирантурасын тәмамдады. 1992 жылы Мәскеуде педагогика ғылымынан кандидат­тық диссертациясын сәтті қорғады. Айды аспанға шығарып, енді оқытушылық еңбегін Мәскеу мемлекеттік педагогика универ­ситеті көркемөнер мектебінде жалғастырды. Туған жеріне оралып, 1993–2001 жылдары Жезқазған педагогика институтын (қазіргі О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті) дамытуға атсалысты. Кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарды. «Білім беру ісінің үздігі» атанды. Жұмажан Қалтаев, Ерден Қасымов, Мұқаш Стамқұлов, Қуаныш Әбжаппаров, Алтынай Тәшімова, Серік Кәрібозов, Асан Байділдинов, Жетпіс Смағұлов, т.б. бүгінде республикаға танымал суретшілер мен мұғалімдерді баптап ұшырды.

Туған жердің әр тасы ыстық. Сейітқали Әбдіқадырұлы білім-ғылымнан қолы қалт еткенде Ұлытау тақырыбын шығар­ма­шы­лығының өзегіне айналдырды. Таби­ғат та, оның аясындағы еңбек адамда­ры да, қариялар да, балалар да бейне­ленді. Дегенмен соның бәрі шағын шеберха­насын­­да жинала берді. Ол кезде көрме қазіргідей көп емес-ті. Рас, оқу орны мен өңір суретшілерінің көрмелеріне қойыл­ғаны да болды. Алайда Секең ендігі жасында қылқалам жолын жастарға беру маңызды деп шешті. Себебі өнер ғылымы мен педагогикасында талай тақырып қозғаусыз жатты. Бұл ретте жеңімпаздарды жарқырата көрсеткен Мәскеу Сейітқали Әбдіқадырұлына етене болып кеткен еді.

2001 жылы осы қалада Ресей Білім ака­­демиясының академигі, Көркемсурет академиясының құрметті академигі, педагогика ғылымдарының докторы С.П.Ломовтың кеңесшілігімен даяр­лана бастаған докторлық диссертациясы 2004 жылы мәресіне жетті. Қорғауды қорытындылаған Станислав Петрович: «Тәуелсіз Қазақстанның су жаңа ғылым докторы «Көркемсурет әлемді үйлесімді етеді, ұрпақ тәрбиесін жүйелейді, ұлтты жігерлендіреді, тарих мен бүгіннің шындығын жалғайды» деген тұжырым жасады. Мұны туған елі мен әлем суретшілерінің туындылары арқылы дәлелдеді», деді.

Еуразия ұлттық универси­тетінде Секең кафедра меңгеру­шісі, профессор қызметін атқа­рып, бірталай заманауи жобаны жүзеге асырды. Өзі бас болып ұйымдастырған «Жеңіс жолы ұмытылмайды», «Ардагерлер абыройы», «Ауған алауы», «Еңсе­лі Еуразия», «Елорда – жасампаздар шаһары», т.б. студенттердің көркемсурет көрмелері жұрт­шылықтың ықыласына бөленді. Табысты жұмысын ескерген салалық министрлік 2007 жылы ғалымды «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантымен марапаттады.

Ғалым Сейітқали Әбдіқа­дырұлы ТМД көлемінде әріп­тестерін шақырып, «Еуразия білім кеңістігіндегі көркем білім мен эстетикалық тәрбие» атты халықаралық ғылыми-әдіс­те­мелік конференцияны ұзақ жыл тұрақты өткізіп келді. Сон­дай-ақ әріптестерімен бірлесіп, «Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Студенттердің жеке даралық қабілетін қалып­тастырудың әдістемелік жолдары» атты оқу құралдарын жариялады. Осы жобасын Мәскеуде де жалғастырып, академик С.П.Ломовпен бірге «Өмір-дастан», «Ана мерейі», «Мечта, воплощенная в жизнь», «Изобразительная деятельность младших школьников», «Ар­­мандастар-құрдастар» (соң­ғы­сының телавторы – Г.Б.Аман­жолова) атты әдістемелік жинақ­тар, арнаулы кітаптар әзірледі.

Сейітқали Әбдіқадырұлы – жаңашыл педагог-ғалым. Ол 2010 жылы еліміздегі халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бай­қауына қатысып, стипендиат атанды. Мәскеу мемлекеттік педагогика универ­ситетінде «Бейнелеу өнерін оқыту тео­рия­сы мен әдістемесі» бағыты­нан бір жылдық ғылыми тағылым­дамадан өтті. 2011 жылы екін­ші мәрте «ЖОО-ның үздік оқыту­шысы» мемлекеттік грантын жеңіп алды.

Ғалым Сейітқали Аманжолов – қазір Мәскеу мемлекеттік облыстық универ­ситетінің шақырылған профессоры. Бұл – Қазақстан ғалымы деңгейін айқындайтын көрсеткіш. Ол 2020 жылы осы оқу орнының «Құрметті докторы» атағын да, көрші елдің «М.Ломоносов» медалін де алды.

Отбасына келсек, Секеңнің зайыбы Гүлназия Бодыққызы – кітапхана саласының ардагері, 60-қа тарта еңбектің авторы. Ұзақ жыл Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының бөлім мең­герушісі қызметін атқарды. Академик Мұхаметжан Қаратаев мұрасын зерттеуші. Бұл кісі де – халықаралық «Болашақ» бағ­дарламасының стипендиаты. Тұңғышы Жақсыгүл Сейіт­қалиқызы – Мәскеу мем­лекет­тік педагогика университетінің аспирантурасын тәмамдаған ғылым кандидаты. Қазір «Esil» уни­верситетінің доценті. Балала­ры Сәбит Сейітқалиұлы – «Amanat» партиясы орталық аппара­тының қызметкері, Ғабит Сейітқалиұлы – Астана қаласы ішкі істер департаменті бастығы­ның орынбасары, полиция полковнигі. Немерелерінің алды – студент, кейінгілері – мектеп оқушылары.

Адамда, маманда арман тау­сылған ба? Сейітқали Әбді­қа­дыр­ұлы: «Қазақстан универ­ситет­теріндегі бейнелеу өнері бағы­тына жаңаша көзқарас керек. Орта білім жүйесінде сурет пәні жойылуға таяу. Ұлы дала­ның таңбалы тастарында жазу, бейне неге өшпей тұр? Сурет – ой-сана­ның биік жүйесі. Сон­дық­тан көркем сөйлейтін, көр­кем ой­лай­тын қазақ халқын, оның бүгін­гі ұрпағын суреттен айы­ру­ға болмайды. Осы мәселені таяу­да тағайындалған Оқу-ағарту ми­нистрі Жұлдыз Сүлейменова қолға алады деп үміттенеміз», дейді.

Мерейлі жасқа көтерілген педагог-ғалымның, көркемөнер жанкүйерінің арман-аңсары жүзеге ассын деп тілейміз.

Сабыр Шәріп,

PhD

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары