Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Астанадағы LRT ге жұмсалған қаражат неше жылда ақталуы мүмкін

Астанадағы LRT ге жұмсалған қаражат неше жылда ақталуы мүмкін

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елорда тұрғындарына қоғамдық көлік қызметін көрсететін монополист — City Transportation Systems (бұдан әрі — CTS) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Әкімдікке жолдаған редакция сауалына осы компания жауап берді.

Сол жауаптағы мәліметтерді негізге алып, LRT құрылысы мен вагон сатып алуға кеткен шығын неше жылда ақталатынын есептеп көрейік.

CTS мәліметінше, LRT паркінде 19 жылжымалы құрам бар. Бір құрамға 4 вагон тіркелген және бір мезетте 650 жолаушы тасымалдай алады. Осы 19 құрамның 15-і күнделікті желіге шығып, халыққа қызмет көрсетсе, қалған төртеуі резервте тұрады.

15 құрам араға 5-10 минут салып қатынайды деп жоспарланған. Стансалар арасына орта есеппен 1,5-3 минут жүреді.

Фото: CTS

Компания мамандары LRT тәуліктің неше сағатында жолаушы тасымалдайтыны әлі нақтыланып жатқанын айтты. Дегенмен алғашқы кезеңде қоғамдық көліктің бұл түрін тәулігіне 45 мың адамға дейін пайдаланады деген болжам бар.

Енді осы деректер арқылы шығынның ақталу мерзімін үш сценарий бойынша есептеп көрейік.

— Қосымша құн салығынсыз 1,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі EPC-келісім 2016 жылы жасалды және өзгертілген жоқ. Бұл сомаға LRT құрылысы, депоны тұрғызу, вагондарды құрастырып Астанаға жеткізу, жұмыскерлерді оқыту сияқты LRT толық іске қосылғанға дейінгі жұмыстар кіреді, — деп жазылған жауапта.

Демек жеңіл рельсті трамвай желісін салып, вагондарды іске қосудың бүгінге дейінгі шығыны 1,8 млрд доллар болған. LRT-мен жол жүру ақысы теңгемен төленетіндіктен, бұл соманы да теңгеге шағу қажет. Ұлттық банк 2026 жылдың бірінші тоқсанында доллардың орташа бағамы 497,73 теңге болды деп есептеген. Демек теңгеге шаққандағы шығын — 895 млрд 914 млн теңге.

Жол жүру тарифі 200 теңге деп бекітілген.

CTS мамандары LRT пайдаланудың жоспарлы жылдық операциялық шығыны неше теңге деп бағаланғанын айтпады. Оның ішінде коммуналдық, қызмет көрсету, еңбекақы, желі мен жылжымалы құрамды күтіп ұстау шығындары қанша болатыны да белгісіз. LRT-нің жылдық операциялық табысын да нақты айтқан жоқ.

— LRT жобасы іске қосылған соң нақтыланады, — деп қысқа қайырған.

Сондықтан біздің есепте жеңіл рельсті көлік желісінің қызметін қамтамасыз ететін күнделікті шығындар ескерілген жоқ.

Базалық сценарий

«Бір тәулікте 45 мың жолаушы» көрсеткішін базалық сценарийдің өзегі етіп аламыз. Өйткені, CTS елорда халқының неше пайызы қоғамдық көлікпен жүретінін, оның неше пайызы LRT жолында шоғырланғанын өздеріндегі жедел мәліметтерден айқын көріп отыр. Сондықтан «арық сөйлеп, семіз шығу» қағидатымен есептелген 45 мың жолаушы деген көрсеткішті сенімді түрде беріп отыр.

Жұмсалған қаражаттың неше жылда қайтатынын түсіну үшін, ең алдымен билеттен түсетін жылдық табыс есептелді. Күн сайын 45 мың жолаушының әрқайсысы 200 теңгеден төлесе, бір күнде шамамен 9 млн теңге түседі. Бір жылда жол жүру ақысынан түсетін табыс шамамен 3 млрд 285 млн теңгеге жетеді. Сонда 895 млрд 914 млн теңгені толық ақтау үшін 272 жыл керек. Ал бұған күнделікті операциялық шығындарды қоссақ, базалық сценарийдің өзінде жұмсалған қаражатты ақтау мерзімі 300 жылдан асып кетеді.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Оптимистік сценарий

Жолаушылар саны біртіндеп екі есе өсіп, күніне 100 мың адамға жетеді деп алуға болады. Мұндай жағдайда жылдық түсім шамамен 7,3 млрд теңгеге дейін барады. Бұл қарқынмен бастапқы шығын 123 жылда қайтады. Бірақ бұл сценарийде де LRT жұмысын қамтамасыз ететін күнделікті шығындар ескерілмеген. Ескерсек, мерзім 1,5-2 есеге дейін ұзаруы мүмкін.

Пессимистік сценарий

Тәуліктік жолаушы ағынын базалық сценарийден 2 есе төмен деп алсақ, 20-22,5 мың адам қатынайды деген сөз. Жылдық түсім — шамамен 1 млрд 551 млн теңге. Мұндай инерциямен негізгі шығынды 578 жыл шамасында жабуға болады.

CTS жауабында 200 теңгелік тарифті көтермей ұстап тұру үшін бюджеттен субсидия қарастырылатыны айтылған. Оның көлемі де «LRT жобасы іске қосылғаннан кейін нақтыланады». Демек, 200 теңгелік тариф LRT-нің күнделікті қызметіне кететін шығынды да жаппайды.

Түйіндесек, LRT құрылысы мен вагондар сатып алуға жұмсалған қаражатты тек жол ақысы арқылы қайтару мерзімі утопиялық есептің өзінде жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.

2019 жылы билік транзиті болып, ұзақ талқылау мен сот процестерінен кейін жобаны аяқтау туралы шешім қабылданды. Жобаның қаржылық тұрғыдан тиімсіз екені сол кезде айтылған. Сондықтан бұл нысан — табыс табудың көзі емес, қаладағы көлік жүктемесін азайтуға арналған инфрақұрылымның бір тармағы болып қала бермек.

Ташкент тәжірибесі

Еңбек жолын Өзбекстанның Қаржы министрлігінде бастаған экономист Сапарбай Жобаевтан Ташкенттегі жеңіл рельсті трамвай қала бюджетіне қалай әсер етіп отырғанын сұрадық.

Фото: uz.sputniknews.ru

— Өзбекстан астанасындағы LRT деп жүргендеріңіз 1970 жылдардың басында салынған метроның жер бетіне шығарылған жалғасы негізі, яғни оның негізгі шығыны совет одағының кезінде бюджеттен бөлінген. Метро жүйесінде 45 желі бар десек, соның 15-20 пайызы жер үстімен жүреді, демек біздің Астананың LRT-сі сияқты. Ол кезде жоспарлы экономика еді. Халық саны 1 млн адамнан асқан қаланың көлік инфрақұрылымын жетілдіру үшін қолға алынған әлеуметтік жоба болатын. Жалпы үлкен қалалардың көлік жүйесі мемлекеттің ұдайы жәрдеміне тәуелді болады. Ташкент метросы да субсидияда отыр. Себебі қазір жол жүру билетінің құны 2 мың сомның айналасында. Бізше болғанда 80 теңгедей. Әрине, ондай тариф шығынды ақтамайды, — дейді ол.

Айтуынша, өркениетті мемлекеттерде де қаланың көлік жүйесі өзін-өзі ақтамайтын әлеуметтік шығын болып есептеледі.

— Мысалы, Швейцарияның Монтре деген қаласында осы мәселені зерттеп көргенім бар. Ондағы троллейбустардың билет бағасы 200-250 теңге болса, өзіндік құны 500-600 теңге болатын. Екі есе айырмашылықты қаланың муниципалитеті басқа салық түсімдерінің есебінен субсидиялайды. Қазірдің өзінде Астанадағы қоғамдық көлік билеттерінің өзіндік құны 350-400 теңгеге жақын. Қалған айырмашылықты бюджет субсидиялап отыр. Мұндай жүйе барлық жерде бар. Тіпті АҚШ-тағы Питтсбург қаласының орталығын жеңіл көліктен шығатын газдан қорғау үшін 6-7 станса арасында қоғамдық метроны тегін қылып қойған, — дейді экономист.

Фото: Сапарбай Жобаевтың жеке мұрағатынан

Сапарбек Жобаев елорда бюджеті LRT-ны күтіп ұстаудың күнделікті шығынын қиындықсыз еңсеретініне сенімді.

 — Астанадағы LRT-ге келсек өзіндік құнынан екі есе қымбатқа салынды. Бір рет ақшасы ұрланып, қайта сондай көлемде қаржы бөлді. Сондықтан оның шығыны тіптен көп. Инвестицияны қайтару тұрғысынан алғанда ешқашан ақталмайды. Қаланың көлік қозғалысын реттеу тұрғысынан маңызын жоғалтпаса болды. Ал эксплуатация кезіндегі шығыны қаланың бюджетінен төленеді.

Астана біздегі үш донор өңірдің бірі болып есептеледі. Бұл жағынан жағдайы орнықты. Қазір автобустарды қалай субсидияласақ, LRT-ні де солай субсидиялаймыз.

Әрине, о баста тиімді ұйымдастырып, үнемді жолмен салуға болар еді. Бірақ, болар іс болды. Ал қоғамдық көліктің мұндай түрі керек. Бірақ Астананың климаты қатаң, қысы суық әрі қарлы-боранды. Сондықтан жобаның қалған бөлігін жер астына түсіріп, метро қылу керек деп ойлаймын, — деді сарапшы.

Бұған дейін LRT жолаушыларына 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүруге мүмкіндік берілетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары