Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Құнды экспонаттар жеткізілді

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)

Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бабатай сынды белгілі ауылда туса да, өмір бойы шаһарды мекен етіп келеді. Әскерге барып-қайтқан соң ару Алматыда оқыды. Содан кейін арайлы Ақтөбеге келіп, қоныс тепті. Шаһарда шираған шайыр болған соң ба, оның өлеңдерінде қала бейнесі үнемі сұлбаланып тұрады. Тіпті ауылдан гөрі қаланың образы көбірек бедерленген секілді көрінеді. Ол шаһар ұғымын қолданып, ойнақы ой айтады. Арғы-бергі тарихтың бір үзігін бөліп алып, тіркесті түрлендіріп, көркемдік кестесін түзеді.

Бабатай – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауылдың аты. Сол өңірде Бабатай деген өзен де бар. Осы аймақта өмірге келген ақын Ертай Ашықбаев шығармашылық кредосын барша жұртқа  былайша танытады:

Мешін жылы Бабатайда туғалы,

Біздің бастан біраз өмір зулады.

Тіршілігім өлеңімнің өзіндей –

Бірде жақсы, бірде жаман шумағы.

Өз-өзіне сын көзбен қарап, «бірде жақсы, бірде жаман» деп ой қорытқанына қарамастан, ел-жұрт Бабатайдың баласын тәуір ақын деп біледі. Өлең өлкесіне жаңалық әкелген шайыр деп ұғады. Өңірде жүрсе де, көңілде жүретін жыр жүйрігі деп топшылайды. Көзіқарақты қазақ егер өлеңнің авторына риза болса, артық-ауыс эпитет-сепитетті қолданып әуре болмай-ақ, «Ол – ақын!», – деп бір-ақ кеседі. Бұл – кез келген мәртебелі сыйлықтан кем түспейтін сүбелі сөз. Біздің кейіпкеріміз Ертай Ашықбаев мұндай биік бағаға талай рет ие болды.

Ертай ақын Бабатай ауылын ғана емес, Бабатай өзенін де жырға қосты. «Мына жатқан Бабатайдың өзені, Мақтауға да, даттауға да төзеді», – деп тебірене толғады. Соған қарап, ақыры ақын болған соң, неге «Бабатайұлы» деген әдеби бүркеншік есімді иелене салмады екен деп ойлайсың кейде. Ол осы бір тағылымды тахаллусты тұмар етіп тағып алса, қазақ жырына қос Бабатайұлы артық етпес еді. 

Үш жүзге жуық тұрғыны бар, құм басқан Бабатайды шаһардан кем көрмей, шалқып жырлайтын Ертайдың поэзия­сында қала ұғымы мейлінше көрініс тапты. Әсіресе кең танылған тұсы – Қожа Хафиздің «Шираздың бұл аруын періштеге теңер ем, Бір меңіңе Самарқанд пен Бұхараны берер ем», – деген өлең жолын эфиграф етіп алып:

Санамдағы сұлуларды шегерем,

Салтанатпен жария етем досқа да:

Қос мең үшін мен төрт қала берер ем,

Бір мең үшін берсе Хафиз қос қала, –

деп шабыттанып жыр жазатын кезі. Алматыдан оқу бітіріп Ақтөбеге келген Ерекең меңді қызға өзі жұмысқа тұрған облыстық газеттің редакциясында жолықты. Сұлу бойжеткен секретариат қызметкері екен. Мақтымқұлының Меңлісі сияқты бәденді көрінді. Бір емес, екі меңі бар. Әдетте мұндай қыздар меңіне байланысты есімді еншілеуші еді. Аты – Күләй. Бір шаһардан екінші шаһарға қоныс аударған ширақ шайыр өзге ақындар секілді «Көзім кетіп барады Күләй жақта, Өзім кетіп барамын былай жаққа», – деп бұра тартпай, ақтөбелік арудың соңына шырақ алып түсті. Бейнелеп айтсақ, жас Мақтымқұлы балғын Меңліні қолына қондырып тынды.

Қожа Хафиз сүйіктісінің меңіне бола қос қаланы бермекке ниеттенгенімен, өзі тұрып жатқан Ширазды сыйлаймын деген жоқ-ты. Сол сияқты Ерекең де Ақтөбені бүгіп қалды. Тіпті төрт қаланы берер ем десе де, атап айта қоймады. Беріп қайтеді, Күләй жеңешеміз екеуі онсыз да Ақтөбені мекендеп қалды. Ақтөбеден жар тапты. Ақтөбеден жыр тапты. Бұған дейін Алматыны жырлаған. Ал кеп жырла енді Ақтөбені...

Уанады барша көңіл бұл жақта,

Уа, бұл жақта өте тәтті мұң лебі.

Ұқтыңыз ба, маған неге қадірлі,

Ақтөбенің үндемейтін түндері?

Бізге Ақтөбені Ертайдан көп жырлаған ақын жоқтай көрінеді. Осы аймақтың қиярды да пиармен жейтін бүкіл жарнамашысы жабылса да, бір ақынның сөз сиқыры мен құмбыл қимылына әзер ілесетін сияқтанады. Зер салайықшы... Шырайлы шаһардың тірлігі мен тынысын («Кеземін тас көшесін Ақтөбе­нің, Тіршіліктің татамын аян дәмін»), мейірбандығы мен меймандостығын («Ақтөбеге француздар келіпті, Келіпті олар қазаққа емес,.. мұнайға»), ырысы мен ынтымағын («Шалқып жатыр Ақтөбенің шаттығы, Қатар еміп, талғау­лы мен тәттіні»), кеңпейілділігі мен қамкөңілділігін («Талай-талай ақылы мол кісілер, Ақтөбені сағынбайды, ... о қалай?») тоқтаусыз жырлады. Арасында білім іздеп барған шағында бес жыл пана болған қастерлі қаласын да ұмытпайды. «Шаң басыла соққан желдей сипады, Дәл қасыма келіп тұрған Алматы», – деп ой өрбітеді. «Алматы ғажап қандай, Ғажап қандай гүлдері тербетілгені. Біз – ең бақытты қазақтардай,  Жер бетіндегі», – деп жас кезін емірене еске түсіреді. 

Сөйтіп, Ертай поэзиясындағы «қос қала» ұғымы Қожа Хафизден бастау алса да, кейінгі жырларында үздіксіз жалғасады. Ақынның түсінігінде, қала – шуақ пен шаттықтың, бақ пен берекенің, тұрақтылық пен тыныштықтың симво­лы. «Бейбіт күннің бұл да бір жыры ма еді, Жайған жіпке бойжеткен кір іледі», – деп Қадыр ақын жырлағандай, ол қаймағы бұзылмаған тіршіліктің тұтқасын да қаланың кейпінен көреді. Көреді де қайталанбас қолтаңбасы қалған қос қаланы салыстыра сөз саптайды:   

Ақтөбенің Алматыдан несі кем, 

Астанадан немесе?..

Түсіндіріп берер едім, кешігем,

Өзің айтшы, жеңеше!

Ұқтырар ем, жол күтіп тұр, кешігем,

Алматыға асықтым.

Алматыда, уай, менің артық еді несібем,

Бірақ әлі Ақтөбеге ғашықпын!

Сонымен, Қожа Хафиз шығыс шаһары Ширазды еншілесе, оған алты ғасырдан соң үн қатқан ер көңіл Ертай ақын ақшаңқан Ақтөбені меншікті мекеніне айналдырды. Жырын да, жарын да қадірлей білетін ардақты ағамыз өз қаласына өзі сұқтанып, оның әр мүйісін тамсана тәпсірледі. Ақкөңіл ақын кейде бізге бүкіл жұртты Ақтөбеге табаны тигендер мен жолы түспегендер деп екіге бөлетіндей сезіледі. Бұған көзің жеткен соң, шаттық кернеген шаһардың шапағаты мен шарапатына шомылған тәрізді әсерге бөленесің. Ілгеріде қарағандылық ғибратты ғалым, ардақты азамат, парасатты профессор Ғабдолла Құлқыбаев бір сұхбатында Әл-Фарабидің сөзінен мысал келтіріп, мынадай пікір айтқан-ды: «Ғұламаның тұжырымына сүйенсек, егер бір қалада бір аса зиялы адам тұратын болса, ол қала – бақытқа кенелген қала. Ал біздің Қарағандыны сондай деңгейдегі екі адам мекен етті. Олар – Евней Букетов пен Жайық Бектұров. Демек, кеншілер қаласы – екі есе бақытты қала!». Ендеше, жылы жаңбырдай жырларымен Ақтөбені армансыз айшықтаған Ертай ақын да, шырайлы шаһардың абыройлы азаматына айналып келе жатқаны айдан анық. Сондықтан оның:  

Ақтөбеде сайран самал соғады,

Күледі күн, толады ай.

Ақтөбені көрмегендер көп әлі,

... Обал-ай! –

деген жүрек түкпіріндегі сырын түсінуге де, түйсінуге де болады. Бір-бір шаһарды бір-бір шайыр бөле-жара жырласа, өлеңіміздің өрісі кеңеймесе, тынысы тарыла түспесі белгілі. «Көрінгені – жаңалық, Тойғаны – той, дүрмек-ті. Ағалар көп қалалық, Қаладан да құрметті», – деп сөз ширатқан шайыр өзінің шаһарын да, оның адамдарын да дамылсыз дәріптеп
келеді. 

Ертай Ашықбаевтың «Елу алтыншы жылы туғандар» деген өлеңі бар. Сол өлеңінде өзінің құрдастарына «Жаңар­тыңдар, жүректеріңді ескірген, Жайнаңдар. Кәдімгідей тулаңдар. Кем емессіңдер ешкімнен, Уа, елу алтыншы жылы туған­дар!», – деп ұран тастайды. Осынау жырдың заңды жалғасы тәріздес «2056 жыл. Көк­темнің бір күні. №5 жатақхана» атты футу­ро­логиялық өлеңі де көзімізге шалынды.

Мына күн – мен жүз жасқа жеткен күн,

Уай, қалай өлмегем?

Неге тым ертерек кеткенмін,

Мына студенттік бөлмеден? –

деп басталады. Ғасыр жасаған қадірменді қарияның көне көзімен өткен өмір жолына ой жүгіртеді. Бақ қонған Бабатайдың бір перзенті келешектің керуеніне ілесіп, болашақтың бақшасына барып-қайтса, несі бар?! Ниет қабыл болсын дейміз де! Желкенін керген жетпісіңіздің тұсында тәтті тілек айтайық. Жүз жасаңыз!  

Бауыржан ОМАРҰЛЫ 

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті

Оқиға • Кеше

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды

Қылмыс • Кеше

СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті

Теннис • Кеше

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған

Оқиға • Кеше

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

Экология • Кеше

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды

Оқиға • Кеше

Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет

Президент • Кеше

Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды

Президент • Кеше

Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық

Президент • Кеше

Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті

Президент • Кеше

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді

Мәдениет • Кеше

Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады

Аймақтар • Кеше

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады

Қоғам • Кеше

Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

09 Маусым 2026 10:44see120

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

09 Маусым 2026 12:57see117

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

09 Маусым 2026 21:53see116

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

09 Маусым 2026 12:36see115

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

09 Маусым 2026 15:33see115

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

09 Маусым 2026 22:26see114

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

10 Маусым 2026 19:43see113

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

09 Маусым 2026 10:54see113

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

09 Маусым 2026 14:14see112

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

09 Маусым 2026 10:21see111

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

09 Маусым 2026 17:08see111

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

10 Маусым 2026 14:49see111

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

10 Маусым 2026 12:10see111

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

09 Маусым 2026 17:08see111

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

09 Маусым 2026 10:57see111

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

10 Маусым 2026 17:32see110

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

09 Маусым 2026 19:53see110

Құнды экспонаттар жеткізілді

09 Маусым 2026 10:42see110

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10 Маусым 2026 18:53see110

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

10 Маусым 2026 21:32see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары