Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Азаматтар табиғатты сақтауға міндетті

Азаматтар табиғатты сақтауға міндетті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Конақтарды қарсы алған Мәжіліс Төрағасы Пере Понстың Астанаға сапары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясымен өзара іс-әрекетті талқылау үшін тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. Сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы бел­сене қатысқан Өңірлік экология самми­тінің маңызды қорытынды­ларына тоқталды.

Ерлан Қошанов Қазақстан Пре­зидентінің БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін Ассамблея басшы­сына алғыс айтты. Палата Спикері саммит барысында қабылданған Орталық Азиядағы экологиялық ын­тымақтастық жөніндегі Астана дек­ларациясы мен басқа да бірқатар маңыз­ды келісімдер ортақ экология­лық күн тәртібін қалыптастыруға елеулі серпін беретініне сенім біл­дірді. 

– Бүгінде Орталық Азия Аралдың тартылуы мен Каспийдегі су дең­гейінің таяздануы секілді ауқымды экологиялық проблемаларға тап болып отыр. Климаттың өзгеруі, шөлейттену, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қазіргі экологиялық дағдарысты ушықтыра түсуде. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы­ның өзектілігі анық, – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс Төрағасы Пере Понсты Қазақстандағы саяси реформалар мен жаңа Конституцияның басты қағида­лары туралы хабардар етті. Ол Ата заңда экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтама­сыз ету үшін мемлекеттің жауапкер­шілігі бекітілгеніне назар аударды. Бұл ретте азаматтар табиғатты сақ­тауға, табиғи байлықтарға ұқыппен қарауға міндетті.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов Қа­зақ­стан қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы дәйекті түрде реформалап келе жатқанына тоқталды. Мәселен, 2021 жылы Ас­тана­­дағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен әзірленген жаңа Экологиялық кодекс қабыл­данды. Бүгінде елімізде жоғары эко­логиялық мәдениет қалыптасуда. Оған Мемлекет басшысының бас­тама­сымен бүкіл ел бойынша мил­лионнан астам еріктіні біріктіретін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық қозғалысы үлкен серпін беруде.

Өз кезегінде Пере Понс Қазақ­станды референдумның сәтті өтуімен және жаңа Конституцияның қабыл­дануымен құттықтап, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшы­лығымен жүзеге асырылып жатқан барлық өзгерісті құптайтынын атап өтті. 

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея­сының төрағасы Өңірлік экология саммитінің қорытындыларына жоғары баға беріп, экология, көлік, логистика, орнықты даму мәселе­лерінде Орталық Азия өңірінің ел­дерімен одан әрі ықпалдастықты күшейтуге шақырды. 

Кездесу барысында тараптар терроризм, киберқылмыс, заңсыз есірткі айналымы сияқты жаңа жа­һан­дық сын-қатерлер мен транс­ұлттық қауіптерге қарсы күрес жағ­дайында ЕҚЫҰ Парламенттік Ас­сам­­блеясына мүше парламент­тердің үйлесімді жұмысының маңыз­ды екеніне назар аударды. 

Тараптар парламенттік дипло­матия бүгінде мемлекетаралық қаты­настардың тиімді тетігі екенін құптап, оны ортақ мақсаттарға жету үшін ба­рынша пайдалануға дайын екен­діктерін білдірді.

Кездесуге қатысқан ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясының Бас хат­шысы Роберто Монтелла, Эко­но­микалық мәселелер, ғылым, тех­­­нология және қоршаған орта жө­нін­дегі жалпы комитеттің төрағасы, Әзербайжан Республикасының Мил­ли Меджлис депутаты Азай Гулиев, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының Орталық Азия бо­йынша арнаулы өкілі, Грек Рес­публикасы Парламентінің депутаты, «Грекия – Қазақстан» парламент­аралық достық тобының тең төрағасы Ангелос Сиригос болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 04:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары