Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

2 4 сәуірге болжам: жаңбыр, найзағай және температураның төмендеуі күтіледі

Ресейде студенттердің 2 пайызы Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруы тиіс

Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Инфляция баяулай бастады: қияр бір жылда 40,9%, қызанақ 16,5% арзандады

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

Қазақстанның арнайы қызметтері Эпштейн тізімін зерттеп жатыр

Алматыдағы Абай атындағы ҚАТОБ ты жұмысшылар қоршап алды: әкімдік не болып жатқанын түсіндірді

Қазақстан мен ЕЭК агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Жасанды интеллект агросекторды қалай өзгертеді: жаңа сараптамалық дайджест жарық көрді

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Тұмсығы қан жоса: Атырауда итті аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

Моңғолияның 35‑ші премьер министрі сайланды

Сот үш адам қаза тапқан жол апатын түсірген блогерге қатысты шешім шығарды

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Мүгедектікті рәсімдеу уақыты қысқарады

Алматыда полицейлер электрсамокаттарға ауысты

Табиғатты аялау қоғамдық құндылық

Табиғатты аялау қоғамдық құндылық

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Күн сайын үйден шығарылатын қоқыста есеп жоқ. Ашық дереккөздерде жылына елдегі полигондарға 4,5 млн тоннадан аса қалдық төгілетіні жазылған. Оның қайта өңделетіндері 28 пайызға әрең жетеді. Демек, бізде әлі сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі әлсіз. Мәселені қалай жүйелеуге болады?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Немқұрайдылықтың ауыр салдары

Қар ерісімен әр жерден көрінген ұсақ-түйек қоқыс көңіл құлазытады. Мұндай көрініс ауыл маңын­да ғана емес, ірі қалалардың, тіпті елорда көшелерінде де жиі кездеседі. Қоғамда әлі де қоқысты арнайы орынға тастау, сұрыптау мәдениеті жүйелі қалыптаспа­ған. Пластик, шыны, қағазды бір пакетке араластырып, ортақ контейнерге лақтыра салады. Қайта өңдеуге жарамды қаншама шикі­зат осылай полигонға кетіп, пайдаға аспай жатыр. Сарапшылардың айтуынша, елдегі тұрмыстық қалдықтың кемінде 40-50 пайызы қайта өңдеуге келеді. Бірақ инфрақұрылымның әлсіздігі мен халықтың немқұрайлығы бұл мүмкіндікті шектеп отыр.

Дамыған елдер қоқысты «бай­лық» ретінде көреді. Мысалы, Шве­цияда қалдықтың 99 пайызы полигонға жіберілмей, қайта өңделеді немесе энергияға айналдырылады. Германияда бұл көрсеткіш 68 пайызға жетіп, жыл сайын шамамен 60 млрд еуро табыс әкеледі. Біздегі қалдық та экономикалық ресурсқа айнала алады. Дегенмен ауыл-аймақта қоқыс жинау, шығару бір ізге қойылмаған. Салдарынан қалдықтар өртеледі не бейберекет үйіліп жатады. Қордаланған бұл мәселені шешуге жүйеленген кешенді тәсіл қажет.

Негізі экожүйеде бизнестің рөлі айрықша. Қаптаманы азайту, қайта өңдеуді міндеттеу, экологиялық стандарттарды сақтау компаниялар үшін таңдау емес, жауапкершілік болуы керек. Мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы осы үйле­сім экологиялық мәдениетті толық­қанды қалыптастырады. Мәсе­лен, кей мемлекеттердің маркет­плейстері қоғамдық жауапкершілік арқалап, қаптамаларды өздері өңдеп, қайта пайдаланылатын орау жүйесін енгізген. Депутат Жарқынбек Амантайұлы бізде бұл тетік толық іске аспай отырғанын айтады.

Ол жақында мәселені Мәжіліс мінберінде көтерді. Депутаттың айтуынша, онлайн сауданың кеңеюі бір жағынан халыққа қолайлылық әкелсе, екінші жағынан экология­лық мәселелерді де туындатып отыр. Тауарды зақымдамай жеткізу үшін пластик, пленка, картон секілді көптеген «шығын материалдары» қолданылады. Жеткізілгеннен ке­йін олардың басым бөлігі қоқыс­қа тасталады. Салдарынан қаптама қалдықтарының үлесі артып, полигондарға түсетін жүктеме жыл сайын көбейіп жатыр.

«Бірқатар өңірде мәселенің күр­­делене түсуі сұрыптау инфра­құрылымының жеткіліксіздігі­мен және бизнестің қаптама көле­мін азайтуға немесе қайта пайдаланылатын ыдыс жүйесін дамытуға экономикалық ынталан­дырудың әлсіздігімен байланысты. Осыған нақты нормативтік талаптар, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша кеңейтіл­ген экологиялық жауапкершілік меха­низмі қажет. Инвестиция тартып, ірі қалаларда қайтарымды контейнерлер, жәшіктер, бірнеше рет қолданылатын қаптама жүйесін енгізуге арналған қанатқақты жобаларды іске қосу кезек күттірмейді», дейді мәжілісмен. 

Имитация күші

Негізі «Таза Қазақстан» жал­пы­ұлттық акциясы қоғамда эко­ло­гиялық мәдениетті қалыптас­ты­ру­ға нақты серпін берді. Әсіре­се жастардың белсенділігі ай­қын байқалды. Әр сенбіліктен қал­май, көшелерді қоқыстан та­зартты, ­аулаларды абаттандыр­ды, жүздеген тал-терек екті. Олар­ға бас болған түрлі деңгейдегі бас­шылар да айналасындағыларға үлгі болды. Бұл игі істі Президент­тің өзі бастап, қолдау білдіруі де акцияның халық арасында кең таралауына ықпал етті. Бұл – пафос емес, қарапайым әлеуметтену­дің пси­хологиялық әсері. Мұны әлеу­меттанушы Айдын Лұқпан да растайды. Ол қоғамдағы мінез-құлық көбіне үлгі-өнеге арқылы қалыптасатынын жиі айтып жүр. Яғни ортада жақсы үрдіс орны­ғып, белгілі бір адамдар тазалық сақ­тауда, экологиялық мәдениет­ті дәріптеуде нақты ісімен көзге түссе, оған өзгелер де еліктей бас­тайды. Бұл құбылыстың мәні психологияда имитация түсінігі­мен ашылса, социолог Габриэль Тарт еңбектерінде әлеуметтенудегі еліктеу теориясы арқылы түсіндіріледі.

«Әр адам белгілі бір кезеңнен кейін, есі кірген сәттен бастап, жан-жақтан еліктеу объектілерін іздей бастайды. Ол – ата-анасы, әжесі немесе әкесі, тіпті танымал тұлғалар болуы мүмкін. Адам осы объектінің әрекеттерін қайталауға тырысады, сол арқылы өз мінез-құл­қын, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Еліктеу пози­тивті де, негативті де әсер етуі ықти­мал. Бұл заңдылық – балалардың та­биғи үйрену тәсілі ғана емес, ересек­тер­дің әлеуметтік ортаға бейімделуі­нің бір тетігі. Яғни адам өзіне ұнайтын, құрметтейтін тұлғаға ұқсауға тырысып, оның әрекетін, мінезін, тіпті ойлау жүйесін қайталайды. Басқаша айтқанда, адамдар жаңа дағдыларды көбіне бақылау арқылы меңгереді», дейді әлеуметтанушы.

Ақпараттық ағын күшейген заманда мұндай мінез-құлық көп­шілікке тез таралып, белгілі бір әлеу­меттік норманың қалыптасуы­на түрткі болып отыр. Яғни қоғам­да шынайы үлгі болар тұлғалар, ­ортамыз көбейген сайын, тазалық пен жауапкершілік те қалыпты дағдыға айналады.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дегенді қазақ та жай айт­паған. Әр қала, ауыл, ауданда жер­гілікті жұрт мақтан тұтатын, сый-құрметке лайық азаматтар осындай игі істе самарқау қарамай, ауласын таза ұстап, айналасына үлгі болса, экологиялық мәдениет қауымның болмысын аша түсетін құндылық ретінде орнығады», дейді А.Лұқпан. 

Тәртіп – экологиялық мәдениеттің тірегі

Тәртіп пен өзара құрмет берік орныққан Жапония мен Оңтүстік Кореяда экологиялық мәдениет балаларда ерте жастан сіңеді. Олар өздерінің оқитын сыныбын тазалайды, қоқысты сұрыптауды нақты тәжірибеде көріп өседі, экология жеке пән ғана емес, өмір салты ретінде оқытылады. Ақпараттық саясат та үздіксіз жұмыс істейді. Теледидар, әлеуметтік жарнама, көшелердегі қарапайым әрі түсінікті нұсқаулықтар адамдарға «не істеу керек?» деген сұраққа нақты жауап береді. Креативті индустрия өнімдерінде (аниме, дорама) де экологиялық тақырыптар сюжетке енгізіліп, дәріптеледі.

Екі елдегі инфрақұрылым да осы мәдениетке толық бейімделген. Әр ауданда қоқысты сұрыптаудың нақты ережесі бар, қоқыс шығару күндері белгіленген, ал талапты бұзғандарға айыппұл салынады. Кей жағдайларда жауапкершілік ұжымдық сипат алады. Мәселен, көпқабатты үйдегі бір тұрғынның қоқысты сұрыптамай тастай салуы бүкіл пәтер иелеріне әсер етеді. Оның бейқамдығынан тұтас тұрғындар айыппұл арқалайды. Адамдар бұл әрекеті үшін бір-бірінен ұялады. Негізі бұл механизм бізде де бар. Бірақ көбіне теріс әсерде қолданылып (той-домалақ, таптаурынды ой) жүр.

Көшелерде бақылау камералары орнатылып, қоқысты дұ­рыс тастамаған жағдайда айыппұл фото-дәлелмен бірге поштаңызға жолданады. Яғни бұл жүйе екі елде де заңдық тетіктер арқылы берік орныққан.

Бір қызығы, бұл жүйеде мық­ты философия да маңызды рөл атқарады. Халықтар ежелден өмір­дің мәнін «мен» деген ұғымға бай­ламайды. Балаға «өзіңді тап» деуден бұрын, «бүгін кімге пайда­лы бола аласың?» деп үйретеді. Яғни дүниетанымның мән-мағына­сы менменшілдіктен емес, өзара қарым-қатынаспен ашылады. Сон­дықтан адам өзін дәлелдеуге емес, өз орнын табуға ұмтылады. Ал өз орнын табу – қоғамға қажет болу, ортақ үйлесімге үлес қосу деген сөз. Осы себепті тәртіп пен құрмет сырттан таңылған талап емес, ішкі қажеттілікке айналған. Әр адам өзін жеке тұлға ғана емес, тұтас жүйе­нің бір бөлшегі ретінде сезінеді. Содан жайлы қоршаған ортаны қалыптастыру ісінде әрқайсысы өзінше атсалысады.

Осындай тәжірибелер аясында Қазақстанда да экологиялық құндылықтар Ата заңмен бекі­тіле бастады. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат­хан Әміртайдың айтуын­ша, кон­с­­титуциялық реформа қор­шаған ортаны қорғауда құқықтық кепіл болады. Мәселен, табиғатты қорғау нормаларын өндірістік топтардың мүддесі үшін өзгерту мүмкін болмайды.

«Біз үшін жаңа Конституция экологиялық, жасыл экономиканы дамытуға жаңа импульс береді. Себебі Конституцияның басты кіріспесінің ішіндегі 11 қағидаттың біреуі жоғарғы экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру. Соны­мен қатар басқа баптарда қор­шаған ортаның тазалығы, адам денсаулығын қамтамасыз ету мәсе­лелері бар», дейді ол.

Қорыта айтсақ, экологиялық мәселелер тек заң мен техноло­гия­ға емес, әр адамның күнделікті таңдауы мен табиғатты аялау деген жауапкершілігіне байланысты шешіледі.

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

2 4 сәуірге болжам: жаңбыр, найзағай және температураның төмендеуі күтіледі

01 Сәуір 2026 19:51see156

Ресейде студенттердің 2 пайызы Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруы тиіс

02 Сәуір 2026 00:01see116

Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

01 Сәуір 2026 15:58see115

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

01 Сәуір 2026 13:41see115

Инфляция баяулай бастады: қияр бір жылда 40,9%, қызанақ 16,5% арзандады

01 Сәуір 2026 16:16see115

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

02 Сәуір 2026 22:28see111

Қазақстанның арнайы қызметтері Эпштейн тізімін зерттеп жатыр

02 Сәуір 2026 13:13see111

Алматыдағы Абай атындағы ҚАТОБ ты жұмысшылар қоршап алды: әкімдік не болып жатқанын түсіндірді

01 Сәуір 2026 17:49see110

Қазақстан мен ЕЭК агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты нығайтып жатыр

02 Сәуір 2026 19:32see109

Жасанды интеллект агросекторды қалай өзгертеді: жаңа сараптамалық дайджест жарық көрді

02 Сәуір 2026 00:14see109

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

02 Сәуір 2026 00:50see108

Тұмсығы қан жоса: Атырауда итті аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

01 Сәуір 2026 12:47see108

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

02 Сәуір 2026 19:07see108

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

01 Сәуір 2026 15:58see108

Моңғолияның 35‑ші премьер министрі сайланды

02 Сәуір 2026 03:10see108

Сот үш адам қаза тапқан жол апатын түсірген блогерге қатысты шешім шығарды

01 Сәуір 2026 14:50see107

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

01 Сәуір 2026 15:57see107

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

02 Сәуір 2026 20:59see107

Мүгедектікті рәсімдеу уақыты қысқарады

01 Сәуір 2026 18:19see107

Алматыда полицейлер электрсамокаттарға ауысты

02 Сәуір 2026 16:34see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары