Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Тазалық табиғатты сақтайды

Тазалық табиғатты сақтайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жылы маусымның келуімен Қазақстан тұрғындары бос уақытын табиғат аясында – демалыс орындарында, саябақтарда, өзен-көлдердің жағасында жиі өткізе бастайды. Пикник жасау, туристік сапарларға шығу және отбасымен демалу жаз мезгілінің ажырамас бөлігіне айналады. Алайда табиғатқа шығумен бірге демалыс орындарында қалатын қоқыс мәселесі де өзекті бола түседі.

Пластикалық бөтелкелер, пакеттер, бір реттік ыдыстар, шыны қалдықтар табиғаттың көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Кейбір қалдықтар ұзақ жылдар бойы жойылмай, топырақ пен су көздерін ластайды. Ал шыны бөтелкелер адамдар мен жануарларға қауіп төндіріп, ыстық күндері өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Демалыстан кейін әр адам өзінен кейін қалған қоқысты жинап, арнайы орындарға тастауы керек. Бұл – табиғатқа деген құрметтің және азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында аумақтық экология департаменттері тұрақты жұмыстар атқарып келеді. Мамандар тұрғындармен кездесулер өткізіп, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды дұрыс басқару және табиғатты ластамау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер өткізіліп, экологиялық акциялар мен түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысады.

Халықпен ақпараттық жұмыстар жүргізу барысында мамандар табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсіндіріп, экологиялық талаптарды сақтау қажеттігін айтады. Сондай-ақ қоршаған ортаны ластаған жағдайда заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл жұмыстар волонтерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.

Экологиялық мәдениетті арттыруда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының маңызы зор. Бұл бастама аясында мемлекеттік органдар, ұйымдар және белсенді азаматтар бірігіп, елді мекендерді тазарту, заңсыз қоқыс орындарын жою және табиғи аумақтарды қорғау бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге Ішкі істер министрлігі де атсалысып келеді. Полиция қызметкерлері Экология департаменттерінің қызметкерлерімен рейдтер өткізіп, қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру талаптарын бұзу фактілерін анықтайды. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді.

Табиғатты ластағаны үшін тек экологиялық зиян емес, заң алдында жауапкершілік те қарастырылған. Қазақстан заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды, саябақтарды, су айдындарын және басқа да аумақтарды ластаған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, жыл басынан бері санитарлық және экологиялық талаптарды бұзуға байланысты 177 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Бірлескен шаралар нәтижесінде 248 заңсыз қоқыс орны анықталып, тиісті органдарға жолданған материалдар негізінде 153 қоқыс орны жойылды. Бұл жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда экологиялық тәртіпті бақылау үшін еліміз бойынша 8 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, 1,4 мыңға жуық мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олардың мақсаты – тек заңбұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар алдын алу жұмыстарын жүргізіп, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Таза қоршаған орта – әр адамның күнделікті жауапкершілігінің нәтижесі. Табиғатта тәртіп сақтау, экологиялық акцияларға қатысу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау арқылы Қазақстанның әсем табиғатын сақтап, болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалдыра аламыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see119

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see107

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары