Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс

Тазалық ізетпен тартымды

Тазалық ізетпен тартымды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл Астанада күз мезгілі әдеттегіден жылы болып тұр. Алғашқы қар кеш түсті, дедектетіп, дегбіріңді қашыратын аязды күндер де бастала қоймады. Бір қызығы, қарашада түскен қар 10 күн тоқтамай, бір айлық нормадан асатын жауын-шашынды үйіп-төгіп бере салды. Қолайсыз ауа райына қарамастан қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар күшейтілген режімге ауысып, түнгі уақытта да тыным таппай еңбек етті.

Қарашада жауған қар күндіз еріп, түнде елорда көшелері мен тротуарларын жып-жылтыр мұз айдынына айналдырды. Қарлы бораннан кейін қала бір сәтке де дамыл таппады, коммуналдық қызметкерлер күн-түн демей жұмысқа кірісті. Мәселен, 11 қарашада ғана арнайы полигонға 1 669 рейспен 21 мың текше метрден астам қар шығарыл­ған. Бұл жұмысты атқаруға 439 жол жұмысшысы мен 1 021 арнайы техника жұмылдырылды. «Жол жұмысшысы» деп отырғанымыз – қарды күрекпен тазалайтын адамдар. 15 қарашада жұмыс қарқыны сәл бәсеңдегенімен, түнгі ауы­сымда 213 жұмысшы мен 395 арнайы техника елорданың көшелерін қардан тазалап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді жалғастырды. Ал қыс басталғалы, қарашаның ортасына дейін елордадан 287 мың текше метрден астам қар шығарылған. Бұл дегеніңіз – 23 мыңнан аса ауыр жүк көлігіне жүк артылды деген сөз.

Қала көшелері мен саябақтарын қардан аршып, қоқыстан тазалау – «Астана тазалық» ЖШС-ның бас­ты міндеті. Мекеме басшысы Замир Сағыновтың айтуынша, қаланың 6 ауданында осы ұжымнан 1 300 адам еңбек етеді. Олар қаланың негізгі магистральдық көшелерін, жиектегі жаяу жүргінші жолын тазалауға жұ­мыла­ды. Бұл қаланың жалпы аума­ғының 40 пайызына жуығына осы мекеме жауапты деген сөз.

Қар қалың жауған күннің ертесіне біз елордадағы «Сарыарқа» ауданына барып, коммуналдық қызметке жауаптылардың бір күндік жұмысын бақылап қайтқан едік. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония маңында қар тазалайтын КамАЗ-дар, шағын тракторлар әдеттегідей тыным тап­пайды. Алаңдағы, жүргіншілер жолы мен аялдамадағы қар-мұзды жаяу жұмысшылар ойып, қырып, жиекке шығарады. Сол заматта шағын тракторлар жиектегі қарды ысырып, КамАЗ-ға артуға ыңғайлайды. Біз алдымен қар тазалауға шыққан учаске бригадирі Рыс Қайсамен әңгімелесіп, жұмыс барысы туралы сұрадық.

– «Сарыарқа» ауданында жол жұмысшыларының 5 бригадасы бар. Соның ішінде біздің топта 18 жұмысшы еңбек етеді. Бүгін өзіңіз көргендей, филар­монияның алды-арты мен қала әкімдігінің алдын тазалап жатырмыз. Негізі біздің топқа бөлінген аймақ Талғат Бигелдинов көшесінен бастап, Кенесары көшесіне дейін. Одан әрі Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына қарай жалғасады. Абай даңғылы, Әзірбайжан Мәмбетов көшелерінен Есіл жағалауына дейінгі аралық сосын Бұқарбай батыр көшесі бар. Байқасаңыздар, бізге бөлінген аумақтың көбі ауданның орталығында, Есіл өзенінің жағалауына барып тіреледі. Өзім туралы айтсам, 2007 жылдан бері осы мекемеде еңбек етемін. Медициналық сақтандыру, зейнатақы жарнасы сынды төлемдерді есептемегенде қолға тиетін жалақымыз 230 мың теңгенің шамасында. Жұмысқа өзім, сосын учаске басшысы, шебер Гүлнәр Нұрмышева да араласады. Күрегімізді сайлап, қар тазалаймыз. Қалай дегенде өзгелердің төбесінен төніп, бақылап отырған әдепке жатпайды. Ұжым ұйымшыл, бәрі еңбекқор. Адал ең­бекпен, маңдайтермен тапқан ақшаның берекелі, қадірлі болатынын біледі, – дейді Рыс Қайса.

Біз барған учаскедегі жұмысшылардың көбі Қоянды, Софиевка, Шортанды ауылдарынан мекеменің көлігімен қатынайды. Біздің білуімізше, осы ұйымда елордадан 100 шақырымдай қашық шатқан Қарағандының Нұра сынды өзге де аудан­дарынан келіп жұмыс істейтіндер бір қауым. Олар қалаға жету үшін өзге ауылдағы жұмысшылардан әлдеқайда ерте қамданады. «Сарыарқа» ауданының орталығындағы учаскеде жұмыс істейтін жұмысшылардың бірі – Береке Болатбек. Жасы – 30-да, үш баланың анасы. Мекемеге жұмысқа 18 жасында келген. Содан бері бір учаскенің тазалығына қарайды. Жазда қоқыс жинаса, қыста қар күрейді.

– «Астана тазалық» серіктестігінде жұмыс істеп жүргеніме 13 жылға таяды. Өзім қала іргесіндегі Талапкер ауылынан келемін. Біздің таңымыз өзгелерден ертерек атады. 3.00-де оянып, 3.45-те ауылдан шығамыз. 5.30-да жұмысты бастап кетеміз де 15.00-ге дейін тыным таппаймыз. Қыс мезгілінде түскі ас береді. Ауданның орталық көшелері мен жағалауға апаратын аумақтың тазалығына жауапты болған соң, талап жоғары. Жаздыгүні көшенің қоқысын, жапыраған сыпырып-жинаймыз. Қыста расымен жұмыс қиын. Азынаған жел біз түгілі жаяу жүргіншінің өзін бет қаратпайды. Желсіз күнде шыққанның өзінде қаңтардың ызғары өңмеңінен өтеді. Осындай суық күндері көпшілік қатынайтын орталық алаңдағы жолдар мұзға айналады. Біз соны ойып, тазалаймыз. Шағын трактор беттей алмайтын аумақтардың қарын жинаймыз. Иә, жұмыс оңай деп айтпаймын. Осы күнге дейін «басқа салаға барып, бағыңды сынап көрсең қайтеді» деп ұсыныс айтқандар болды, әлі де айтады. Бірақ өзіме осы жұмыс ыңғайлы, үйреніп қалған жұмыстан кеткім жоқ. Қыс суық демесеңіз, таза ауада жұмыс істегенге жетері жоқ,– дейді кейіпкеріміз.

Қала тазалығына жауапты жұмысқа осындағы ата-аналардың балалары еріп шықпаса, Береке құралпы жас­тар өз­дігінен келе бермейді. Жұмысқа шыққан күннің өзінде ұзақ тұрақтамайды. Әзірге дәл осы учаскеде ең жасы Берекенің өзі. Ал егде жасқа таяған азаматтардың ішінде Мұрат Жамкеев бар. Бірер жылда 60-қа толады. Ол – ауыл шаруашылығына арналған КамАЗ-бен қар тасиды. Жұмысы қауырт, түске дейін полигонға 3 мәрте барып келу міндеттелген соң, кідіре алмады. Филармония маңындағы қарды тиеп, бірге жолға шықтық. Астрахан тас жолымен Талапкер ауылына апаратын жолдағы полигонға бет алдық.

– «Астана тазалық» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істеп жүргеніме 10 жылға жуықтады. Тіршілігіміз таңертең 5.00-де мекеменің тұрағына барып, көлікті қыздырудан басталады. Одан соң көлікті техникалық жағынан дайындап, медициналық тексеруден өтеміз. Ондағы маман қан қысымымызға дейін тексереді. Бір сағаттың көлемінде қар шығаратын аумаққа жетеміз. Мен жүргізетін осы көліктің артықшылығы, үш жағынан да қар тиеп, түсіруге болады. Жұмыс жеңіл деп айта алмаймын. Бірінші кезекте тәжірибе керек. Көлікті жұмысшылардың қар тиегеніне қолайлы әдіспен әрі жолдағы басқа көліктерге бөгет жасамайтындай жиекке қоя білу қажет. Әйтпесе, жол сақшылары жолдың жиегіне көлікті дұрыс қоймасаң да айыппұл салады. Сол ережелерді бұрынғыдай жеңілдетсе, оның өзі бізге көмек болар еді. Өзім Астананың тумасымын, қала атауы Целиноград кезінен түрлі мекемеде жүргізуші болып жұмыс істеп келемін. Иә, жақын ауылдардан да келетін жүргізушілер бар. Себебі біздің жұмысқа екінің бірі шыдамайды. Жол бойындағы қарбаласты былай қойғанда, таң атпастан жұмысқа келудің өзі оңай шаруа емес,– дейді Мұрат Жамкеев.

Бірнеше шақырым жүріп, қаладан шыға бере айналма жолдан өттік. Тағы бірер шақырымнан соң діттеген жерге жеттік. Полигонға жақын маңдағы «Сарыарқа» мен «Байқоңыр» ауданынан шыққан қар таситын көліктер кезек-кезек келіп жатты. Біз мінген КамАЗ-дың жүргізушісі полигонның тіркеу пунктіне келгенін растап, құжатқа қол қойдырып алды. Ізінше, жылдам жүріске басып, межелеген жерге тақағанда қарды көліктің бір қырынан лезде түсіре қойды. Кері қайтар жолда жүргізушілердің мәдениеті, жалақы мәселесі туралы тағы бірер сұрақ қойдық.

– Жұмыста жастар жағы аз. Оның бір себебі, осындай үлкен көлік тізгіндеу үшін жүргізушінің жоғары санаты болуы қажет. Оны жастар іс жүзінде тым ерте ала алмайды. Өзіме келер болсам, 1985 жылдан көлік жүргіземін. Қазір 1-ші санатты жүргізушімін. Яғни кез келген көлікке отыруға рұқсат. Өзіңіз байқағандай, бірнеше күн қар қалың түскен соң, жұмыс тығыз. Бірақ жос­парды орындаймыз деп, жылдамдықты асыруға болмайды. Көліктің өз салмағы 10 тоннаның шамасында болса, қардың салмағы 8 тон­наға жетіп қалады. Мұндайда көлікті тоқтатудың өзі жеңіл емес. Алдыңнан кес-кестеп жеңіл көліктер шыға келеді. Сақ жүрмесең, олармен дауласқаннан пайда жоқ. Жалақымыз 350 мың теңгеге жуық. Бірақ соны 500 мың теңгенің үстіне жоғарылатса, жағдайымыз біраз оңалар еді деп ойлаймын, – деген тілегін жеткізді жүргізуші.

Көп кешікпей «Сарыарқа» ауда­нының орталық көшесіне қайта келдік. Бұл кезде жол жиегін қардан тазалайтын жұмысшылар трактордың көмегімен тағы бірнеше жүк көлігіне артатындай қарды үйіп үлгерген. Осылайша, біз коммуналдық қызметтегі жұмысшылардың күндізгі қарбаласын ғана бақылай алдық. Бірнеше сағаттан соң жүргізші Мұрат көлігін түнгі ауысымдағы жұмысшыға босатады. Қар күреуге шыққан топ та тура сол тәртіппен басқа топпен алмасады. Қар қалың жауып жұмыс күшейтілген режімге көш­кенде түнде жұмысқа шығатын жаяу жұмысшылардың өзі 500 адамға шамалайды. Күнделікті тіршілікте сырт көзге байқала бермейтін жұмысшылардың қала тазалығындағы құрметке лайық қызу еңбегі осындай.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see111

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see111

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see111

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see110

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see109

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see109

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see109

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see108

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see108

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see107

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see106

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

14 Сәуір 2026 23:31see106

Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс

14 Сәуір 2026 09:34see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары