Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Құнды мұралар көмбесі

Құнды мұралар көмбесі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұған дейін көне жәдігер­лерді жинауды әдетке айнал­дыру көп жағдайда бай-бағ­ландардың ермегі деп ба­ға­ла­натын. Әсіресе, бұл үрдіс Еуропа елдерінде жиі көрініс тапты. Соның ішінде көне тиындарды тірнектеп жинай­тын нумизматиктер, қағаз түріндегі ақшалардың түр-түрін сақтайтын бонистер, медальдар мен түрлі таңба­ларды теретін фалеристер мен поштаға қатысы бар көне таңбаларды жатқа айтатын филателдер ерекше қызығу­шылық туғызып келді. Мұн­дай адамдардың батыста құр­меті артып, сұранысы ас­қақ­тап тұрды.  

Кейінгі кездері өз елімізде де ескі дүниелерді жинап, ел аузына іліккен жандардың қара­сы қалың. Өткен кезең­нен жеткен тарихи дүниелерді іздеп жүріп жинап, маңызын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген мұндай адамдардың кейбірі әлі күнге дейін көптің көзінен таса қалып жатса, енді біреулер сан қырынан дәріп­теле бастады. 

Сыр өңірінде де тарихи жәдігерлерді жаңғыртып, ел­дің ықыласына бөленіп жүр­гендер сирек те болса кездесіп қалады. Облысқа қарасты Қазалы ауданынан шалғайда қоныстанған Тапа елді мекені­нің тұрғыны жеке үйін құнды жәдігерлер көмбесіне айнал­дырғанын көргенде еріксіз таңғаласың. 

Ауыл тұрғыны Аманжол Жұмабеков атты ақсақалдың жеке қорынан көптеген көне жәдігердің түр-түрін көруге болады. Кейіпкеріміз ешқа­ндай бай-бағлан да, қалталы кәсіпкер де емес. Алақандай ауылда төрт түлігін түлетіп, көппен бірге қоңырқай тірлік кешіп жатқан қарапайым шаруа адамы.   

Бүгінде 75 жастағы ақсақал көне жәдігерлерді жинауға кездейсоқ әуестенген көрінеді. Өзінің айтуынша, коллек­цио­нер олжасын алыстан іздемей­ді. Тарих тұнған туған жерінің топырағынан кездейсоқ ежел­гі бұйымдарды аршып алып, сөресіне жинауды әдетке айналдырады. Нақты айтқан­да, жастайынан атакәсіптің желкенін керген ол кезекті мал жайып жүрген сәтінде құм бетіне шығып қалған көне жәді­герлерді тауып, сол кезден бастап өз қорына жинауды қолға алады. 

– 1969 жылдан бері қарай құм қойнауынан табылған тарихи жәдігерлерді көптеп жинадым, өз бетімше зерттеп-зерделедім. Одан кейін 2013 жылға дейін тапқан бұйым­дарды арқалап, Алматы мен Астананы жағаладым. Басты мақсатым – құм қойнауынан табылған жәдігерлердің сырына тереңінен үңіліп, өткен тарихымызды бүгінгі ұрпақтың жадында қайта жаңғырту болды. Бастапқыда сыры беймәлім бұйымдар ешкімнің қызығушылығын туғыза қоймады. Талай жерді шарладым. Нәтижесінде, тарихи олжам назарға алынды. Көне жәдігерлердің тарихын таразылау үшін Әлкей Мар­ғұлан атындағы археология институтының, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің ғалым-археологтары ауылға ағылды. Оларға ауыл маңындағы көне бұйымдарды қазып алған аумақты нұсқап, қолымдағы құнды жәдігерлерді көрсеттім. Содан бері тынымсыз еңбек­теніп келеміз. Археологтармен үздіксіз байланысып тұрамын. Тарихи орынға жиі келіп, қаз­ба жұмыстарын жүргізіп тұра­ды, – деп түсіндірді ақсақал.

Негізінен, Тапа елді мекені Қазалы ауданы орталығынан 100 шақырым қашықта орна­ласқан. Сол маңда ауылмен аттас шағын төбешік бар. Кей­іпкеріміз құнды экспо­наттар көмбесіне айналған осы аумақтан алғашқы олжа­сын еншілепті. Содан бастап құм қойнауынан талай бұйым­дарды аршып алған. Бас-аяғы 50 жылдан астам уақыт ішінде тарихи орыннан 1200 экспо­натты жинап, үйін жеке мұра­жайға айналдырады. Әсіресе, тарихи орыннан көптеген қыш құмыралар, дән үккіш ежел­гі бұйымдар, тас жебелер және жебе жасауға арналған тас­тар тапқан. Сонымен қатар ежелгі қазан,  пышақтар, түй­мелер мен тері өңдейтін түрлі бұйымдарды аршып алыпты. Тіпті аумақтан адам жерленген қабірдің де табылғанын айта­ды. Соған қарай әлі де көпке беймәлім жатқан аумақ ежелгі қоныстың орны болуы мүмкін деген байлам жасалып отыр. 

– Өзім тапқан тарихи ор­ын­ға күніне 2 сағат көне жәді­герлерді іздеуге шығып тұр­дым. Алғашқы кездері 70-ке таяған шағымда құм арасын аршып, ескі құмыралар мен көне бұйымдарды жинап жүр­генімді ерсі көргендер аз бол­мады. Уақыт өте келе тарихи орынның құпиясын ашып, құнды бұйымдарды тапқан­ымды түсінген соң ғана бұл әре­кетімді үлкен еңбекке балады. Ұзақ жылғы іздені­сімнің арқа­сында археология­лық жұмыс­тардың қыр-сырын да меңгер­дім. Бері келе құнды экс­понат­тар көмбесіне айнал­ған тарихи орынға қазба жұ­мыс­­тарын қолға алған архео­лог-ғалымдар көне бұйым­дар­ды қола дәуірінің мәден­иетіне жатқызып отыр. Қазір бұл орынға елімізден өзге Фран­ция мемлекетінің зерт­теуші ғалымдары да арнайы келіп, ғылыми жұмыстармен айна­лысуға бет бұрып жатыр. Бұл бірінші кезекте менің са­налы ғұмырымда қол жеткіз­ген өлшеусіз еңбегімнің ай­қын жемісі деп сеніммен айта ала­мын, – дейді әуесқой археолог. 

Қабір демекші, ақсақал құнды жәдігерлер көмбесіне айналған аумақтан елімізде сирек кездесетін жұптап жерлеу зиратын да тапқанын жеткізді. Яғни, бейітте ерлі-зайыпты жұптың мүрдесі анықталыпты. Дерекке сәй­кес, бұған дейін мұндай жер­леу әдісі 1965 жылы Қара­қалпақстанның Тақтакөпір ауданынан табылған екен. Ал еліміз бойынша бұл тың жаңа­лық ретінде танылып отырға­нын алға тартады.  

Тапалық тұрғын байлыққа қызығып, құнды олжасын ақшаға саудаламағанын айта­ды.  Осы кезге дейін түрлі бұ­й­ымдарды қомақты қаржыға сатып алуға ниет білдіргендер аз болмапты. Бірақ бірде-бір экспонатты жекенің мүддесіне бермеген. Тіпті қазба жұмыс­тары барысында саф алтыннан құйылған ескі сақинаны да тауыпты. Оны өз қолымен мұражайға өткізген. 

– Жасым 75-ке жеткен соң та­лай жыл жеке қорыма жина­ғ­ан құнды дүниелерімді құр­дымға жіберіп алмауды көп ойландым. Ақырында ұзақ жыл­дар құм қойнауында құпия­сын бүккен бағалы бұй­ымдарды мұражайға та­быс­тауға шешім қабылдадым. Жуырда ғана жеке қорымда сақтаулы тұрған тағы 100-ден астам экспонатты Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырдым. Сол сияқ­ты ауданға қарасты Шә­кен аталатын шағын елді ме­кен мектебінің мұражайына да 300-дей жәдігерімді қой­дым. Осы арқылы кеңестік кезеңде кенжелеп қалған тарихымызды қайта айқын­дауға үлесімді қосуды мақсат тұттым, – деді ақсақал.  

Қазір коллекционердің қоржынында әлі де 80-ге жуық жәдігер сақтаулы. Оның да ел игілігіне пайдалану жол­ында қажеттілігіне қарай музей­лерге өткізуді мақсат етіп отыр. 

Қарияның айтуынша, көне қоныстың орнын зерттеу жұ­мыстары әлі де жалғасып жатыр екен. Соның нәти­же­сінде биыл тағы бірнеше қоныстың орнын ашқанын мәлімдеді. Нақты айтқанда, зерттеуші ғалымдардың ықпа­лымен Шөлқұм деген жер­ден үлкен қоныстың орны анық­талып, қола дәуірі,  неолит дәуірі, ерте темір дәуіріне жа­татын қоныстар табыл­ыпты. Бұл қоныстардан та­былған құнды жәдігерлер Астана қаласына жіберіліп, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Мұны тек бір адамның емес, түгел халықтың қоры деп атауға болады. Ескінің жә­дігерін тауып, сақтап, бү­гін­ге аманат ету – мәден­иетке қосқан үлкен үлес. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 08:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары