Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жартастағы мұралар жетімсіреп тұр

Жартастағы мұралар жетімсіреп тұр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Көненің көзіндей болған бұл құнды жәдігерлер облысқа қарасты Шиелі ауданының аумағында орналасқан. Нақ­ты­сы, Шиелі ауданының Ең­бек­ші ауылынан 50 шақырым жерде жатыр. Жалпы аумағы 500 гектарды құрайтын бұл ескерткіш Қаратау етегіндегі Сауысқандық шатқалы деп аталады. Ғалымдардың пікірі­не сәйкес, бұл тарихи орын осы аймақта осыдан 500 мың жыл бұрын адамдар қоныстан­ған құтты мекен болғанын көрсетеді. 

Жалпы мәліметке сәйкес, петроглиф – тасқа қашалып жазы­лған жазулар. Әлемде ға­лымдар оның пайда болу уа­қыт­ын палеолит дәуірінің соң­ғы кезеңімен байланыс­тырады. 

«Жалпы, Сауысқандық шат­қалындағы петроглиф­тер­дің тарихы тереңнен тамыр тар­тады. Қаратау жотасында­ғы тасқа қашалып жазылған жазулар ежелгі бейнелеу өне­рі­нің ұлы жетістігі саналады. Шатқалдағы сызбалар сан түрлі тәсілмен тасқа қаша­л­ып, түрлі бейнеде салынған. Әсіресе, петроглифтердегі аң-құс бейнелері сол кезең адам­дарының аңшылық пен балықшы кәсібіне арқау бол­ғанын аңғартады. Бір сөз­бен айт­қанда, Қаратау жотасын­дағы тасқа таңбаланған жәді­гер ғасырды ғасырға жалғап, біздің заманға дейін жеткен баба­ларымыздан қалған құн­ды мұра деп айтар едім», – дей­ді жергілікті өлкетанушы Әлімжан Ержанов. 

Кейінгі кезде ғалымдар осы Сауысқандық шатқа­лын­дағы петроглифтердің жойыл­ып кету қаупі туындап тұрға­нын айтып, дабыл қағып жүр. Ең өкініштісі, көп жағдайда жәдігерлерді тарихи орынға барған тұрғындар бүлдіре бас­та­ғанын айтып, вандализм салдарынан көнеден жеткен құн­ды мұра құрдымға кетіп жат­қанына адаңдаушылық білдіруде. Соған сәйкес оны қорғау бағытында тиісті іс-шараларды қолға алу қажетті­гін айтып жүр. 

Жанашыр топтың жанай­қайы ескерусіз қалмай, бұған дейін бұл мәселені бір топ халық қалаулылары да назарға алады. Нәтижесінде, Қызыл­орда облысы әкімдігінің арна­йы қаулысымен шатқалдағы петроглифтердің қорғау аума­ғы бекітілген. Жыл сайын аумақ­қа сенбілік жұмыстары да ұйымдастырылып келеді. Дейтұрғанмен, вандализмге түбегейлі тосқауыл қою үшін ескерткіш аумағы қоршалып, арнайы бақылауға алынуға тиіс деп есептейді. 

«Сауысқандық шатқалын­дағы мәселе әлі де өзекті деп есептеймін. Аталған аумақ қор­ғау тізіміне енгізіліп, ар­найы ескерткіш тақта қойыл­ғанымен, қатаң бақылауға алын­бай тұр. Жалпы, Сауыс­қандық петроглифтерінен бөлек, Жаңақорған ауданы төңірегінде де жартастарға салынған көптеген таңбалар бар. Бұл суреттердің әрбірі түрлі тақырыпты қаузайды. Көп жағдайда тауешкі мен арқардың бейнелері таңбалан­ған. Негізі, жартасқа арқар мен тауешкінің суреті салынуы да бекер емес. Тарихи дерекке сәйкес, ертеректе тауешкі мүйі­зі садақ жасауға пайдала­ныл­ған деген ақпар бар. Ол заманда құрама садақтың бөлі­гіне тауешкі мүйізін жел­ім­­деген. Мүйіз садақтың сынбауына зор әсер ететін көрінеді. Бірақ осы кезде бұл жәдігерлер жойылып барады. Кейбір келушілер жартастағы таңбалардың үстіне аты-жөн­дерін жазып, петрогдифтердің түбегейлі жойылып кетуіне кері әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан тарихи орынға зерт­теу жұмыстарын жедел жүргізіп, қорғау шараларын шұғыл қолға алмаса, қолда бар мұраларымыздан айырылып қалу қаупі басым», – деп өлке­танушы өз ойын толықтырды. 

Сауысқандық шатқалын­дағы жазударды жете зерттеп жүрген жанның бірі – Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбутегі. Музей қыз­меткері жартастағы жазу­лар­дың тарихи мәні зор екенін алға тартады. Оны адамзат мә­ден­иетіндегі маңызды құ­был­ыстың жарқын көрінісі деп есептейді. 

«Жалпы, Шиелі ауданы аума­ғындағы Сауысқандық шатқалы – 2004 жылдан бас­тап зерттеу жұмыстары жүргі­зі­ліп келе жатқан тарихи ес­керт­кіштер кешені. Нақты айтқанда, сол жылдары про­фес­сор-археолог Мадияр Елеуов «Тұран» экспедиция­сымен барлау, зерттеу жұмысы барысында осы Сауысқандық шатқалындағы петроглиф­тер­ді анықтаған. Одан бері көптеген ғалымдар зерттеп жүр. Оның ішінде Қожа Ах­мет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің архео­ло­гия орталығының археологі Сағымбай Мұрғабаев көп ең­бек сіңірді. Сол археолог­тер­дің дерегіне сәйкес, әу баста шатқалдан 12 мыңға жуық тасқа қашалған суреттер анықталғаны айтылды. Бірақ табиғи және адами фактор­лар­дың әсерінен бүгінгі күнге бұл аумақта шамамен 8-9 мың ескерткіш қалғаны жайында жорамал бар», – дейді Бек­болат Темірәліұлы. 

Музей қызметкерінің айту­­ын­ша, көне жазулардың жойылуының бір себебі тау­дың келесі бетінде орналасқан Ваннади кен өндіру зауытына қатысты екен. Яғни, сол уа­қыт­та аталмыш өндіріс орны өнімін жарылыс тәсілімен өн­діретін болыпты. Ал жары­л­ыс кезіндегі жер сілкінісінен жартастар құлап, көптеген петроглифтер үйінді астында қалыпты. 

«Соған орай 2012 жылдары ескерткіш орнын сақтап қалу мақсатында жоғарыда айтып өткенімдей, Түркістандағы уни­верситет археологі Мұрға­баевпен бірлесіп, кен орны­ның басшылығымен келіссөз жүр­гіздік. Нәтижесінде, кен орнының жарылыс жасау аумағының шекарасын белгі­леп бердік. Уақыт өте келе атал­мыш зауыт өнімді жарыл­ыс жасамай алудың тың тәсі­лін қолданысқа енгізіп, бұл мәселе түбегейлі шешілгендей болды. Алайда әлі де көне таң­баларды тамашалауға келуші­лердің қолдан жасаған қастан­дығы салдарынан құнды мұра­­­лардың жойылып кету қаупі сейілмей тұр. Соған байла­нысты құзырлы орын­дар­ға өз ұсыныстарымызды айттық. Нәтижесінде, 2019 жылы аудан­дық бюджеттен қаржы қаралып, ескерткіш аумағы­ның төрт бұрышына қорғау тақтайшадары орна­тыл­ды. Алайда мәселе мұны­мен шешіл­ді деп айтуға кел­мейді. Ендігі кезекте аумақты қорғау мақсатында ескерткіш­ке кіреберіс қақпаға бақылау бекеті ретінде кішігірім керуен сарай салып, ол жерге вахта­лық негізде ауысыммен жұмыс іс­тейтін екі штат бөлінсе дұ­рыс болар еді. Бұл бірінші кезекте, арнайы маманның ес­керткіш аумағын қорғауға ықпал етіп қана қоймай, тур­ис­терге түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуге, тазалық жұ­мыс­тарын қадағалауға үлесі зор болар еді. Осы орайда бұл аумақ­қа керуен сарайын салу­ға мүмкіндік бар екенін айт­қым келеді. Нақты айтқан­да, ескерткіш орналасқан аумақта ваннади кен орнының жұмыс­шылары жататын жа­тақ­хана орналасқан. Осы жатақханаға электр бағаналары тартылып тұр. Осы электр бағаналарын пайдалана отырып, арнайы керуен сарай ғимаратын сал­ып, аумақты жарықтан­ды­руға, келушілер қауіпсіздігіне қа­жет­ті басқа да мүмкіндіктер жасауға болады. Сондай-ақ аумақ тазалығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жөнінде де ұсыныстар айттық. Бірақ, өкі­н­ішке қарай, әлі күнге дейін бұл ұсыныстарымыз қанағат­тандырылмай тұр. Бүгінде атал­мыш мәселе әлі де талқы­ланып жатса керек. Дегенмен де бұл орында қорғау шара­лары жедел қолға алынбаса, тарихи құндылықтарымыздан түбегейлі айырылып қалуы­мыз мүмкін. Ең бастысы, көне жәдігерлерді көзіміздің қара­шы­ғындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау азаматтық парызымыз екенін естен шы­ғармаған абзал», – деп музей­дің ғылыми қызметкері ойын түйіндеді.

Қалай дегенде де, Қаратау­дың қойнауындағы тасқа таң­баланған көне жәдігерлерді қорғау кезек күттірмейтін мәсе­леге айналып тұр. Архео­лог мамандар қолда бар құн­дыл­ы­ғымызды сақтап қалу шарасы бүгіннен бастап қолға алынбаса, ертеңгі күні бәрі кеш болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Шынында да, петрог­лифтер кешенін күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілсе, әлі талай ғасыр тарихи құнды­лығымыз келешек ұрпақтың рухани азығына айналары сөз­сіз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 06:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары