Павлодар түлегі ҰБТ дан 140 балл жинады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Павлодар қаласындағы №7 орта мектептің оқушысы Әлтайыр Әсет ҰБТ-дан толық 140 балл жинады. Оқушымен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.
Әлтайыр ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныптың басында бастаған.
"Қазіргі таңда 140 онлайн курсынан тәлім алып келемін. Негізі 140 балға дайын болдым. Бірақ пенде болған соң, әрине қобалжу болды", - дейді ол.
Әлтайырдың арманы – халқына пайдасын тигізу, әлемдік деңгейдегі белестерді бағындыру.
"Адам өз мақсатына жету үшін әрбір сынға дайын болу керек. Өз мақсатына адал болу керек", - дейді оқушы.
Әлтайыр білім жолында көмектескен барлық жанға алғысын білдірді.
"Осы 140 балға жетуге себеп болған әрбір ұстазыма, кураторларыма, меңгерушілеріме алғысымды білдіремін", - дейді павлодарлық оқушы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 21:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















