Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев "Нафтогаздың" "Газпромға" қарсы ісі бойынша арбитраждық шешімді тану туралы АХҚО сотының шешіміне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев "Нафтогаздың" "Газпромға" қарсы ісі бойынша арбитраждық шешімді тану туралы АХҚО сотының шешіміне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, ең алдымен, процессуалдық контексті түсіну маңызды.

"Сот бұйрығы біржақты тәртіппен - жауапкердің қатысуынсыз шығарылған. Бұл түпкілікті шешім емес: ол хабарлама сипатында және заңды күшіне енген жоқ. Жауапкер белгіленген мерзімде күшін жою туралы өтінішпен жүгінуге құқылы, содан кейін екі тараптың қатысуымен іс толыққанды қаралады. Қазіргі кезеңде қандай да бір орындау туралы айту ертерек", - деді Ерлан Сәрсембаев.

Сондай-ақ ол Қазақстан өзінің құқықтық байланысы жоқ шешімдерді орындау үшін транзиттік алаңға айналмайтынын айтты.

"Республиканың құқықтық тетіктері оның юрисдикциясына жатпайтын дауларды қарауды қарастырмайды, осыған байланысты АХҚО сотының қарастырылып отырған шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды. Айта кету керек, істе АХҚО-мен юрисдикциялық байланыстың негізгі элементтері жоқ: "Газпром" ЖАҚ АХҚО қатысушысы емес, даулы мәміле АХҚО-да жасалмаған, дау АХҚО құқығымен реттелмейді және тараптар тану мен орындау мәселелерін АХҚО сотына беру туралы келісім жасасқан жоқ. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заң АХҚО сотының юрисдикциясын АХҚО-мен байланысты және тараптардың келісімі бойынша оның қарауына берілген даулардың нақты санаттарымен шектейді".

Әділет министрі Қазақстан 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының қатысушысы екенін, оған сәйкес шетелдік арбитраждық шешімдерді орындау орындаушы мемлекеттің процессуалдық нормаларына сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді.

"Біздің жағдайда бұл - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, оның 503-бабында мәжбүрлеп орындату туралы өтініш дау қаралған жер бойынша немесе заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша, ал егер орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жер бойынша берілетіні белгіленген. "Газпромның" орналасқан жері белгілі. Бұл - назардан тыс қалдыруға болмайтын маңызды процессуалдық бағдар".

Сондай-ақ ол "Газпром" ЖАҚ-қа қатысты сот процесі неге АХҚО сотында туындағанын түсіндірді.

"Кез келген тұлға сотқа жүгінуге құқылы, бірақ бұл әрдайым соттың тиісті юрисдикциясы бар дегенді білдірмейді. Жаңа айтқанымдай, АХҚО сотындағы сот процесі әлі аяқталған жоқ. Сот екі тараптың ұстанымын тыңдауы керек, содан кейін түпкілікті шешім қабылданады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Әділет министрлігі мемлекет аумағында шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заң АХҚО сотына АХҚО-ға қатысы бар мәселелер мен тараптарға немесе дауларды қарауды АХҚО сотына беруге өзара келісімге келген тараптарға қатысты юрисдикциялық өкілеттіктер беретінін баса айтқым келеді".

Бұған дейін бірқатар БАҚ АХҚО соты "Газпром" және Украинаның "Нафтогаз" ісі бойынша шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08 Қазан 2026 17:09see110

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары