Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайтында садақа дастарханын жаюға қатысты түсініктеме жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қызылорда қаласындағы «Мүсірәлі ата» мешітінің бас имамы Қайырбек Отызбаевтың айтуынша, марқұмды еске алып, Құран бағыштап, садақа жасау, жеті шелпек пісіру де – қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан діни әрі дәстүрлі үрдіс.
Имам садақа дастарханын жаюды «бидғат» деп үзілді-кесілді жоққа шығаруға болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, кейбір діни ағым өкілдері шариғат талаптарына қатысты өз түсінігін негізге алып, қазақтың дәстүрлі діни рәсімдерін қате бағалап жүр.
«Қазақ халқы дүниеден өткен жақынын еске алып, Құран бағыштап, құрбан шалып, шамасына қарай садақа берген. Соның кең тараған түрлерінің бірі – дастархан жайып, ағайынның батасын алу», – деді Қайырбек Отызбаев.
Оның пікірінше, мұндай мәселелерді талқылағанда діни білім мен дәстүрдің сабақтастығын ескеру маңызды. Сондай-ақ қоғам арасында діни мәселелерге қатысты дау мен алауыздықтың алдын алу қажет.
ҚМДБ өкілінің айтуынша, садақа жасаудың мақсаты – марқұмды еске алып, сауап ниетімен жақсылық жасау және ағайынның басын қосу.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 11:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















