“Қыркүйек” әлде “қыргүйек” Ғылым министрлігі дауға нүкте қойды
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оқу жылының басталуымен әлеуметтік желілерде қыркүйек айының қазақша атауы қалай дұрыс жазылады - "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе деген талас қайта басталды. Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне хабарласып, дұрыс нұсқасын білді.
"Бұрын "қыркүйек" еді ғой, неге "қыргүйек" болып кетті?"
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қыркүйек айының жазылуына қатысты ондаған жазба пайда болды. Бұған мектеп дәптерлері мен оқулықтарында үйреншікті нұсқаның "қыргүйек" деп ауыстырылуы себеп болған.
"Не болып жатыр? "Қыркүйек" қашаннан бері "қыргүйек" болып кеткен?" – деп жазды қолданушылардың бірі.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Тағы бір қазақстандық баласының жұмысын көрсетті, онда мұғалім сөзді түзетіп, жаңа нұсқауға сілтеме жасаған.
"Көмек керек! "Қыргүйек" деп қашаннан бері жазылады? О бастан "қыркүйек" деп жазылатын. Мұғалім жаңа нұсқау келгенін және енді "г" әрпі арқылы жазу керектігін айтады. Олай болса, неге бір шешімге келе алмайды?" – деп жазды ата-ана.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Осындай сұрақтар мектеп оқулықтарына қатысты да туындады.
"Тіпті екінші сыныпта оқитын інім де мына жерде "қыргүйек" деп қате жазылып тұрғаны қалай, "қыркүйек" емес пе деп сұрап жатыр", – делінген желідегі жазбада.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Пікірталас пікірлер бөлімінде де жалғасты. Кейбір қолданушылар "қыркүйек" деп жазу дұрыс десе, басқалары "қыргүйек" нұсқасын қолдайды.
Бұл ретте ата-аналарды мектепте балалардың "к" әрпін "г"-ге түзетіп, ал мектептен тыс жерде үйреншікті жазуды көруі абдыратып отыр.
"Маған мынау қызық: мектепте мұғалімдер "к"-ны "г"-ге түзетеді, ал қала ішіндегі маңдайшалар бұрынғыша жазылған. Балаға кімнің сөзі дұрыс екенін қалай түсіндіреміз?" – деп кейіді желі қолданушысы.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Әзіл-қалжың да айтылмай қалған жоқ. Қазақстандықтар осы логикаға сүйенсе, басқа сөздердің қалай болатынын ойлап таба бастады.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Кейбір қолданушылар тіпті дұрыс нұсқа ретінде "қыркүйек" сөзін көрсеткен нейрожелілердің жауабын да қоса бастады. Бірақ жасанды интеллектің жауаптары тілдік норманы белгілей алмайды.
Бұл талас бір жылдан бері жалғасып келедіАйта кету керек, "қыркүйек" пен "қыргүйек" төңірегіндегі алғашқы дау-дамайлар 2018 жылы басталып, кейін 2021 және 2024 жылдары қайта көтерілген болатын. Атап айтқанда, ата-аналар сөздің мектеп материалдарындағы жазылуына назар аударған.
Бір қызығы, мұғалімдер балалардың "к" әрпін "г"-ге түзеп жатқанда, мемлекеттік органдардың өздері "қыркүйек" деп жазуды жалғастырып келеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламаларында бұл нұсқа тұрақты түрде кездеседі. Сонымен қатар ведомстволардың ресми Telegram-арналарынан "қыргүйек" сөзі жазылған бірде-бір хабарлама таба алмадық.
Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасынан скриншот
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми Telegram-арнасынан скриншот
Мәселенің анық-қанығына жету үшін Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне сауал жолдады.
Ведомство нақты жауап берді: орфографиялық сөздікке сәйкес, "қыргүйек" деп жазу дұрыс.
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген (2013 жылы жарық көрген) орфографиялық сөздікке сәйкес, қазақ тілінде сентябрь айы "қыргүйек" деп жазылады", – деп хабарлады Тіл саясаты комитеті.
Бұл ретте комитет аталған сөздің жазылу нормасы әр жылдары өзгерді ме, жоқ па және бұл мәселеге қатысты тіл мамандары арасында келіспеушіліктер бар-жоғын нақтыламады.
"Бұлай жалғаса бермейді" - оқу-ағарту министрі ата-аналар чаттары туралы
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 12:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















