Дауыс беру аяқталғанымен, ішкі істер органдарының жұмысы жалғасуда ІІМ ресми өкілі
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Құрылтай депутаттарын сайлау күні еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз еркін білдіруіне қажетті жағдайлар жасалды. Бұл туралы онлайн-телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.
«Он мыңнан астам сайлау учаскесінің бірде-бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жалғасып жатыр. Дауыс беру аяқталғанымен, ішкі істер органдарының жұмысы жалғасуда», – деді спикер.
Бұдан әрі сайлау құжаттарын сайлау комиссияларына қауіпсіз жеткізу қамтамасыз етіледі. Полиция барлық іс-шара толық аяқталғанға дейін қызмет атқаруын жалғастырады. Жағдай ІІМ бақылауында.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 22:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















