Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Пайымы биік преамбула

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Көкке көз тіккен күн

Телеаудитория талғамы жаңарды

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

Сыр тарихының көмбесі

Сыр тарихының көмбесі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Келелі кеңесте Мемлекет басшысы музей ісін жаңғыртудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Бұл жайында «Музей ісін дамыту – маңызды міндеттің бірі. Осы ретте Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өткім келеді. Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады», – деп айрықша атап өтуінде үлкен мән бар. Бұл, бірінші кезекте, еліміздегі музейлердің жұмысын дамыту және заманауи форматта жетілдіру бағытында Сыр өңіріндегі музейдің серпінді жұмысына берілген жоғары баға болды. Шындығында, өңірде былтыр ел игілігіне пайдалануға берілген музей ғимараты заманға сай жабдықталып, елімізде тұңғыш рет озық тәжірибе үлгісін көрсетіп отыр. 

Жалпы, музей ұлттық тарихымызды насихаттайтын және жастардың тарихи санасын қалыптастыратын маңызды рухани орталық саналады. Яғни, қоғамның рухани дамуы мен тарихи санасының қалыптасуында мұражайлардың алатын орны ерекше. Бұл ретте Қызылордадағы тарихи-өлкетану му­зейі аймақтың өткені мен бүгінін сабақ­тас­ты­ратын, болашақ ұрпаққа құнды мұра қал­­дыратын маңызды мәдени-ғылыми ор­та­лық­тың бірі ретінде жоғары маңызға ие.

Негізінен, Сыр өңірінде музей тарихы 1939 жылдан бастау алады. Содан бері өңірдің тарихи деректері терең зерттеліп, жинақталып, кеңінен насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

«Сыр өңірінде музей жұмысын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сан алуан. Атап айтсақ, өзге өңірлердегі музейлермен серіктестік байланыс, тәжірибе алмасу, аудандарда ашылып жатқан «Руханият» орталықтарының жұмысын көрсету бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Оның ішінде өзге аймақтармен бірлесіп, көрме ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта өңірімізде Жамбыл облы­сының көрмесі өткізіліп жатыр. Негізінен, өңірде былтыр жаңадан заман талабына сай музей ғимаратының салынуы осы секілді маңызды щараларды өткізуге мүмкіндігімізді арттыра түсті деп айтар едім. Облыс әкімінің қолдауымен бір жыл шеңберінде құрылысы қарқын алған мәдени нысан бүгінде ел игілігіне қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді», – дейді Қызылорда об­лыстық тарихи-өлкетану музейі дирек­торының орынбасары Жаннат Ахметова.

Оның айтуынша, Сыр музейінің 85 жылдық белесінде жаңа ғимаратқа көшірілуі жергілікті халық үшін теңдессіз сый болды. Өйткені осыншама уақыт ішінде аймақтағы рухани орталықтың өзінің жеке ғимараты болған емес. Мәліметке сәйкес, ең алғаш Қызылорда музейі қаладағы көне шіркеу ғимаратында өз жұмысын бастапты. Одан кейін 1980 жылдары Орталық атқару комитетінің шешімімен музейге қала орталығындағы өзгеше архитектуралық стильде салынған бұрынғы қонақүй ғимараты берілген. Содан бері осы ғимаратта 45 жыл бойына туған жеріміздің тарихын өскелең ұрпақтың жадында жаңғырту бағытында толымды тірлік жасалды. 

2025 жылдың 1 маусымынан бастап өзінің дербес ғимаратына қоныстанған Сыр музейі заманауи мультимедиялық технологияларды қолданысқа енгізу арқылы халыққа жаңа форматта қызмет көрсете бастағанын алға тартады. Бұл тұрғыда жаңа ғимараттың қор сақтау қоймаларымен жабдықталуы құнды жәдігерлердің сақталу деңгейін арттырса, сандық және муль­тимедиялық технологиялармен қамтылған 12 экспозициялық зал музейдің ғылыми-ағартушылық әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп отырғанын жеткізді. 

Қазір музейде 70 мыңнан астам жәдігер­ сақтаулы. Оның ішінде 25 мыңнан астам жәдігердің түпнұсқасы бар екен. Бұл бірінші кезекте Сыр өңіріне тереңінен ғылыми зерттеулер жүргізу мен тарихи деректерді нақтылауда ерекше маңызға ие. Осы арқылы музей тек көрме алаңы емес, ғылыми де­рекқор орталығы екенін көрсетіп келеді. 

«Бұл музейдің бұрынғы ғимараттан ерекшелігі – қазіргі рухани орталық заманауи технологиялық, оның ішінде мультимедиялық сандық жүйені пай­далануды жолға қойды. Әрбір залда интерактивті сенсорлық панельдер, LED экрандар, смарт сөрелер бар. Оның ішінде келушілерге үш тілде, яғни қазақша, орысша және ағылшын­­ша мағлұмат бе­ре­тін сенсорлық панельдер – цифрлық қол­жетімділік пен инклюзивті ақпарат алудың нақты көрінісі деп айтуға болады. Сонымен қатар залдардың жасанды интеллект элементтері арқылы 3D модельде жасалуы – музейдің заманауи техноло­гияларды тиімді пайдалануға деген бет­бұрысын көрсетеді. Қазіргі музейдің ор­на­ласу аумағында да артықшылық бар. Бұрынғы нысанның жалпы аумағы әрі кеткенде 1 800 шаршы метрді құраса, бұл ғимараттың аумағы шамамен 3 300 шаршы метрге жуық­тайды. Соның ішінде 2 000 шаршы метрге жуығы 12 экс­по­зициялық залға берілді. Ал 800 шаршы метр музейдегі арнайы экспонаттарды сақтауға арналған жертөледегі қорға тие­сілі. Мұны да жаңа ғимараттың бір ерекшелігі деп айтар едім. Өйткені бұрынғы ғимараттың құнды жә­дігерлерді сақтайтын қорында ылғалы температуралық режимді ұстайтын әрі әр экспонатты белгілі санатына қарай сақтау мүмкіндіктері аз болатын. Бүгінде бұл мәселе толық шешімін тапты. Қазір музей­дегі жәді­герлерімізді өзінің деңгейінде сақ­тауға, зерттеп, зерделеп, келер ұрпақ­қа ама­нат етіп қалдыруға мүмкіндігіміз мол», – дейді Жаннат Дәуренқызы. 

Жалпы, Қызылорда музейіндегі әрбір экспозицияның мазмұны мен тарихи құндылығы жоғары. Оның ішінде музей жәдігерлері аймақтың флорасы мен фаунасынан бастап, палеонтология, археология және этнография, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы (ғарышты игеру), Қызылорда облысының экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы жайында сыр шертеді. Сонымен қатар музей жанында «Музей энциклопедиясы», «Тарих көмбесі», «Тұлғатану», «Бір әулеттің тарихы», «Тарих­тағы сандар», «Музей радиосы», «Жас өлкетанушы», «Бұл үйде кім тұрған?!», «Құн­ды жәдігер», «Жәдігер баян», «Музей тур» атты жобалары музейде атқарылып жат­қан жұмыстардың ауқымдылығын аң­ғартады. Бұл жобалар музейді тек экспо­зициялық мекеме емес, білім беру және зерттеу орталығы ретінде дамыта түскенін көрсетеді. 

«Биылғы Сыр өңірінде Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайда мәдениетке үлкен көңіл бөлінді. Оның ішінде музей ісін жаңғырту, сол арқылы ұлттық құндылығымызды, төл тарихымызды кеңінен дәріптеуге басымдық берілді. Бұл тұрғыда Сыр өңірінің жаңа музейін өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсетуі рухани нысанның жауапкершілігін еселеп арттыра түсті деп айтуға болады. Жалпы, өткен тарихымызда жаңғыртып, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру музей жұмысының басым бағыты саналады. Ал музей өзінің қорында жинақтаған экспонаттарымен құнды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірімізге жұмыс сапары барысында музейімізде арнайы болып, экспонаттармен, музей жұмысымен танысып, жоғары баға берген болатын. Яғни, бұл биылғы Құрылтайда Мемлекет басшысының Сыр өңіріндегі заман талабымен көш түзеген жаңа музейдің жұмыс қарқынын өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсетуіне үлкен негіз болды десек қате­леспейміз. Сондықтан алдағы уақытта да осы сенім үдесінен шығу жолында өміршең жобалар мен нәтижелі жұмыста­рымызды жалғастыра беретін боламыз», – дейді музей директорының орынбасары. 

Жалпы, Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір маңызды міндеттер мен ұтымды ұсыныстар құнды жәдігерлердің қорғанына айналған музей қызметкерлерін қанаттан­дырып отыр. Ал Сыр еліндегі музейдің жаңа заманауи ғимараты – өңірдің архи­тектуралық жаңғыруының жаңа белесін қалыптастырып қана қоймай, музей ісін жетілдіруге, өңірлік туризмнің өсуіне, ғылыми зерттеулердің жандануына және қоғамның рухани жаңғыруына соны серпіліс берді деп бағалауға болады. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 05:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see118

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see117

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see115

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see114

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see113

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see112

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see112

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see111

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see111

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see111

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see110

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see110

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see109

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see109

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see109

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see109

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see109

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see108

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see107

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 18:31see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары