Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Өлке тарихының жаршысы

Өлке тарихының жаршысы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қостанайда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мәдениет саласының өкіл­дері, ғалымдар, өлке­тану­шылар, музей қызмет­керлері қатысты.

Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімінде об­лыстық Мәдениет бас­қармасының басшысы Құрал­бек Атамұ­ратов мұражай ұжымын құттықтап, өңірде музей ісін дамыту бағытында біраз шаруа атқа­рылып жат­қанын тілге тиек етті.

«Кейінгі жылдары облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғима­ратына күрделі жөндеу жұмыс-тары жүргізіліп, инженерлік-комму­никациялық жүйесі, қасбеті мен шатыры жаңартылды. Қазір ғима­ратты жарықтандыру жұмыс­тары жүріп жатыр. Араға отыз жыл салып музей экспозиция­сын за­манауи талаптарға сай қайта жасау жұмыстары бас­талды. Реэкс­позиция келесі жылы аяқта­лып, музей іші жаңа кейіпке енеді. Алдағы жылы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен музей кеңейтіліп, бейнелеу өнеріне арналған тағы бір жаңа арт-нысан ашылмақ. Бұл жергілікті суретшілер мен қол­өнер шеберлерінің шығарма­шылығына үлкен қолдау болаты­ны сөзсіз. Құрметті музей қызмет­керлері, мұндай ауқымды өзгеріс­тер сіздерге зор сенім, үлкен жауап­кершілік артады. Болашақта ұлттық құндылықтарымызды сақ­тап, насихаттау жолындағы еңбек­те­ріңіз жандана берсін!», деді басқарма басшысы.

Ғылыми конференцияның алқа отырысында музей тарихына, мәдени мұраны сақтау, оны насихаттау мәселесіне қатысты соны пікір, сүбелі ой айтылды. Музейдің ғылыми хатшысы Нәзима Оташева көпшілікті мұражайдың ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстырып, музей қорына жаңа келіп түскен құнды жәдігерлер жөнінде баяндап берді.

Тәжірибелі маманның ай-туынша, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап еліміздің орталық архивтерінде, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Орынбор, Челябі, Ташкент қалала­рындағы мемлекеттік архивтерде болып, өлке тарихына қатысты көптеген құжат тапқан. Бүгінде музей қызметкерлері жәдігерлер қорын толықтыру мақсатында Президент архивінде, Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде, Орталық мемлекеттік архивте ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар нәти­ж­есіз емес. Мәселен, Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен Әлжан Байғуриннің 1929 жылдың 20 қаңтарында өткен дәрігерлердің үшінші Қостанай округтік конференциясына қатысушылармен бірге түскен суреті табылып отыр.

«Алаш қайраткері, ғалым, дәрігер, педагог Әлжан Махмұтұлы Байғуриннің халыққа сіңірген еңбегі зор. Қостанайдағы орыс-қазақ училищесін және реалдық училищені, Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Алаш қайраткері Торғай қазақтарының 2-облыстық және Қостанай қазақтарының уездік съездерін өткізуге атсалысқан. 1920–1922 жылдары Мәскеу университетінің медицина және қоғамтану факультеттерінде қатар оқыған. 1922 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетіне ауыса­ды. 1929 жылдан Қазақ АКСР-нің Денсаулық сақтау халық комиссариатында қызмет атқар­ған. Алматы медицина институты клиникасының дәрігері, кафедра меңгерушісі болған. Баспасөз бетінде түрлі аурулар, одан сақтанудың жолдары және оған қарсы күрес туралы көптеген мақала жария­лайды. Медицина саласын­да ал­ғашқылардың бірі болып кан­дидаттық диссертация қорғаған. 1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болды. 1956 жылы есімі қайта ақталды», дейді Нәзима Оташева.

Орталық мемлекеттік архивтен табылған құнды құжаттардың ішінде Тобыл өңірінің атақты байы Бермұхамед Алдияровтың бірнеше суреті бар. Фотосуреттер шамамен 1890–1900 жылдары түсірілген.

«Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің көбі, әсіресе, этнография залын­дағы көне жәдігерлерге қызығу­шылық танытып жатады. Ақ киіз­ден басылып, зерленген айыр қал­пақ, жібек шапан, былғарыдан жасал­ған кісе белбеу, күміспен күп­тел­ген, ақық, перуза тастар қонды­рылған аса сәнді әйел ер-то­қымы, зерлі жіптермен оқа­ланған қамзол, өзбек жібегінен тігілген көйлек, шығыс үлгісіндегі әшекейлі табақтар шындығында да көздің жауын алып тұрады. Келушілер бұл жәдігерлердің иесі кім болған, кім ұстаған деп сұрап жатады. Қым­бат дүниелерге қарап-ақ, оның қа­рапайым адам тұтынған заттар емес екенін байқауға болады. Музей­дің түсім құжаттарына үңілсек, бұл жәдігерлер музей қоры­на сонау 1928 жылдары ВК(б)П-ның Қостанай губкомы арқылы келіп түскенін көреміз. Бәрі – сол жылдары байлардан тәркіленіп алын­ған заттар. Оның көбі Бермұха­­мед Алдияровтың отбасына тие­сілі. Б.Алдияров Қостанай округіне қарасты бұрынғы Сарыой болысының (қазіргі Қарабалық ауданы) басқармасы болған кісі, № 10 ауылда тұрған. Ел арасында өңінің қаралығына қарай Қара болыс атанған», дейді мұражайдың ғылыми хатшысы.

Нәзима Қуанышбайқызының айтуынша, 2025 жылы Қостанай қаласының тұрғыны Жұмабике Тұяқова музей қорына көне сан­дық, құман және басқа да тұрмыс­тық заттарды әкеп тапсырған. Ол заттардың ішінде шамамен ХІХ ғасырдың соңында жасалған көне құман да бар. Бұл дүние­лер тапсырушыға әжесі Жұмакүл Күзембаевадан мұра болып қалған. Ал Жұмакүл әжейдің әкесі Омар Исмаилов (Досов) Бестөбеде болыс басқарған, мал мен мүлкі тәркілеп, Қостанай округі аума­ғынан көшіріліп жібергенше, Жітіқара ауданының №8 ауылында тұрған.

«Бір кезеңде жеке адамның немесе бір әулеттің тұтынған заттары бұл күнде ұлттық мәдени құндылыққа айналып, қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнерінің сирек кездесетін туындылары болып отыр. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің қазақ қолөнері жиынты­ғын қалыптастыруға осындай жә­дігерлер негіз болды. Қаншама жылдар сырғып өтсе де, хас шебер­дің қолынан шыққан бұйымдар өзіндік мәнін жоймай, музейдің аса құнды жәдігерлеріне айналып отыр», дейді музей маманы.

Іс-шараға Астана қаласынан арнайы келген музейтанушы Жолбарыс Нұрсерік музей ісіндегі жобалау жұмысы бойынша, зергер Дастан Хамзин қазақтың зергерлік бұйымдары жөнінде шеберлік сағатын өткізді.

«Жалпы, қазақтың музей ісінің пайда болғанына екі жылдан кейін екі жүз жыл толады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда төрт музей болған деп айтылып жүр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де небәрі 15 шақты музей жұмыс істеп тұрған. Соның ішінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің орны ерекше. Қостанай музейінің қорында 150 мыңда жәдігер бар. Оның ішінде Әбілхан Қастеевтің картиналарының түпнұсқасын көріп қуанып отырмын. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі дегенде, менің есіме бірден «Тобыл ойшылы» түседі. Түпнұсқасы Ұлттық музейде тұр. Соның өзі сіз­дерге үлкен мақтаныш. Соны­мен қатар 110 жылдық тарихы бар музейдің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан реэкс­позиция жүргізіліп жатқаны қуантады», дейді музейтанушы.

Салтанатты іс-шара аясында мұражайдың 110 жылдығына орай жарық көрген «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» атты ғылыми-көпшілік және көркем альбомның тұсаукесер рәсімі өтті. Сондай-ақ музей қорынан алынған құнды жәдігерлерден тұратын «Асыл мұра» атты көрме ашылды.

Қостанай облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары