Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Өркенді өндіріс, берекелі өлке

Өркенді өндіріс, берекелі өлке

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әсіресе, соңғы жылдары аймақта отандық өнімдерге деген сұранысқа сай жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорындар іске қосылып, өндіріс қуаты артқан. Қазіргі күні өңір өнеркәсібін өркендету арқылы импортқа тәуелділікті азайтып, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер өндіру және сапасын арттыру басым бағыт саналады. 

Аймақта 2025 жылдың алғаш­қы тоқсанындағы деректер бо­йын­ша өндірілген тауар көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда, 6,8%-ға артқан. Ірі өндірістік кәсіпорындармен иық тіресе, өңдеу өнеркәсібі бел­сен­ді жұмыс істеп тұр. Металлур­гия, машина жасау, химия, құры­лыс, тамақ өнімі және басқа да сек­­тор­лар өңірдегі өнеркәсіп көл­е­мінің 41%-ын, ал жалпы ішкі өнімнің 18,3%-ын қамтамасыз етіп отыр. Жер­гілікті шағын және орта биз­несті қолдау бағытында «Өркен-2» және «Қарапайым зат­тар эконо­микасы», «Бизнестің жол карта­сы» сияқты мемлекеттік бағдар­ла­малар арқылы жеңілде­тілген несие беру мен жаңартыл­ған инфра­құрылыммен қамтама­сыз ету қолға алынған. Бұл тұр­­ғыда облысқа тартылған ин­вес­ти­ция­лық жобалардың тиімділігі дәл­елденген. Облыс басшылығы ин­вес­тиция тарту арқылы тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығы сала­сын­да серпінді жобаларға барын­ша қолдау білдіріп отыр. Индус­трия­лық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков өңірде бүгінде СТ-КЗ сертификаты бар 145 кәсіпо­рын және индустриялық сертифи­каты бар 52 кәсіпорын жұмыс істей­ді дейді. Оның сөзінше, 2024 жыл­дың соңынан бастап өңірлік нарықта бұрын облыста өндіріл­меген тауарлар шығаратын жаңа өндірістер пайда болды.

Өңірде барлығы 100-ден астам ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдейтін кәсіпо­рын бар. Ашық ақпарат көздерін­дегі дерек­терге сәйкес, облыс аумағында 11 диірмен, 48 наубай­хана, 5 макарон цехы, 7 шұжық цехы, 5 тұшпара цехы, 2 өсімдік майын өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр. Соның ішінде сүт өңдеу бойынша қазіргі уақытта 4 зау­ыт – «Айс-плюс», «Молочные ис­тории-А», «Мәр­төк-сүт» және «Агро­фирма «Тау» серіктестіктері аймақтың сүт өнімдеріне сұраны­сын толық өтеп отыр. Олардың жалпы жылдық қуаттылығы – 68 мың тонна. Ет өңдеуге келсек, 11 кәсіпорын жылына 25,3 мың тон­на өнім өндіреді. Сондай-ақ 3 диірмен мен 4 макарон зауыты астық өңдеуге маманданса, өсім­дік майы өндірісінде «Ақтөбе Фудс» пен «АКМЭЗ» компания­лары жыл сайын 36 мың тонна рафи­над­талмаған май шығарады. Әсіресе, ұн өнімдерінің бәсі биік. Облыстың қайта өңдеу кәсіпо­рын­дарына бірқатар мемлекеттік көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл­шаруашылық өнімін терең­де­те өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субси­дия­лау» бағдарламасы бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарына биыл субсидия қарастырылды. 2025 жыл­дың 4 айында ауыл шаруашы­лығы саласындағы негізгі капи­тал­ға 5,1 миллиард теңге инвести­циялар тартылды. Аудандар­ бо­­йын­ша жоспарлы көрсеткіштердің декомпозициясы бекітілді. Нәти­жесінде, түрлі жұмыс орны аш­ыл­­ып, аймақтағы жұмыс­сыз­дық деңгейі біршама тұрақтанған. Облыста 13 мансап орталығы жұ­мыс істеп тұр. «Жастар тәжіри­бесі», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары сәтті жүр­гізіліп, қайтарымсыз грант алған­дар қатары артқан. Жұмыс­шы мамандықтар жылы аясында биыл Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа орналасты. 

Тұрақты экономикалық өсуі мен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру барысында облыстың ауыл шаруашылығы мен тамақ өнер­кәсібін өркендетуге басым­дық беріліп отыр. Ауыл шаруа­шы­лығына салынған инвестиция бірінші кезекте тамақ өнеркәсі­бінің аяқтан тұруына септесетіні белгілі. Биыл бюджеттен бөлінген 14,5 млрд теңге қаражат ауыл шаруа­шылығы саласындағы кә­сіп­керлерге жасалған үлкен көмек болды десек болады. Ауыл шаруа­шылығы басқармасы мамандары­ның мәліметінше, биыл облыс көл­емінде 296,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем ин­дексі 103,1% құрады. Өңірде мал басы артып, жыл сайын төрт тү­лік­тен көлкөсір пайда көріп отыр­ғандар аз емес. Шаруашылықтарда мүйізді ірі қара – 596,1 мың, қой мен ешкі – 1 228,8 мың, жылқы – 368,2 мың, түйе – 25,7 мың, құс – 1 281,8 мың бас болды. Ет өндірісі – 77,9 мың, сүт өндірісі – 142,4 мың тоннадан асып, өткен жылмен салыстырғанда, 102,5%-ға өсті. 2025 жылдың алғашқы төрт айында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып, 61,4 млрд теңгенің өнімін өндірді.

2023 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жеңілдетілген несие­мен қаржыландыру жобасы өз жемісін беріп үлгерді. Облыстық кә­сіпкерлік басқармасының деректеріне сәйкес, орта және ш­а­ғын бизнес саласында 85 мың­нан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 135-і – тамақ өнер­кәсібі саласы бойынша өңір­ді толық азық-түлікпен қамта­ма­сыз етіп отыр. Қазір Ақ­тө­беде жа­сал­ған өнімдер Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан Әзер­байжан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерге сауда­ла­нады. Облыс бойынша ауыл шаруа­шылығы өнімдерін экс­портқа шығарып отырған ірі кәсіп­орындардың саны 15-тен асады. Олардың арасында мал шаруашылығы шикізатын экс­порт­тайтын 4 кәсіпорын, астық экспорттайтын 7 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Өңірде жалпы 2025-2027 жылдарға инвестиция көлемі 63,2 млрд теңге болатын 50 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл 16,5 миллиард теңгеге 14 жоба іске аса­ды деп жоспарланған. Аймақ­тың ауыл шаруашылығы басқар­масының басшысы Асқар Жүсі­балиевтің сөзінше, мемлекет өңір­де мал шаруашылығын дамы­туға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр.

– Ауыл шаруашылығындағы субсидиялардың көп бөлігі ет және сүт шаруашылығына жұм­са­лады. Кейінгі үш жылда бұл сала­ға 29 миллиард теңге субси­дия бөл­ін­ді, ал 2024 жылы субси­дия көл­емі 5,6 миллиард теңгені құрады. СҚО тәжірибесін тираж­дау бағ­дарламасына 10 миллиард теңге, ал «Ауыл аманаты» жоба­сымен 2,5% жеңілдікпен 4 мил­лиард теңге несие бөлінді. Бұл қара­жат­тың негізгі бөлігі мал шаруа­шы­лығын дамытуға бағыт­талады. Қазіргі уақытта Алға ауданында құны 104,0 млн теңге инвестиция­мен мал сою пунктін салу бойын­ша 1 жоба іске асыр­ыл­ды. Ірі жоба­лардың бірі инвес­ти­ция көлемі 4,6 млрд теңге және 2025 жылдың 1 жартыжыл­дығында іске асыру мерзімімен «АЙС» ЖШС сүт-тауар ферма­сын кеңейту жобасы бар, – деді ол. 

Өңір экономикасына жергі­лікті диқандардың да қосып отыр­ған еңбегі ерен. Биыл аймақ диқан­дары қамбаны 554,4 мың тонна астыққа толтырып тастады. Облыс бойынша дәнді дақылдар 426,4 мың гектар алқаптан жинал­ып, орташа өнімділік гектарына 13 центнер болды. Майлы және көкөніс дақылдары бойынша да жоғары өнім жиналды. Картоп, көкөніс, бау-бақша өнімдері және басқа да күзгі жиын-терін облыс диқандары үшін табысты болды. Ауыл шаруашылығы басқар­масы­ның басшысы Асқар Жүсібәлиев­тің мәліметінше, облыстағы ас­тық қоймаларының жалпы сый­ым­дылығы 685,1 мың тоннаны құрайды. Бұл жаңа өнімді толық қабылдап, сақтауға мүмкіндік береді. 

Мемлекет басшысының агро­өнеркәсіптік кешенді цифр­лан­дыру жөніндегі тапсырмасы ая­сында аймақта ауыл шаруа­шы­лығы жануарларын сәйкес­тендіру жүйесі (АЖС), E-Agriculture АӨК саласын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (ББАЖ), субсидиялаудың бірың­ғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ), «Ауыл Аманаты» халыққа несие берудің ақпараттық жүйесі секілді бағдарламалық жоба­лар қолға алынған. Әсіресе, цифрландыру, дәлме-дәл егінші­лік элементтерін енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бірқатар шаруа­шылықта – «ДиЛэнд» ЖШС, «Ақжар Агро», «Елім Табантал» және басқаларда – John Deere, Claas, New Holland, Case сияқты заманауи техникалар қолданылып жатыр. Олар өнімділік пен жанар­май шығынын есепке алуға мүм­кіндік беретін сенсорлар және навигаторлармен жабдықталған. «Актеп» және «ДиЛэнд» шаруа­шылықтарында метеостанциялар орнатылған, ал Navistar-Asia ком­паниясымен бірлесіп навигация­лық жүйелер енгізілуде. Мәселен, TortTulik мобильді қосымшасы мен ауыл шаруашылығының ақ­параттық жүйесі сияқты цифрлық шешімдерді енгізу есептілікті тиім­ді жүргізуге, қағазбастылықты азайтуға және мал ұрлығымен күрестің тиімділігін арттыратын болады. Сондай-ақ биыл респуб­лика бойынша өткен Ұлттық ауыл­шаруашылық санағына облыстан 7811 жеке қосалқы шаруа­шылық және 9138 шаруа­шылық субъектісі қатысты. 

– «Біз өңір экономикасының тұрақты әрі жүйелі дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Барлық оң нәтиже – мемлекеттік бас­қару деңгейінің, бизнес пен халықтың белсенді еңбегінің жемісі. Алды­мызда жаңа міндет­тер тұр, біз оларды жүзеге асыру үшін жоба­ларға басымдық беруді жалғас­тырамыз. Бұл жобалар халықтың өмір сапасын жақ­сар­туға, инфра­құрылымды дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағыт­талған», – дейді Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаров.

Облыстың 2025-2027 жылдар­ға арналған бюджеті – 1,5 трлн теңге көлемінде бекітілгенін ес­керсек, оның 68%-ы әлеуметтік сала­ға бағытталмақ. Ал құрылыс, энергетика, жол салу мен ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамытуға 91 млрд теңге жұмсалады деп күтілуде.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 07:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары