Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр

ШҚО да Аяз Ата мен Ақшақарлар фестивалі өтті

Ерлер есімі ұмытылмайды

Өлкеде өркенді өмір бар

Өлкеде өркенді өмір бар

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Маңғыстау облысында халық санының өсімі соңғы он жылда оң динамиканы сақ­тап келеді. Әсіресе, балалар саны 2015 жылдан 2024 жылға дейін 231 мың­нан 329 мыңға дейін өскен. Өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы да тұ­рақ­ты өсім көрсетіп, биыл 11 айдағы не­гізгі макрокөрсеткіштер оң нәтижеге жетті. Өңір экономикасының даму «көзі» негізінен өңдеу өнеркәсібі, туризм, ло­гис­тика және балық шаруашылығы саналады. Облыс әкімінің айтуынша, аталған сала­лар­дың дамуына ғылыми және зерттеу ин­ституттарын тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр.

– Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калық зерттеу университетімен, агро­өнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен келісімге қол қойылды. Ал Ш. Есенов атын­дағы Каспий мемлекеттік тех­но­логиялар және инжиниринг универ­ситетімен 2023-2027 жылдар аралығында 6,1 млрд теңгеге өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және тех­но­логиялық міндеттерін шешуге бағыт­талған ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламалары іске асырылуда, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы. 

Облыста құны 10 трлн теңгеден аса­тын 55 инвестициялық жобаны 2026-2032 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған. Жыл басынан бері өңірде 235 млрд теңгеге 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны ашылды. Еліміздегі экспорттық аймақ­тардың бірі – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қызмет ету мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылып, аумағы қосымша 7,9 мың гектарға кеңейтілді және 23 жаңа қызмет түрі енгізілді. «Каспий» әлеуметтік-кә­сіп­керлік корпорациясын толыққанды даму институты ретінде трансформация жа­салып, жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. 

Қыдыр қонып, бақ дарыған, абыздар мен әулиелердің мекені маңғаз, маң дала – Маңғыстаудың қойнауы кие мен қасиетке толы. Мұнда еліміздің түкпір- түкпірінен ғана емес, әлемнің әр тарапынан туристер көп келеді. Олардың саны жыл сайын артып, 2025 жылдың 9 айында 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілді. Былтырмен са­лыс­тырғанда, биыл өсім 13%-ды құ­­ра­ды. Ақтау әуежайы жолаушылар ағы­ны бойынша 4-орында болса, соңғы бес жылда әуежайдағы жолаушылар ағыны 70%-ға артып, 996 мыңнан 1,7 млн адамға өсті. Халықаралық бағытта 11 рейс жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі Нұр­дәулет Қилыбайдың есебінше, өңір шетелдік туристерді қабылдау бойынша 3-орында. Аймақта туризм бағытын дамыту бойынша 2026-2029 жылдары 17,5 млрд тенге болатын 3 жоба іске асырылады деп күтілуде.

– Осы жылы Дубай, Нүкіс бағыттары жаңадан ашылды, 2026 жылдан бастап Қытайға тікелей рейстер ашылады. 2026 жылдың 2 жартыжылдығында Кендірлі әуежайының құрылысы аяқталады. 3 теміржол вокзалын реконструкциялау жұ­мыстары аяқталуда. 2025-2029 жыл­дары құны 198 млрд теңгені құрайтын 17 туристік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Биыл құны 4,6 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қо­сылды. Туризм инфрақұрылымын кезең-кезеңімен іске асыру бойынша нақты жоспар бар, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, Боз­жыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік мау­сымда іске қосылады. Осы орайда биыл Бозжыра бағытын дамыту бойынша 13,2 шақырымды құрайтын жол құрылысы басталды, 2026 жылы электр жүйесі тар­тылады.

– Бозжыра шатқалында сапар орта­лығы­ның құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады. Өзіңізге белгілі, Сауд Арабиясымен Маңғыстау табиғатының ұқсастығы көп, біз олардың тәжірибесін зерттеп, нәтижесінде Боз­жыра шатқалын дамыту жоспарын ай­қын­дап, инвесторлармен келіссөздер жүргізілді. 2026-2029 жылдары 17,5 млрд теңге болатын 3 жоба іске асырылады. Оның ішінде белгілі қазақстандық бренд «Тары» этноорталығы бар.

Өңірдегі туристік локациялардың алшақтығын және оларға бір мезетте жол, тоқ, сумен қамтамасыз етудің бюджетке ауыртпалығын ескере отырып, автоүйлерді кеңінен қолдану арқылы саяхаттың жаңа форматын дамытуды бастадық. Осы орайда 2026 жылы Шерқала тауында глэмпингтер құрылысымен автоүйлерге инфрақұрылым ұйымдастыру жобалары іске қосылады, – деді әкім. 

Өлкенің киесі мен иесі саналатын 5 жерасты мешітін (Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата, Сұлтан үпі) ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары аясында тех­никалық бағалау миссиясы өңірге келіп, бағалау жұмыстарын жүргізіп, құжаттар халықаралық ұйымға ұсынылды.

Голливудтық киностудиялардың фи­льм­дері түсірілген өңірлердің таны­малдығы бірнеше есе артып, кейін түсі­­рілім алаңдарына келушілер саны ай­тарлықтай көбейді. Бұл бағыттар тұрақты түрде туристік маршруттарға айналуда. Танымал әлемдік кинорежиссер жаңа ірі киножобасының негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Түйе сүті экспортталады

Маңғыстау облысы энергияның баламалы көздері саналатын жерасты термалды суларына өте бай. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндағы термалды судың құрамы Карловы Вары, Есентуки сияқты әйгілі курорттардың суларымен теңесе алады. Сондықтан өңірде термалды бас­сейндері бар 150 орынға арналған са­наторий-курорттық кешенін салу қолға алынған. Жоспар бойынша жоба 2027 жылдың 2 тоқсанында аяқталады.

– Өңірде бірнеше термалды көздер орналасқан. Кеңес Одағы кезеңінде бар­ланып, салынған скважиналарды тү­гендеу, паспорттау және Ресей мен Че­хия елдерінің зертханаларында тиісті зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде минералды сулардың емдік қасиеттерге ие екені расталды. Судың құрамы Карловы Вары, Есентуки сияқты әйгілі курорттарға тең, – деді Нұрдәулет Қилыбай. 

Аймақта термалды су көздері көп болғанымен, ұзақ жылдар бойы халық ауызсу тапшылығының зардабын тарт­қаны жасырын емес. Бұл мәселені шешу бағытында Ақтау қаласында 46 мың текше метр суды тұшытатын қондырғы іске қосылды, осы жұмыстардың нәтижесінде биыл жазда ауызсу тапшылығы болған жоқ.

– Кендірлі курорттық аймағында өнімділігі тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын теңіз суын тұшыту зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт Жаңаөзен қаласы және жақын маңдағы ауылдарды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етеді. Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтып отырған Астрахань – Маңғышлақ су құбырына жүктеме азаяды және аталған су құбырынан босап шыққан 26 мың текше метр су көлемі Бейнеу ауданы Бейнеу ауылына, Қарақия, Мұнайлы, Қызылтөбе, Маңғыстау ауданының ауылдарына жі­бе­ріледі. Құрық ауылында өнімділігі тәу­лігіне 10 мың текше метр су тұшыту қондырғысын орнату жобасы аяқталды. Бұдан бөлек, Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарында су мәселесі түбегейлі шешілді, – деді спикер.

Қазір облыстағы 790 шақырымды құрайтын жылу желілерінің 61%-ның тозығы жеткен. Оның басым бөлігі Ақтау қаласында. Бүгінде 64 шақырым жылу желі­лерін жаңарту жобалары аяқталды. Нәтижесінде, Ақтау қаласы бойынша тозу деңгейі 79%-дан 70%-ға төмендеді және жылыту маусымы кезеңінде ақаулар саны 118 бірлікке азайды. Электр энергиясына қажеттілікті және «МАЭК» ЖШС жөндеу жұмыстары кезеңінде резервті қамтамасыз ету мақсатында Huadian компаниясымен қуаты 160 МВт құрайтын бу-газ қондыр­ғысының құрылысы басталды. Ол 2027 жылы пайдалануға беріледі.

Суы бал, топырағы құнарлы аймақта ауыл шаруашылығын дамыту бағытында да келелі істер қолға алынған. Биыл ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 22,4%-ға көбейді. Жергілікті өнімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында сыйымдылығы 4 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасы салын­уда. Салада 2025-2027 жылдары 23,6 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба  іске асырылады деп күтілуде. Биыл 1,3 млрд теңгеге 43 ветеринариялық пункт салынып, барлық ветеринариялық ұйым қызметтік автокөлік және жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.

Аймақтың климаттық жағдайы мен орналасу ерекшеліктері түйе шаруа­шылығын дамытуға қолайлы. Бүгінде өңірде 95 мыңға жуық түйе басы тіркелген. Түйе сүтінің өнімдерін экспортқа шығару мақсатында түйе сүтін терең өңдеуге бағытталған 3 ірі ин­вестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айнал­дырып, экспортқа шығару жоспарланған.

– «Қарағантүбек» ЖШС-ындағы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын сауын түйелердің санын 2000 басқа дейін көбейту және құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт салу жоба құрылысы 2026 жылы басталады. Зауыт жылына 100 тоннаға дейін түйе сүтін қайта өңдей алады. Жобаға 1,0 млрд теңге несие алуға құжаттарын жинақтауда. Биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды (жалпы құны – 600 млн теңге, күніне 400 тонна сүт өндіреді).

Ал өңірдің ерекше әлеуетті даму бағыттарының бірі саналатын аква­шаруа­шылық бойынша 2025-2027 жылдарға 4 ірі жоба жүзеге асырылуда.

– Солардың бірі – теңіз албырт тұ­қым­дас балығын тор қоршамада өсіру шаруашылығын құру жобасы. Қазір елімізге балықтың біраз бөлігі Еуропа елдерінен импортталады (жылына 8000 тоннадан астам), келесі жылы 1300 тон­на албырт тұқымдас (лосось) балық өсі­­ру арқылы, импорттың 16%-ын қыс­­қар­тамыз. 2029 жылға қарай 5 000 тон­наға дейін көбейту жоспарланған. Нә­тижесінде, ел бойынша импорттың ша­мамен 60%-ын қамтамасыз етеді», – деді әкім. 

Биыл кәсіпкерлерге 16,3 млрд теңге бөлініп, 167 жобаға қолдау көрсетілді. Жеңілдетілген кредиттер беру арқылы кә­сіпкерлік қызметті ынталандыруға ба­ғытталған «Өрлеу» жаңа бағдарламасы іске қосылып, 8,4 млрд теңгеге 70 жоба қолдау тапты. Шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлік нысандар 1 трлн теңгеден астам өнім шығарды. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны – 147 400 адам, бұл экономикалық белсенді халықтың – 40%--ын құрайды. Облыста өзекті мәселелердің бірі болып отырған жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында аудан, қала тұрғындарымен кездесулер аясында өңірдегі ірі мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, мәселе тұрақты бақылауға алынған. Ха­лықтың әлеуметтік осал тобына жататын 14 675 тұрғын бар болса, биыл 552 отбасы баспанамен қамтылды.  

Халықаралық сауда-логистикалық хабы құрылады

2025-2026 жылдар аралығында Маң­­ғыстау облысының аумағында респуб­ликалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзын­дығы 491 шақырымды қамтитын 16 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүр­гізілуде. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда. 

Маңғыстау облысы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы биыл жүк тасымалының көлемі 20%-ға артып, 2,5 млн тоннаны құрады.

– Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі теңіз портының тиімді жұмысына теріс әсер етуіне байланысты теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жедел түрде қолға алдық. Былтыр Құрық портында тереңдету жұмыстары жасалды. Келесі жылы Ақтау теңіз сауда порты акваториясын аумағында тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Semurg Invest пен Freeseas Container Shipping компаниялары бірлесіп, 2027 жылға дейін флотты 6 кемеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Оның ішінде, биыл жүк көтерімділігі 7 000 тоннаны құрайтын Nasipkali Marabayev атты құрғақ жүк кемесі іске қосылды. Грузиндік Georgian Industrial Group компаниясы Құрық және Алят (Әзербайжан) порттары арасында тұрақты теңіз паром қатынасын ұйымдастыру үшін 6 паром сатып алу жобасын ұсынды. Оның ішінде 2 паромды 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда. Қазір паромдар Ыстанбұлдан жолға шығып, Ресей шекарасында тұр. Қазақстанға 2026 жыл­дың бірінші жартыжылдығында келеді деп күтілуде. Жыл сайын 2 паромнан іске қосылып, 2028 жылға дейін толықтай 6 паромды қамтиды. Жоба Қазақстанның отандық паром паркін қалыптастыруға, жүк айналымын арттыруға, кеме қаты­насының дамуына ықпал етеді, – деді өңір басшысы.

Аймақ басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің инвес­торларды тарту бойынша тапсырмасы аясында 1 жылдық келіссөздер нәтижесінде 2026 жылы Жаңа теңіз порты жобасы басталады. Бұл қытайлық «Тянцзинь Гою Учан Групп» компаниясының филиалы «Джонюнг Интернешнал» компаниялар тобының «Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу» жобасы (жоба құны – (1 кезең) 300 млн АҚШ доллары).

– Қазір жер учаскесі анықталып, рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялар туралы келісімді жасауға тиісті құжаттар дайындалуда. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың 2 тоқсанында басталады. Жоба «Қытай – Қазақстан –  Ақтау –  Баку –  Поти –  Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізінің қалып­тасуына ықпал ететін болады, – деді ол.

Маңғыстау өңірі халықаралық сау­да-саттыққа қолайлы аймақ саналатын­дықтан, көлік және логистика саласы­ның перспективті жобасы – «Ақтау – Қазақстанның батыс қақпасы» халық­ара­лық сауда-логистикалық хабын құру жо­басы жүзеге асырылуда. Бұл жоба Құ­рық портына жақын жерде «құрғақ порт» элементтерін қамтитын болады және Қытайдан Хоргос арқылы Кавказ, Иран, Түрікменстан, Каспий және Еуропа елдеріне жүк транзитін қамтамасыз етеді.

Аталған жобалардың іске асырылуы нәтижесінде 2030 жылы еліміздің теңіз порттары мен терминалдарының жылдық өткізу қабілеті 22,3 млн тоннадан 60 млн тоннаға өсетін болады (2 700 жаңа жұмыс орнын құрумен) деп жоспарланған. 

Шөлейттерде жасыл желек жайқалып тұр

Биыл Ақтау қаласы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» статусын абыроймен атқарып шықты. Аталған жоба елімізді халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді. Ашылу салтанатында әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайберген мен түркі елдерінің жұлдыздары өнер көрсетіп, оны 150 мыңға жуық көрермен тамашалады. Мерейлі жыл аясында 30-дан астам халықаралық жобалар жү­зеге асырылып, оларға алыс-жақын шетел­дерден 3000-нан астам өнерпаз қатысты. 

– 2025 жылы Бекет ата Мырзағұлұлы­ның 275 жылдығы ауқымды деңгейде өткізілді. Халықаралық ғылыми конфе­рен­ция, республикалық аламан бәйге, қазақша күрестен турнир және 10 мыңға жуық адам қатысқан ас ұйымдастырылды, –  деді әкім.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық эко­логиялық акциясы өткізілуде. Эко­логиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бұл жоба Маңғыстау халқының саналы әдетіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын тұрғындар саны көбейген.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына жыл басынан бері 130 мың адам қатысты, 32 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жоба аясында 2 100 техника жұмылдырылып, нәти­же­сінде 39 мың тонна қоқыс шығарылды.

Қала және аудан әкімдіктеріне құны 12,5 млрд теңгені құрайтын 115 арнайы техника табысталып, Ақтау қаласында жеке кәсіпкер «Жасыл Даму» АҚ арқылы 1 млрд теңгеге 25 қоқыс шығаратын көлік, 235 млн теңгеге 2 мың контейнер алып, жұмысын бастады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» гео­порталы бойынша 2025 жылы Маңғыстау облысында 61 нүктеде рұқсатсыз орналас­қан қоқыстар анықталып, оның 91%-ы жойылды. Олардың қайта пайда болуы­ның алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Өз­дері­ңіз­ге белгілі, бүгінде облыстың эко­­­логиялық өзекті мәселесінің бірі – «Қош­қар ата» қалдық қоймасы. 2024 жылдың мамыр айынан бастап қосымша зерттеулерге байланысты «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру (4279 гектар жерді 30 см биіктікте топырақпен көму) жұмыстары тоқтатылды. Бүгінгі күні биологиялық рекультивациялау жобасы әзірленді, бұл бүкіл периметр бойынша қалдық қоймасын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған.

Қазір бұл аумақ толықтай қоршаумен қоршалып, жерді дайындау (жер жырту) жұмыстары аяқталды. 2026 жылдың соңына дейін 1 миллионға жуық сексеуіл егу жоспарлануда, биыл 770 мың сексеуіл егілді, – деді Нұрдәулет Игілікұлы. 

Сонымен қатар бұрынғы Ақтау плас­тикалық массалар зауытынан қалған қауіпті қалдықтарының 211 түрі толықтай жойылды. Ауылдардың шөлейттенуіне қарсы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында өңірде құм тоқтату жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде жеті ауылдың 3 500 гектар жерінде жасыл желектер (сек­сеуіл) жайқалып тұр. Нұрдәулет Қилы­байдың есебінше, соңғы үш жылда жалпы өңірлік өнім көрсеткіші тұрақты өсуде. 2024 жылы өсу көлемі 5,0 трлн теңгені құрады. Алға қойылған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көлемін 8 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырма­сына сәйкес жүзеге асырылып жатқан Маңғыстау облысының дамуына ықпал ететін стратегиялық жобалардың қай-қайсысына тоқталсақ та, олардың бар­лығы ел игілігі мен халық тұрмысын кө­теру мақсатын қамтитынын көруге болады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:37
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

24 Желтоқсан 2025 15:49see106

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

24 Желтоқсан 2025 22:19see105

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

24 Желтоқсан 2025 04:05see104

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

24 Желтоқсан 2025 15:21see104

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

25 Желтоқсан 2025 02:32see104

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

24 Желтоқсан 2025 18:33see104

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

24 Желтоқсан 2025 22:20see104

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

24 Желтоқсан 2025 14:44see104

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

25 Желтоқсан 2025 02:41see104

Боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді

23 Желтоқсан 2025 16:56see103

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see103

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

24 Желтоқсан 2025 04:05see103

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see103

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

25 Желтоқсан 2025 02:35see103

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25 Желтоқсан 2025 02:42see103

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

24 Желтоқсан 2025 14:46see102

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

24 Желтоқсан 2025 05:16see102

Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр

25 Желтоқсан 2025 01:01see101

ШҚО да Аяз Ата мен Ақшақарлар фестивалі өтті

24 Желтоқсан 2025 05:02see101

Ерлер есімі ұмытылмайды

25 Желтоқсан 2025 09:09see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары