Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Лондондағы Мисс Кәусар

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Жалғанса өмір өзегі

Жалғанса өмір өзегі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда бұл мүмкіндік толық пайдаланылмай отыр. Өйткені заңда жазылған ереже бар, әр адамның таңдауынан бөлек, туысының шешімі де ескеріледі. Қазір елімізде 4 мыңнан аса адам ағза трансплантациясын күтіп отыр. Олардың қатарында кішкентай балалар да бар. Бұл – жай ғана статистика емес, әрбір сандардың артында тағдыр мен күрес, үміт пен сенім тұр.

2020 жылға дейін заң бойынша адам көзі тірісінде «донор боламын», я «донор болмаймын» деп ресми түрде жазбаса, қайтыс болған соң оның ағзасын алуға рұқсат болатын. Ал жаңа ережеге сай, енді бәрі марқұмның туыстарының шешіміне тәуелді. Медицина ғылымдарының док­торы, профессор Жақсылық Досқа­лиев­тің айтуынша, ағзаға мұқтаж адамға тек жақын туысы донор болса, тәуекелдік екі адамның басына қатар туады.  

– Қазір елімізде донорлық тақыры­бында бірқатар мәселе бар. Мысалы, науқасқа тірі адамнан не болмаса жақын туысынан трансплантация жасалды делік. Бірақ келешекте донордың өзі реципиент болып қалуы мүмкін. Өйткені қазір реципиенттердің мұқтаждығы жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек және көздің алдыңғы терезесі сияқты ағзаларға артып отыр. Ал бұл ағзаларды мәйіттен трансплантация жасау процесі елімізде әлі де кешеуілдеп келеді. Адам көзі тірісінде донор боларын я болмасын айтқанымен, о дүниелік бол­ған соң туыстардың рұқсатын сұрау керек. Көп жағдайда олар келісім бермейді. Осындай екіұшты пікірдің түйіні шешіл­мей отыр. Парламентте осы заң қайта қаралады. Оған қоғамның да пікірі керек болатын шығар деп ойлаймын. Адам қайтқаннан кейін мәйітке оның ағзасы керек емес. Көп болса бір 5-6 жыл жердің астында жатқанда, дымда қалмай еріп кетеді. Бірақ бір мәйіт 5 адамның өмірін жалғастыруға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде орган 70-80% мәйіттен алынып салынады. Ал Еуропа елдерінде, соның ішінде Италия, Германияда органды 90% мәйіттен алады. Дамыған елдер қатарына қарай келе жатырмыз дейміз ғой. Ендеше, санамызды да түзеуіміз керек. Донор болуға асығайық, – деді ғалым.

Үміт пен ғылымның тоғысы

Донор болу бір басқа да, ағзаны сату басқа. Елімізде мұндай заңмен тыйым салынған әрекетке барғандар да, екі ортада делдал болғандар да жауапқа тар­тылады. Сондықтан қазіргі таңда донор­лық мә­дениетті дамыту – тек медицина саласының емес, қоғамның жалпы гуман­ис­тік даму деңгейін айқындайтын көр­сеткіш. Орта есеппен жыл сайын 200-300 пациентке ағза трансплантациясы жаса­лады екен. Елімізде 40 донорлық стацио­нар жұмыс істейді, сондай-ақ ағза транс­плантациясын жүзеге асыруға лицензиясы бар 7 жоғары маман­дан­дырылған орталық қызмет көрсетеді: үшеуі – Астанада, біреуі – Алматыда, сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе және Түркіс­тан қалаларында орналасқан.

Медицина ғылымының кандидаты, дәрігер-кардиохирург Тимур Достайұлы трансплантацияның негізгі қағидасынсыз орган алмастыру мүмкін емесін айтады. Яғни, негізгі қағида – трансплантацияға қажет органды таңдау әр науқаспен жеке-дара жүргізіледі, оның ішінде науқастың жеке ерекшеліктері мен жасуша тіндерінің үйлесімділігі сияқты маңызды критерий­лер де ескеріледі. Айтуынша, егер науқас­қа қажетті ағза табылмаса, донорлық орган сәйкес келмесе немесе оның жағ­дайы күрделі болса, онда механикалық циркуляторлық қолдау құрылғысы ұсын­ылады. Бұл құрылғы сол жақ қарынша-­ның қызметін уақытша атқарып, жүрек­тегі қан айналымын тұрақтандырады. Нәтиже­сінде, ол науқастың өмірін сақтап, дон­орлық ағза табылғанға дейінгі кезеңде жүректің жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүрек трансплантациясы әр науқасқа бірдей жасала бермейді – ол адамның жалпы жағдайымен қатар, жүретін ауруларына байланысты қатаң медициналық көрсет­кіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. 

– Жүрек трансплантациясы – ең күрделі оталардың бірі, сондықтан ол өмір сүру ұзақтығы шектеулі немесе ағзасы айтарлықтай әлсіреген науқастарға жа­салмайды. Себебі мұндай операция ор­ганизмге үлкен салмақ түсіреді және қалпына келу кезеңі де күрделі өтеді. Трансплантация инфекциялық үдеріс белсенді жүріп жатқан науқастарға да қарсы көрсетілген. Мысалы, бактериялық немесе вирустық аурулар кезінде ота жасау отадан кейінгі асқынуларға алып келіп, науқастың жағдайын күрт нашар­латуы ықтимал. Ота жасалмайтын тағы бір санат – декомпенсация кезеңіндегі науқастар. Бұл кезде бүйрек, бауыр немесе өкпе сияқты өмірлік маңызды ағзалар өз қызметін толық орындай алмайды. Мұн­дай жағдайда алдымен сол ағзалардың жұмысын тұрақтандыру қажет, тек содан кейін ғана пациентті трансплантацияға дайындау мүмкін болады. Өкінішке қарай, Қазақстанда донорлық ағзаларға қолже­тімділік аймақтар бойынша біркелкі емес. Трансплантология саласында бел­сенділік байқалатын өңірлердің қатар­ында солтүс­тік аймақтар Петропавл, Көкшетау, Қостанай және Павлодар қалалары бар. Донорлық органдар туралы мәліметтер көбіне дәл осы өңірлерден жиі түседі. Сондықтан жүрек трансплант­ациясына қажетті ағзалардың едәуір бөлігі де осы аймақтардан алынады, – дейді ол.

Былтыр елде шамамен 250 ағза транс­плантациясы жасалыпты. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім барын көрсе­теді: 2023 жылы мұндай операциялар саны 200-ден сәл асқан болатын. Деген­мен көр­сеткіштің артуына негізінен тірі донор­лар себеп болған. Барлық отаның ішінде 227-сі – туыстық донор­лық, ал небәрі 23 жағдай ғана – өлімнен кейінгі донорлардан алынған ағзаларға тиесілі. Бұл статистика елімізде постморталды донорлықтың үлесі әлі де төмен, шамамен 15 пайыз шамасында екенін аңғартады. Донорлық ағзалар алынғаннан кейін әр сағат қымбат бола түседі. Криокамера жағдайында өкпе небәрі 6-8 сағат, бауыр – 12 сағат, бүйрек – 24-36 сағат, ал жүрек бар болғаны 4-6 сағат қана сақталады. Ал егер Transmedicus аппараты қолданылса, жүректі 24 сағатқа дейін тірі күйде ұстауға мүмкіндік бар.

Жаңа тыныс, жаңа тағдыр

Бүгінде медицинаның дамуы талай жанға жаңа өмір сыйлап отыр. Өмір мен өлімнің арасындағы арпалысты бастан өткеріп, жаңа тынысқа ие болған жанның бірі – Бибігүл Жүкенова. Оған емі жоқ аурудың диагнозы қойылған. Яғни, тек өкпе трансплантациясы жасалғанда ғана дертінен айығып, қиындығы артта қала­тыны айтылыпты. 

– Маған сау өкпені трансплантациялау керек болды. Алайда 2014 жылдары мұн­дай ота елде жасалмайтын еді. Басқа елге бар­ғым да келмеді. Екі жылдан кейін, Жүрек орталығында өкпені транспл­антациялау бағдарламасы басталды. Сонда мені шақырып, күтушілер тізіміне қосты. Тізімде кезегімді үш жыл күттім. Сол кезеңде денсаулық жағдайым жақсы болмады. Тіпті жүре алмай, арбаға таңыл­дым. Оттегі концентратын тағып жүрдім. Қай жағынан алып қарасақ та қиын болд­ы, кеудеге ауыр тасты қойғандай боласың. Үмітім әбден үзілгенде донор табылды. Жас жігіт қайтыс болыпты. Жі­гіттің өкпесін маған беруге анасы келісім беріпті. Ота сәтті жасалды. Донордың ата-анасының алдында мәңгі қарыз­дар­мын, – деді реципиент Б.Жүкенова.

Үміті үзілмеген жандардың тағдыры донорға байланып тұр. Мұндай тағдыр күй әлемінен де тыс қалмады. Нақтырақ айтқанда, күйші, қазақ музыкасының шебері Қаршыға Ахмедияровтың «Күт­кенде» деген күйі бар. Бұл – күйші тағ­дырын, нақтырақ айтқанда, бүйрек тран­­плантациясын күтіп жатқанда шы­ғар­ған күйі. 2000 жылдардың басында Қаршыға Ахмедияров бүйрегін ауыстыру үшін Қытайға барады. Өзіне донор табылғаны­мен, қасында жатқан 23 жас­тағы қырғыз азаматына донор табыл­мап­т­ы. Күйші, профессор Нұрғиса Дәуе­шев бұл оқиға тура­лы еске алып, күй қан­дай жағдайда туғанын тарқатып айтып берді.

– Қаршыға аға бүйрек транплан­тациясын 6 ай бойы күтіп жатқан. Сондай жанына ауыр күндері домбыраны серік етіпті. Қасында Руслан деген қырғыз жігіт болған. Ол да өзіне донор іздеген. Қаршы­ға ағаның отасы сәтті шықса да, Русланды әбден уайымдап, «Адам үмітін сындырмау керек, күткен сайын Алланың есігі ашыла­ды», деп қырғыз азаматына арнап «Күткенде» күйін шығарған. Бауырлас халықтың ұлына арнаған күйінің мақса­ты – өмірде ешқашан сынбау керек, өмірді жалғау керек, күтсек Жаратқан бәрінің жолын ашады деген ой. Күй басталысымен-ақ адамның бүкіл өмірін суреттейді, – деді күйші.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2012 жылы алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған сәттен бастап отандық дәрігерлер бауыр, бүйрек, жүрек, көздің мөлдір қабығы сынды маңызды ағзаларды алмастыру оталарын сәтті меңгерді. Ал 2015 жылдан бері өкпе трансплантациясы да тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Жақын арада балаларға жүрек пен бауыр транс­плантациясын жүргізу, сондай-ақ ағза кешендерін транспланттау жоспарланған. Әрбір азаматтың саналы таңдауы – бір­еуге үміт, бір отбасына қуаныш сый­лауы мүмкін. Сондықтан донорлық мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы әрі ортақ жауапкершілік. Адам өмірінен асқан құндылық жоқ, ал таңдау өміршең бағытқа жол сілтейді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 06:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see117

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see113

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see112

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see110

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see108

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see108

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see107

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see107

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see106

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see106

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see105

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see104

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see104

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see103

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see103

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see103

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары