Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Кинотеатрда попкорнға шашалып, қайтыс болды Денсаулық сақтау министрлігі қайғылы оқиғаның мән жайын ашты

Кинотеатрда попкорнға шашалып, қайтыс болды Денсаулық сақтау министрлігі қайғылы оқиғаның мән жайын ашты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде 29 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді, толығырақ - Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде 29 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді, толығырақ - Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 17 мамыр күні Алматыдағы СОО-лардың біріндегі кинотеатрда болған. Марқұмның жақындарының айтуынша, ер адам фильм басталар алдында попкорн сатып алып, кенеттен қақалып қалған. Кейін тамағы жыбырлап, жүрегі ауырғанын айтып, есінен танып құлаған.

БАҚ мәліметінше, оқиға орнындағы адамдар мұны жүрек талмасы деп ойлап, жүрекке массаж жасауға тырысқан. Алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

Кейін бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Қайғылы оқиғаның хронологиясы

Денсаулық сақтау министрлігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында оқиғаның хронологиясын түсіндірді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, 103 пультіне шақырту 17 мамыр күні сағат 18:13-те түскен. Хабарласқан адамдар сауда орталығының кинотеатрында 30 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын айтқан.

Министрлік жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына сағат 18:19-да, яғни шақыртудан кейін 6 минут ішінде жеткенін нақтылады.

"Шақырту картасына сәйкес, бригада келген сәтте биологиялық өлім белгілері тіркелді: ес-түссіз, тыныс алу жоқ, ЭКГ-да асистолия, тері жамылғылары бозғылт-көкшіл, мәрмәр тәрізді. Қарашықтар кеңейген, жарыққа реакция жоқ. Белоглазов симптомы оң. Өлім фактісі расталды", – деп хабарлады министрлік.

Анықтама ретінде айта кетсек, ЭКГ-дағы асистолия – жүректің электрлік белсенділігінің толық тоқтауы. Ол электрокардиограммада түзу сызық түрінде көрінеді және жүректің тоқтағанын білдіретін белгілердің бірі саналады.

Ал Белоглазов симптомы, яғни «мысық көзі» белгісі медицинада биологиялық өлімді растау үшін қолданылатын белгілердің бірі.

Полиция не дейді

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мамыр айының соңындағы жағдай бойынша ер адамның өліміне қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауда, сотқа дейінгі іс жүргізудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі қамтамасыз етіледі", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

СОО қызметкерлерін оқыту қажет пе?

Біз Денсаулық сақтау министрлігінен Қазақстанда қоғамдық орын қызметкерлерін алғашқы көмек көрсету дағдыларына міндетті түрде оқыту талабы бар-жоғын сұрадық.

Министрлік медициналық білімі жоқ адамдар үшін алғашқы көмек көрсету тәртібі мен стандарттары арнайы бұйрықтармен реттелетінін түсіндірді.

Ведомство елімізде медициналық білімі жоқ, бірақ алғашқы көмек көрсету курстарынан өтуге міндетті тұлғалардың тізімі бекітілгенін атап өтті. Олардың қатарында:

халықпен жұмыс істейтін ішкі істер органдарының қызметкерлері; Қарулы күштер, ҰҚК және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері; өртке қарсы қызмет мамандары мен авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары; әуе, су және теміржол көлігі экипаждарының мүшелері; қоғамдық көліктің барлық түрінің жүргізушілері; ведомстволық және жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері; білім беру ұйымдарының қызметкерлері, соның ішінде мұғалімдер мен балабақша қызметкерлері; қауіпті өндірістік нысандардың қызметкерлері; сондай-ақ медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері бар.

Министрлік бұл түсіндірменің заң тұрғысынан міндетті күші жоқ екенін және ұсыныс сипатында берілгенін атап өтті.

Бұл ретте ведомство жауабына сәйкес, сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметкерлері мен кинотеатр бақылаушылары алғашқы көмек көрсету курстарынан өтуге міндетті тұлғалар тізіміне кірмейді.

Tengrinews.kz редакциясы СОО әкімшілігіне де ресми сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте жауап түскен жоқ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Мамыр 2026 12:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары