Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Мәжіліс депутаттары лудоманияны емдеу мәселесін талқылады

Мәжіліс депутаттары лудоманияны емдеу мәселесін талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында  есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова 2026 жылдың басындағы есеп бойынша психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқуры бар 108 мыңнан астам адам динамикалық тіркеуде тұрғанын хабарлады. Оның 18 мыңға жуығы – нашақорлар, 90 мыңнан астамы – алкоголизммен ауыратындар. Ал ойынқұмарлық  белгілері бар азаматтардың саны болжам бойынша 450 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, проблема шын мәнінде әлдеқайда ауқымды.

– Алайда бүгінде басты нәрсе проблеманың ауқымына ғана емес, емдеудің қаншалықты тиімді екеніне байланысты болып отыр. Нашақорлыққа шалдыққан науқастардың 70-80%-ы алғашқы жылы қайтадан есірткі тұтына бастайды. Қазақстанда олармен жұмыс істеу жүйесі кешігіп әрекет етеді. Іс жүзінде адам стационардан шығып, кейін жұмыстың және қолдаудың жоқтығынан бұрынғы ортасына қайтып барады, – деді депутат.

Бұл ретте Айна Мысырәлімова алдын алу, ерте анықтау, емдеу, оңалтуды және қайта әлеуметтендіруді біріктіретін біртұтас «көмек континуумы» моделіне көшуді ұсынды. Оның айтуынша, жазалау-есепке тәсілінен гөрі оңалтуға баса назар аудару қажет. Ол үшін орталықтарды міндетті лицензиялау және бақылау арқылы инфрақұрылымды дамыту, емделуден кейін пациенттерді ұзақмерзімді қолдау жүйесін енгізу керек.

Ұсыныстардың жеке блогы, депутаттың пікірінше,  басым әлеуметтік қауіп деп танылуға тиіс лудоманияға қатысты болды. Сонымен қатар реттеуді қатаңдату және мамандандырылған көмекке қолжетімділікті кеңейту жолдары да айтылды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев атап өткендей, заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін жедел жұмыстар қолға алынып, онлайн кеңістікте мониторинг жүргізілуде. Адамдар рұқсат етілмеген жерлерде құмар ойындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз ставкаларды қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінде 2,4 мыңнан астам интернет-казино бұғатталған.

Бұдан бөлек, ішкі істер органдары алкоголизм мен нашақорлыққа байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізеді. Мәселен, Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішуге қатысты 33 мың фактінің жолы кесілген, ал 11 мың адамға қатысты оны қолдануға тыйым салынған.

Бұл ретте, мәселені шешу кешенді тәсілді қажет етеді. Алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдарды тиісті емдеу мекемелеріне уақытылы орналастыру мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемованың мәліметінше, еліміз бойынша барлығы 47 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы бар, бұл жеткіліксіз екені анық. Полиция қызметкерлері де, медицина қызметкерлері де әр қалада, әр ауданда осындай орталықтар ашу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар  созылмалы нашақорлар мен маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеу мәселесі әлі де бар. Вице-министрдің айтуынша, бір пациентті емдеуге арналған қолданыстағы тариф нақты шығындарды өтемейді. Өңірлерде әртүрлі кешенді тарифтер белгіленгені де жағдайды қиындатып отыр.  

Өз кезегінде, бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «бір терезе» қағидатын енгізуді орынды деп санайды. Атап айтқанда, емдеу-профилактикалық мекемелердің жанынан нақты бір күндері айына 2-4 рет отырыс өткізе отырып, арнайы медициналық комиссиялар құру қажет. Бұл ретте ішкі істер органдары маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды емдеу-профилактикалық мекемелерге жеткізуге, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Отырыс барысында депутаттар нашақорларға арналған балалар бөлімшелерінің саны мен жай-күйі, нашақорлықты қоса алғанда, тәуелділіктің басқа түрлеріне шалдыққан кәмелетке толмағандардың статистикасы, олармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі, аддиктолог-мамандар даярлау туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен және сарапшылармен есірткіге және алкогольге тәуелділігі бар азаматтарды есепке қою мәселелері, олар үшін міндетті медициналық тексеру, бақылау тетіктері мен құқық қолдану практикасын енгізудің жай-күйі талқыланды.

Отырыс соңында Асхат Аймағамбетов Қазақстанда наркологиялық қызметтің заманауи моделін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Комитет төрағасы басты шаралардың қатарында емдеу хаттамаларын ДАЖ-11 жіктемесіне және халықаралық стандарттарға сай жаңартуды, сондай-ақ ел аумағында тәуелді азаматтарды емдеуге бірыңғай тарифті енгізуді тілге тиек етті.

Комитет төрағасының айтуынша, лудоманияға ерекше назар аударып, оны дербес бағыт ретінде алып, жедел желілерді құрып,  клиникалық хаттамаларды қайта қарау қажет. Өйткені бұл саладағы қазіргі қолданылып жүрген тәсіл тиімсіз.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов тіркеуде тұрғандардың санына байланысты қазіргі қаржыландыру жүйесі тиісті нәтиже бермейтінін, сол үшін тиімділікке бағдарланған модельге көшуді ұсынды. Жеке оңалту орталықтарының қызметін реттеу және олардың жұмысының бірыңғай стандарттарын әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Көшпелі отырыс аясында Мәжіліс депутаттары Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметімен танысты. Оларға химия-токсикология зертханасының, сондай-ақ психосоматика, физиотерапия бөлімшелерінің және басқа бөлімшелердің жұмыстары көрсетілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 14:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары