Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Мәжіліс депутаттары Жезқазған тұрғындарымен кездесуде балалар спортын қолдау мәселесін талқылады

Мәжіліс депутаттары Жезқазған тұрғындарымен кездесуде балалар спортын қолдау мәселесін талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерболат Сатыбалды мен Аманжол Әлтай Жезқазған қаласындағы заманауи CK-NAMYS спорт академиясына барып, жас спортшыларды даярлау барысымен танысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесуде Аманжол Алтай академияда қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл спорт түрлері балалардың тек физикалық төзімділігін ғана емес, сонымен қатар рухани жігерін, дәстүрге деген құрметін қалыптастырады, тәртібі мен мінезін шыңдайды.

– Спорт – тек жарыс пен медаль ғана емес. Бұл – көркем мінез, жауапкершілік және зиянды әдеттерге қарсылық. Бала ерте жастан спортпен айналысса, өмірде де дұрыс бағдар ұстанады. Ұлттық спорт түрлерін қолдау – ұлт денсаулығына және мәдени болмысымызды сақтауға қосылған үлес, – деді депутат.

«CK-NAMYS» спорт академиясы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынғанын атап өткен жөн. Жобаға шамамен 4 млрд теңге инвестиция салынды. 10-16 жас аралығындағы 200-ге жуық баланы даярлауға арналған академияда қазіргі таңда 152 жас спортшы білім алуда. Жобаның ерекшелігі – кәсіби спорттық дайындық пен толыққанды жалпы білім беруді ұштастыру. Академия тәрбиеленушілері жергілікті №24 мектеппен ынтымақтастық орнатып, жаттығу процесімен қатар білім алуды да жалғастыруда.

Кешен құрамына күрес пен жалпы дене дайындығына арналған арнайы залдар, әмбебап ойын залы, хореография залдары, 150 көрерменге арналған трибуналар, сондай-ақ 150 орындық заманауи жатақхана мен асхана кіреді. Балаларға жатын орын, тамақ және спорттық киім-кешек тегін беріледі. Академияның ашылуы дарынды спортшыларды анықтауға ғана емес, Жезқазғанда ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге де мүмкіндік беріп отыр.

Депутаттар Президент тапсырмасы аясында дене шынықтыру және спорт туралы заң әзірленіп, Мемлекет басшысы оған өткен жылы қол қойғанын еске салды. Аталған құжатта бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынған. Бұл өз кезегінде ресурстарды қазақстандық балалар мен жастардың спорттық дайындығына, сондай-ақ бұқаралық спортты дамытуға мақсатты түрде бағыттауға жол ашады.

– Бұқаралық спорт – болашаққа салынған инвестиция. «Намыс» сынды кешендер балалар мен жасөспірімдер үшін салауатты орта қалыптастырып, өңірлердегі дарынды жастарға тең мүмкіндік береді және қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтады, – деп атап өтті депутат Ерболат Сатыбалды.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылы «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жезді кентінде және Жаңаарқа ауданында да осындай спорт кешендері, сондай-ақ Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні ашылды. 2026 жылы «CK-Namys» спорт кешендері мен ескек есу спортына арналған нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл өңірде бұқаралық спорт пен спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 18:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары