Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралады

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Конституцияның «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасы, цифрлық ортада құқық қорғауды күшейту, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ Құрылтай және басқа да жаңа саяси механизмдердің құрылуы сынды идеялар мен жаңашылдықтар төңірегінде қызу талқылаулар өрбітіп жатыр.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан мен депутат Олжас Құспеков Астанада «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығына барды. Кәсіпорын ұжымымен кездесуде конституциялық өзгерістер аясындағы еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Депутаттар еңбек жауапкершіліктің артуына және қиындықтарға байланысты теміржол саласының қызметкерлері үшін бұл өте маңызды екенін атап өтті. Конституция жобасында қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ жалақы, әлеуметтік кепілдіктер және еңбек дауларын заңды түрде шешу құқығы сынды азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ережелер туралы нормалар бекітілген.

Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Атырау жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесуде ол 15 наурызға белгіленген референдум бар шаға өз ұстанымын білдіруге және елдің болашағына ықпал етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздегі реформалар ешқашан мұндай кең әрі жалпыхалықтық деңгейде талқыланған емес. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Жаңа құжаттың негізінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы жатыр. Ұсынылған өзгерістер – соңғы жылдардағы саяси жаңғырулардың қисынды жалғасы. Басты мақсат – мемлекеттік институттарды тиімдірек, орнықты және қоғам алдында жауапты ету, – деді Д.Тұрғанов.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері Экологиялық күн тәртібі бойынша сұрақтар қойды. Депутат құжатта алғаш рет мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі ретінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру бекітіліп, қоршаған ортаны қорғау басымдықтар қатарына енгізілгенін айтты.

Тағы бір кездесу 10 мыңнан астам студент білім алатын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтті. Онда жаңа жалпыұлттық диалог алаңы – Халық Кеңесін құру, сондай-ақ Вице-президент институтын енгізу мәселелері қызығушылық тудырды. Депутат жаңадан құрылатын консультативтік орган қоғамның мүдделерін білдіретінін, ол заң шығаруға бастамашы болу құқығына ие болатынын атап өтті. Вице-президент Парламентпен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп қызмет атқарады, Мемлекет басшысы айқындайтын өзге де құзыреттерге ие болады.

Дүйсенбай Тұрғановтың Атырау облысы Су Арнасы ұжымымен кездесуде экологиялық бастамалар мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері сөз болды.Депутат Конституция жобасында жердің, жер қойнауының, су көздерінің және басқа да табиғи ресурстардың иесі халық екендігі туралы ереже бекітілетінін, бұл мемлекеттің оларды сақтау жөніндегі жауапкершілігін күшейтетінін атап өтті. Мәжіліс депутаты Марат Башимов те белсенді түсіндіру жұмысын жүргізді. Сенатор Геннадий Шиповских екеуі «ҚазТрансОйл» компаниясының ұжымымен реформалардың келешегін талқылады. Кездесуге 12 өңірден және шетелдік филиалдардан келген бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Депутаттар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы баяндап, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Олар ұсынылған өзгерістер еңбек кепілдіктеріне, кәсіби тұрғыда өсуге, заманауи технологияларды енгізуге және инфрақұрылымды дамытуға қалай әсер ететінін айтты. Компания басшылығы конституциялық өзгерістер мемлекеттің стратегиялық салалар үшін жауапкершілігін күшейтетінін және мұнай тасымалдау жүйесін ұзақмерзімді дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу, адами капиталды дамыту, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды нығайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Марат Башимов, Нұргүл Тау және Павел Казанцев Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымымен кездесті. Диалог барысында жаңа Конституцияның басты нормалары, адам құқығы мен еркіндігіне басымдық берілу, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, билік тармақтарының аражігін ажырату және мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау мәселелері қарастырылды.

Астанада Мәжіліс депутаттары Нұрлан Aуесбаев пен Ажар Сағандықова өңірлердің белсенді жастарымен кездесті. Жиынға қатысушылар ұсынылған конституциялық өзге рістерге, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне әсеріне және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін ерекше атады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 03:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары