Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджет аясында ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатада үш жылдық бюджеттің жобасы қаралды. Сол кезде мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыға қатысты өз қорытындысын жариялады.
"Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді",-делінген құжатта.
Айта кетері, бұған дейін үкімет мүшелері ең төменгі жалақы келесі жылы да өзгермейтінін айтқан. Ал парламент ең төмен жалақыны белгілейтін конвенцияны ратификациялады.


