Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ : Балжан Бидаш өз ұстанымын білдірді
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайы, актер Жахан Отарғалиевтің сөзіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұған дейін желіде Жахан Отарғалиевтің әншіге «Қазақстанда теңдесі жоқ әнші екеніңді дәлелде» деген сөзі айтылған бейнежазба тараған. Осыдан кейін Балжан Бидаш Instagram парақшасында өзгенің пікірін қалай қабылдайтыны туралы жазба жариялады.
«Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ дейді ғой. Бірақ оны мотивация ретінде қабылдаған да дұрыс. Сол арқылы өзіңді дамытасың. Алайда бұл беріліп, бар энергияңды сол адамдарға жұмсау керек деген сөз емес. Бұл стористі оқырмандарыма мотивация болсын деп салдым. Өзіңе сенімді болсаң, артқа қарамай, тек алға ұмтылып, өз жұмысыңды жасайсың. Сондай-ақ олар туралы әңгіме қозғауға да ниетің болмауы керек. Өз күшіңді өзіңе сақта!» – деп жазды әнші.
Өнер иесі өз жазбасында өзгелерге бірдеңе дәлелдеуге күш жұмсағаннан гөрі, жеке дамуға және шығармашылыққа көңіл бөлудің маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев 2023 жылы екі жаққа кеткенін жариялаған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















