Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстанда 625 ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алған

Қазақстанда 625 ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, мұндай қызмет көрсетуге 625 ұйым лицензия алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оның ішінде 463-і – коммуналдық мемлекеттік мекеме, 162-і – үкіметтік емес ұйым. Жалпы, берілген лицензия саны – 707.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алу міндеті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Бұл талап меншік нысанына қарамастан, осындай қызмет көрсететін барлық ұйымға қатысты. Лицензиялау кезінде қызмет көрсетушілердің белгіленген талаптарға, соның ішінде қызмет көрсету жағдайына, қауіпсіздікке, қажетті құрал-жабдықтарға және қызметкерлердің біліктілігіне сәйкестігі тексеріледі.

2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде 108 мыңға жуық адам арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, егде жастағы азаматтар, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, сондай-ақ осындай қолдауға мұқтаж өзге де адамдар бар.

Лицензия алу үшін ұйымдар Министрлік бекіткен біліктілік талаптарына сай болуы керек. Нақты талаптар қызмет көрсету түріне байланысты белгіленеді. Атап айтқанда, қызмет стационарлық жағдайда, жартылай стационарда, уақытша болу орындарында немесе үйде көрсетілуі мүмкін.

Қызмет алушыларға арналған ғимараттар мен бөлмелер санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы қажет. Сондай-ақ ғимараттың кіреберісі, қозғалыс жолдары, қызмет көрсетілетін бөлмелер мен санитариялық-тұрмыстық орындар мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімді болуға тиіс.

Ұйымдар арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен, соның ішінде жиһазбен, құрал-жабдықтармен және керек-жарақтармен толық қамтамасыз етілуі керек. Қызметкерлерге де арнайы талаптар қойылады. Олардың саны бекітілген штат нормативтеріне сәйкес болуы, ал мамандардың білімі мен біліктілігі тиісті құжаттармен расталуы қажет.

Заңнамада көзделген жағдайларда стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдар қызмет алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға немесе осы қызметті көрсету үшін тиісті келісімшарт жасауға міндетті. Ал үйде қызмет көрсететін ұйымдарға ғимарат пен жабдықтарға қатысты кейбір талаптар қолданылмайды.

Лицензия алу үшін өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы электронды түрде беріледі. Өтініш беруші ұйым біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. Оларды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері тексереді. Сонымен қатар өтініш берушінің белгіленген талаптарға іс жүзінде сәйкестігі де қаралады. Қажет болған жағдайда мамандар ұйымның орналасқан жеріне барып тексеру жүргізеді.

Біліктілік талаптарына сәйкес келмеу лицензия беруден бас тартуға негіз болады. Анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін ұйым лицензия алу үшін қайта өтінім бере алады.

Лицензиялау жүйесі арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға және оларға сапалы әрі қауіпсіз көмек көрсетуге бағытталған. Белгіленген талаптар ұйымның бүкіл қызметі барысында сақталуға тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:35
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары