Алматыда жалған лицензия алған 400 ден аса компания әшкереленді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыда "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне әдейі жалған мәліметтер енгізу арқылы құрылыс саласында лицензияны заңсыз алу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне әдейі жалған мәліметтер енгізу арқылы құрылыс саласында лицензияны заңсыз алу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы" КММ қызметкерлерімен сөз байласқан осы схеманың мүшелерінің әрекетіне тосқауыл қойылған.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2021 жылдан бері күдіктілер өздеріне бағынышты компаниялар арқылы жүйеге өндірістік базалар, арнайы техника және білікті инженерлік-техникалық қызметкерлер бар деген жалған мәліметтер енгізіп отырған. Ал іс жүзінде бұл талаптар сақталмаған.
Соның салдарынан белгіленген біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында I санаттағы лицензия алған.
Тінту барысында тергеу үшін маңызы бар құжаттар мен заттар тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, мұндай "қызметтерді" рәсімдеп беру үшін ұйымдастырушылар 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:16
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 15:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















