Қарағанды кәсіпкерлері ел болашағына бейжай қарамайды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Зара Шалабаева, Елдос Жүнісов, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.
Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.
– Кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақты өсуінің маңызды факторларының бірі. Шағын және орта бизнес өкілдерінің бастамаларын қолдау, олардың жұмысына қолайлы жағдай жасау және кездесетін кедергілерді азайту маңызды. Бүгін кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдадық. Мұндай ашық диалог саладағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді, – деді Елдос Жүнісов.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















