Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Азаматтар құқығына бейжай қарамайды

Азаматтар құқығына бейжай қарамайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Шараға облыстық сот, мамандан­ды­рылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және жергілікті атқарушы ор­ган­дар өкілдері қатысты. Аталған жиында азаматтардың құқықтары мен бостандық­тарын қорғау, заңды тұлғалардың мүд­делерін әкімшілік сот төрелігі аясында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекет­тері мен шешімдерінен қорғауға қатысты бірқатар мәселе талқыланды. 

– Облыстық мемлекеттік органдарға жыл басынан бері 205 мыңнан астам шағым түсіп, олардың 137 мыңнан астамы қарал­ған. Шағымдардың басым көпшілігі жер мәселесі, сәулет және тұрғын үй қа­ты­нас­тары, еңбек құқықтары, білім беру, көлік және коммуникация мәселе­сіне қа­тысты, – дейді Қазақстан Республикасы Бас про­куратурасының Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу жөніндегі комите­тінің Алматы облысы бойынша департа­ментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев.

Тұрғындардың өтініші қаралды

Алматы облысы әкімі аппараты аза­мат­тардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы Зухра Тоқбаева кей­інгі уақытта тұрғындар тарапынан өтін­іш­пен жүгінушілердің айтарлықтай кө­бей­­генін айтады. Оның айтуынша, әсіресе өңірдің Қарасай және Іле аудандарынан түсетін электрондық өтініштердің саны артқан.

– Соңғы айларда тұрғындар көбіне әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық саласына қатысты шағымдар мен ұсыныстар жолдауда. Бұл азаматтардың өз құқықтарына бейжай қарамай, мемле­кет­тік органдармен ашық байланыс орна­туға ұмтылатынын көрсетеді, – дейді Зухра Тоқбаева.

Оның сөзінше, барлық өтініш «е-Өтін­іш» бірыңғай платформасы ар­қылы тіркеліп, тиісті органдарға жолдана­ды. Тұрғындардың сауалдары мен шағым­дары белгіленген мерзім ішінде қаралып, нәтижесі өтініш иесіне міндетті түрде хабарланады.

– Облыс әкімдігінде «Алматы облысы­ның ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақ­тары картасы» тоқсан сайын жасақталып, аймақ басшысы тарапынан бекітіледі. Оған қоса, «Өзекті мәселелер картасы» жасалды. Соған сәйкес, облыс әкімінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргі­зіліп, хаттамаға енгізіледі. Сол арқылы жауапты мекеме басшысына тапсырма беріліп, оның орындалуы бақылауға алы­на­ды. Жеке және заңды тұлғалар элек­тронды цифрлық қолтаңба кілтін пайда­лана отырып, өз өтініштерін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қалдыруға және мемлекеттік органға келіп түскеннен бастап орындалу дәрежесінің тізбесімен танысуға мүмкіндігі бар, – деді Зухра Тоқбаева.

Департамент бастығы Нұрлан Ауған­баев жиын барысында арыздарды қарау сапасы төмен екенін атап өтті. Мемле­кет­т­ік органдарға түсетін өтініштер саны арт­қанымен, олардың мазмұнды әрі сапа­лы қаралу деңгейі әлі де сын көтермейді.

– Әлі де болса көптеген кемшілік болып отыр. Оған тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар дәлел. Алайда осы арыз­дарға сапалы, толық жауап беріл­мей­ді. Тіпті қарапайым хаттарға да мардымсыз жауаптар келеді. Мұның өзі мәселенің қайта туын­дауына себеп болады. Ал мемлекеттік қыз­меттің сапасын арттыру, ең алдымен, қыз­мет­керлердің жауапкер­шілігіне байланыс­ты. Сондықтан бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға қарай да жалғасын табады. Біз осы негізде құқық­тық статистиканың шын­айылығын қам­та­масыз ету және анық­талған сәйкес­сіздіктерді жою бойынша жүйелі жұмыс­тарды жүзеге асырамыз, – деді Нұрлан Жолдасұлы.

Сонымен қатар ол арыздарды қарау барысында азаматтармен кері байланыс орнату мәдениетін күшейту қажет екенін баса айтты. Оның сөзінше, әр өтініш – нақты мәселенің көрінісі, сондықтан оған немқұрайлы қарау қоғам мен билік ара­сын­дағы сенімге нұқсан келтіреді.

– Халықтың сенімін арттыру үшін әрбір өтінішке бейжай қарамай, нақты шешімін табуға күш салу керек. Тұрғын­дар­дың көтерген мәселелері билік жұ­мысы­ның айнасы іспетті. Сондықтан біз осы бағытта бақылауды күшейтіп, жауап беру сапасын жақсартуға тиіспіз, – деді департамент басшысы.

Полицияның есігі әрқашан ашық

Жақында Алматы облысы полиция департаментінде кезекті азаматтарды қа­былдау шарасы өтті. Полиция департа­мен­тінің басшылығы кезекті рет тұр­ғын­дарды қабылдап, олардың мәселелерін шешуге бағытталған маңызды шара өт­кізді. Қабылдау жүзбе-жүз және онлайн форматта ұйымдастырылып, қала мен шалғай аймақтардың тұрғындары өз өтініштері мен сұрақтарын жеткізді.

Кездесу барысында қылмыстық істерді тергеу мен тергеу бөлімшелерінің жұмыс сапасын арттыру, сондай-ақ аза­мат­тардың құқықтарын қорғау саласын­дағы өзекті мәселелер кеңінен талқы­ланды. Әрбір өтініш жеке қаралып, нақты тап­сырмалар жүктелді. Берілген тапсыр­малардың орын­далуы департамент бас­шы­лығының қатаң бақылауында бола­тыны атап өтілді.

Қабылдауға арнайы келген тұрғындар өздерінің көкейіндегі сұрақтарды қойып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің атқарып жатқан еңбегіне ризашылық­тар­ын білдірді. Олар азаматтардың мәселе­лер­ін дер кезінде тыңдап, шешуге ұмтыл­ған басшылыққа алғыс айтып, мұндай кез­десулердің жиі өткізілуі қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыраты­нын жеткізді.

Бұл – халықтың құқық қорғау орган­дарына деген сенімінің артып келе жат­қанын, сондай-ақ полиция жұмысына деген оң көзқарастың қалыптасқанын көрсетеді. 

– Ашықтық, шынайылық және халық­пен кері байланыс – біздің басты қағи­дат­тарымыз. Біз тек тыңдап қана қоймай, туындаған мәселелерді бірге шешу­ге күш саламыз. Полицияның есігі әр­қашан ашық, – деді облыстық полиция деп­ар­таментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Оның айтуынша, азаматтарды қабыл­дау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, құқықтық тәртіпті нығай­ту мен қоғаммен сенімді қарым-қатынас­ты дамытуда маңызды рөл атқара бермек. Сонымен қатар мұндай кездесулер арқы­лы халықтың нақты ұсыныстары ескеріл­іп, полиция қызметінің сапасын жақсар­туға бағытталған шаралар қабылданады.

Мейрам Әбікеев өткізген бұл қабыл­даудың мақсаты – құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттырып, қоғам­мен тиімді кері байланыс орнату. Жеке қабылдауға келген 10 азамат қоғамдық тәр­тіпті сақтау, құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғау, тұрмыстық және әлеу­меттік сипаттағы мәселелер бойынша өтін­іштерін білдірді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, нақты шешім табуға бағыттал­ған тапсырмалар тиісті басқарма және аудандық бөлімше басшыларына берілді. Бұл тапсырмалардың орындалуы департа­мент басшылығының тікелей бақылау­ында болады.

Азаматтарды қабылдау шаралары бүгінде өңір полицейлерінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналған. Бұл бастама құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халық сенімін нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға жол ашады.

Көктем ҚАРҚЫН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 04:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары