Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мәжіліс пен Дума депутаттары Солтүстік Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін дамытуды талқылады

Мәжіліс пен Дума депутаттары Солтүстік Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін дамытуды талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуковтың төрағалығымен өткен Палатааралық комиссияның отырысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындыларын талқылаудан басталды.

– Ресей – біздің сенімді одақтасымыз, стратегиялық әріптесіміз және тату көршіміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жуырда Ресейге жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейдегі өзара сенім мен құрметке негізделгенін көрсетті. Осы жағдайда үкіметтер, аймақтар және біз – депутаттар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз қажет. Соның ішінде бұл келісімдерге уақтылы заңнамалық қолдау көрсету маңызды, – деді Альберт Рау.   

Мәжіліс вице-спикері парламенттер арасындағы өзара іс-әрекеттің Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтық қатынастардың маңызды бағыттарының бірі әрі ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті. Депутаттар арасындағы кездесулердің жүйелі сипаты мен жоғары деңгейдегі диалог екі ел арасындағы ең өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Альберт Рау екіжақты тауар айналымының жыл сайын тұрақты түрде өсуі оны жақын арада 30 миллиард долларға жеткізу мақсатын толық іске асыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Сол үшін екі ел үкіметтері арасында 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы әзірленген. Өз кезегінде депутаттар жоспарланған барлық іс-шараны уақтылы әрі толыққанды орындалуын қадағалауға тиіс.

Мәжіліс вице-спикері атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация аясында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа өндірістік тізбектер мен жұмыс орындарын құратын кең ауқымды бірлескен жобалар пакеті қалыптасқан. Барлығы 65 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын, 50 млрд доллардан асатын 170-тен астам жоба іске асырылуда. Бұл – екі ел арасындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестіктің нақты көрсеткіші. Қазақстан мен Ресей экономикасының әлеуеті өзара ынтымақтастықты арттыратын резервтерге ие, ол жаңа бастамалар үшін үнемі өзара іс-әрекеттің жаңа бағыттарын іздеуді қажет етеді.

Отырыс барысында депутаттар логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

Бұл орайда депутат Болатбек Нажметдинұлы көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларына, соның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыруға ерекше тоқталды.

– Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Бандар-Аббас порттары мен Парсы шығанағы арасында толыққанды құрлық байланысын іске қосудың біз үшін стратегиялық маңызы бар. Бейнеуден Түрікменстанға дейінгі бағыт қазір жұмыс істеп тұр. Ал біз Ресейдің осы теміржол дәлізіне қосылуын күтеміз. Бұл жоба Таяу Шығысқа, Үндістанға және Африкаға дейінгі логистикалық жолды қысқартуға жол ашып, Еуразияның негізгі құрлық жолына айналуы мүмкін, – деді депутат баяндамасында.

Ресей тарапынан жаңа стандарттар мен техникалық талаптарды енгізу мәселесін айтқан Мәжіліс депутаты жаңа нормалардың ЕАЭО аясындағы өзара сауда процесіне қосымша кедергілер туғызбаудың маңызын атап өтті. Қазақстан парламентшілерінің ұстанымы – Еуразия кеңістігінде еркін өнім айналысын сақтау үшін барлық тарапқа тиімді барынша қолайлы жағдай жасау.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев астықты терең өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру және ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін көтерді. Ол әсіресе, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың маңыздылығына ерекше назар аударып, бұл үшінші елдерге және кері бағытта ауыл шаруашылығы жануарлары, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің транзитін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар депутат Қазақстаннан Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға қойылған уақытша шектеулерді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынды.

Депутат Асхат Рақымжанов өз сөзінде миграциялық саясат мәселелері бойынша 1 жылда Ресей аумағында 90 күнтізбелік уақыттан артық жүруге болмайды деген талапты кей санаттағы адамдар үшін жеңілдету туралы ұсыныс білдірді. Бұл санатқа студенттер, медициналық мекемелердің пациенттері, автокөлік тасымалдаушылар, жолаушылар пойыздарының жолсеріктері және елде қызметтік, өндірістік немесе басқа да қажеттілікпен заңды түрде жүрген адамдар жатады.

Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелерін, атом энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастықты және заңнаманы жетілдіруге қатысты шешімдер іздеуді талқылады. Жасанды интеллектіні дамытуға арналған реттеу шараларына, ЖИ қолданудағы этикалық тәсілдерге, киберқауіпсіздікке және азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғауға ерекше назар аударылды. 

Отырыста сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттеу және туризмді дамыту мәселелері қаралды. 

Талқылау қорытындысы бойынша Парламентаралық кеңестің тең төрағалары Альберт Рау мен Александр Жуков талқылау барысында қол жеткізілген келісімдер нақты нәтижелерге жол ашып,  Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың барлық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары