Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Мемлекет цифрлық жобаларға отандық IT компанияларды тартып жатыр

Мемлекет цифрлық жобаларға отандық IT компанияларды тартып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары отандық жетекші IT-компаниялардың және индустриялық серіктестердің өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Бұл кездесулерде бірлескен жобаларды іске асыру және отандық кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріндегі жасанды интеллект базасына олардың озық шешімдерін енгізу мәселелері қаралды. Өнеркәсіп саласын цифрландыру арқасында қазақстандық өндірушілер халықаралық нарықта неғұрлым бәсекеге қабілетті болып отыр.

Іс-шараларға ARCOBO, Tems.AI, SafeSight AI, AIGINEER компанияларының сарапшылары, сондай-ақ «Цифрлық техника және технологиялар институты» АҚ (IDET.kz) өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында цифрлық және роботтандырылған шешімдерді енгізудің нақты тәжірибелері, сондай-ақ табысты жобаларды өрістету мүмкіндіктері талқыланды.

Мысалы, ARCOBO компаниясы өнеркәсіпке арналған роботтандырылған жүйелерді әзірлеп, оларды қолданысқа енгізумен айналысады. Бұлардың қатарында дәнекерлеу және қаптау кешендері, станоктар мен паллеттеу жүйелеріне арналған ұяшықтар, сондай-ақ стандарттан тыс автоматтандырылған мүмкіндіктер бар. Бұл жүйелер кәсіпорындарға қол еңбегіне тәуелділікті азайтып, өндіріс үдерісін жеделдетуге, өнім сапасын арттыруға және үзіліссіз, тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ компанияның ең күрделі технологиялық өнімі — WAAM технологиясы бойынша металдан басып шығаруға арналған ARCOBO 3D-принтері таныстырылды. Бұл көпдеңгейлі жүйе өнеркәсіптік роботты, дәнекерлеу көзін, авторлық бағдарламалық қамтамасыз етуді, үдерісті басқаруды және басып шығаруды нақты уақыт режимінде цифрлық басқаруды қатар атқарады, ірі металл бөлшектерді өндіруге немесе жабдықтың тозған элементтерін сағатына бірнеше килограмға дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, жеткізу мерзімін барынша қысқартып, өндіріс пен жөндеу шығындарын айтарлықтай төмендетеді.

Tems.AI компаниясы өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған, операциялық тиімділіктің толық циклін қамтитын жасанды интеллект платформасын таныстырды. Бұл платформа қызметкерлерді оқытудан және үдерістерді стандарттаудан бастап, орындау сапасын бақылау мен есептілікті қалыптастыруға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Атап айтқанда, платформа өндірістік үдерістердің бейнежазбаларын кезең-кезеңімен цифрлық нұсқаулықтар мен регламенттерге (SOP) айналдырады, жасанды интеллект ассистенті арқылы корпоративтік білім базасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді және тапсырмалардың орындалуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Компания қазірдің өзінде Allur және «КеденТрансСервис» сияқты қазақстандық кәсіпорындармен бірге жобаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге ие болып, Web Summit нұсқасы бойынша Еуропаның ТОП-10 стартаптарының қатарына енген.

SafeSight AI компаниясы өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған бейнеталдау мүмкіндіктерін ұсынды. Көрсетілген жүйе қауіпсіздік техникасының бұзылуын анықтап, қызметкерлердің еңбек өнімділігін талдап, нақты уақыт режимінде басқарушылық есептілікті қалыптастыра алады.

AIGINEER мамандары цифрлық көмекшілерді пайдаланып, өндірістік үдерістерді автоматтандыру және оңтайландыруға арналған өнеркәсіптік ЖИ-агенттер платформасын таныстырды. Жүйе шешім қабылдауды жеделдетіп, процестерді бақылаудың дәлдігін арттырады және ресурстарды тиімді басқаруға көмектеседі.

«Цифрлық техника және технологиялар институты» өз кезегінде өнеркәсіпте, мемлекеттік секторда және корпоративтік ортада қолданылатын талдамалық платформалар, ахуалдық орталықтар және интеллектуалды басқару жүйелерін құру бойынша мүмкіндіктерін таныстырды.

— Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіпке озық цифрлық және роботтық шешімдерді енгізуге бағытталған серіктестікті дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады. Қазіргі уақытта пилоттық жобаларды іске қосу, тәжірибе алмасу және кәсіпорындарда цифрлық шешімдерді өрістету, ауқымын кеңейту үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайындық жүргізіліп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын Ақтөбеде әлі де 18 кәсіпорын жұмысы тоқтап тұрғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары