Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Кибералаяқтар жастарды дропперлікке тартып жатыр

Кибералаяқтар жастарды дропперлікке тартып жатыр

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елімізде дропперлікпен күрес күшейген сайын халықты арбау тәсілдері де көбейіп барады. Енді кибералаяқтар оқушылар мен студенттерге ауыз сала бастады. Оларды қосымша табыс табуға шақырып, дропперлікке тартып жатыр. Ал Бас прокуратура бұл қылмыспен күреске жасанды интеллект жүйелерін қолдана бастады. Соңғы үш айдың ішінде жаңа технология көмегімен 2 мыңнан астам дроппер анықталып, 15 мың күмәнді есепшот бұғатталды.  

21 жасар Рафаэль бір сәтте алаяқтардың құрбанына айналды. Оның жеке деректері мен картасының құпия кодтары киберқылмыскерлердің қолына түсіп, атына жаңа есепшот ашқан. Кейін әккілер заңсыз ақша айналымын жүргізген. Салдары, әрине, ауыр. Қыруар қарызды ата-анасы келесі жылдың шілде айына дейін төлеуге мәжбүр.

Анна Сафиуллина, анасы:

- Ұлымды құзырлы органдарға шақыртты. Сол кезде оның «дроппер» ретінде өтіп жатқанын білдік. Өзі былтыр студент еді. Нәпақасын табамын деп түрлі сайттарға өзінің түйіндемесін жүктеп, жұмыс іздейтін. Сондай-ақ ойындарға банк карточкаларын тіркеп, ойынға керек заттарын сатып алатын. Соның салдарынан оның есепшоты мен дербес деректері алаяқтардың қолына түскен. Тіпті әккілер оның атынан басқа банк арқылы карточка ашқан. Заңсыз қаражаттар ұлымның жаңа есепшоты арқылы өткен. Сорақысы, ұлым жәбірленуші емес, алаяқтың сыбайласы ретінде азаматтық сотқа қатысты. Сот шешімі бойынша жәбірленуші әйелге 1 миллион 160 мың төлеуге міндеттелді. Енді ай сайын 60-100 мың теңге несие төлеп отырмыз.

Қазір дропперлік түрлі атау жамылып, халықты арбау тәсілдері көбейген. Алаяқтар қолына түскен заңсыз қаржыны банктен шешіп алу үшін әлеуметтік желілерде «қашықтан жұмыс», «жеңіл табыс» деген хабарландырулар жариялайды. 

Нұрлан Жанабаев, адвокат:

- Міндетті түрде құжаттармен бірге полицияға бару керек. Құжаттарын алу керек. Полиция хабарласқанда «Иә, осындай осындай азамат/азаматша, сіздердің шотыңыз арқылы ақша төлем жасалыныпты. Осындай жәбірленушілер бар», – деп өздері айтады. Ол кісілерден қандай банк екенін сұрап алу керек. Мүмкін ол кісі шот ашпаған шығар, барлығын барып білу керек. Дропперлер айыппұл төлейді немесе 7 жыл бас бостандығынан айырылады. Дроппер бүкіл банктерде, микроқаржы ұйымдарда сенімсіз адам болып қалады. Көрдіңіздер ме, бұл өмір бойы ұмытылмайды.

Дропперлер тек дерек жинаумен шектелмейді. Ұрланған ақпаратты пайдаланып, жаңа шоттар ашады, қаржыны айналдыру арқылы қылмыстық жолмен ақша табады. Мекенжайларын жасыру үшін VPN мен прокси серверлерін қолданады.

Әнуар Әділхан, сарапшы:

- Кей кездерде сілтемелер жібереді. Адамның ақпараттарын жинау болып табылады. Банк мәліметтерді қарастыру керек болады, банктік операциялар жүрсе, SMS-кодтарды ешкімге хабарламау, СVV кодтарды хабарламау  керек. Негізі дропперлер де киберқылмысқа жатады. Себебі бұл жерде банктік операциядар жүреді, фишингтік сайттар құрастырылады. 

Айта кетейік, көлеңкелі экономикамен күресу үшін Бас прокуратура жасанды интеллектіні іске қосты. Жаңа «Crypto Trace» және «ProkAi» жүйелері арқылы үш айдың ішінде 2 мыңнан астам дроппер анықталып, 15 мың күмәнді есепшот бұғатталды.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ғалымжан Абдылахат, Самат Қазанбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see138

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see137

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see129

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see127

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see127

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see124

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see118

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see118

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see117

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see116

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see116

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see116

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see116

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see115

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see114

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see114

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see112

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see111

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары