Мемлекетке қомақты шығын келтірген браконьер ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Абай облысы аумағында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулаумен айналысқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Зайсан көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі "Еркінбек" учаскесінде Кокпекті ауданының 37 жастағы тұрғыны заңсыз балық аулау кезінде ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мемлекетке келтірілген залал 415 195 теңгені құрайды.
Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиға орнын қарау барысында металл қайық, қайық моторы, екі ескек, жанармайы бар бензобак, Қытай өндірісінің екі балық аулау торы және түрлі балықтар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде – келу туралы міндеттеме таңдалды.
Полиция су биоресурстарын заңсыз өндіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 18:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















