Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Қос асылдың ізі

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Майымбет туралы миф

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Өндіріске өріс ашатын бастама

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Мұхағали Қаламбай, астрофизик: Өзге ғаламшарларға баруға ғұмырымыз жетпейді

Мұхағали Қаламбай, астрофизик: Өзге ғаламшарларға баруға ғұмырымыз жетпейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Тіпті аспан әле­мін зерттейтін ғы­лым са­ла­лары да жыл өт­кен сайын көбеюде. Біз ғарыш кеңістігіндегі соңғы жаңалықтар туралы аст­ро­физик, Heriot-Watt университеті Ақтөбе кам­пу­сы­ның аға-оқы­тушысы, PhD доктор Мұхағали Қа­лам­бай­мен сұхбат­тастық. 

– Қазір ғалымдар назары 3iAtlas кометасына ауды. Кейбір ғалымдар оны бөгде ғаламшарлық кеме болуы мүмкін деп болжайды. Сіз қалай ойлайсыз?

– 3i/Atlas кометасының «Wow» эффектісіне  ие болу себебі - Күн жүйесінен тыс, яғни Галактиканың басқа аймағынан келген нысан болып табылғандықтан. Бұл сондай тыс нысандардың бізге мәлім 3-шісі. Оның орбиталық траекториясы өте сығылыңғы, яғни гиперболалық орби­тамен қозғалып жүр. Күнге жақын­дағанда бойындағы шаң-тозаңды бұлт қызып, өртеніп, жарық шығара бас­тады. Әрі оның пішіні де сығылыңқы сопақша болып келеді. Бәрінің назарына іліккен бұл кометадан Жерге ешқандай қауіп жоқ, ал өзінен шыға­рып жатқан радиосигнал - ол кез-келген дене шығаратын сигнал. Оған қоса, ғалымдар оның комета екенін және өзге ғаламшарлықтар емес екенін алға тартып дәлелдеп отыр.

– Қазір адамзат Марсқа, Айға қо­ныс­тану туралы жиі айтып жүр. Жал­пы, жерден басқа планетада тіршілік етуге бола ма? Ғылым бұл жайлы не дәлел­деді?

– Қазір қысқа немесе ұзақ мер­зімге Марсқа немесе Айға қоныстану мүмкін емес. Бірақ теориялық тұрғыда барлығы мүмкін. Дегенмен ол жақта радиация, энергия, мүлдем басқа қоршаған орта бар. Тамақтану да қиындық тудырады. Онымен қоса, гравитация бар. Айталық, Айда адам Жерге қарағанда өзін 10 есе жеңіл сезінеді. Ал Марста бұл көрсеткіш шамамен 3 есе. Демек, Марстағы адам өзін қазіргі күйінен жеңіл сезінеді. Бұл денсаулығына зиян. Сондықтан стра­тегия бойынша, ол жаққа роботтарды әртүрлі миссиямен жіберу қажет. Олар сол жақта пайда­ланатын ресурстар, шипажай жасап қойса ғана адамның ол жақта тұруына мүмкіндік ашылады. Ал қазір адам Марсқа барғанымен, еш­теңе жасай алмайды. Отарлауды бастап кетуге ешқандай мүм­кіндігіміз жоқ. 

– Жерге ұқсас планеталар жайлы не айтасыз? 

– Жерге ұқсас ғаламшарларды бірнеше типке бөліп қарастырамыз. Атап айтсақ, радиусы, массасы, қатты қабығының болуы, ауа және goldilocks. Яғни, goldilocks дегеніміз   «Алтын­шаш» ертегісіндегідей. Жы­лудың н­е аз, не көп емес жеткілікті болуы. Ол планетада судың болуы міндетті. Қа­зіргі бақылауларға сүйенсек, Джеймс Уэбб телескобы жаңа планеталарды та­уып жатыр. Оның ішінде жерге ұқсас ғаламшар­лар да бар. Бірақ оларға ұшып баруға біздің өміріміз жетпейді. Олардың спектрін, биосигнатурасын зерттеген кезде саналы тіршіліктің бар екеніне дәлел жоқ. Бірақ қандай да бір газ­дардың бар екені теориялық түрде дәлелденіп жатыр. Сондықтан ол жақ­та тіршілік бар деп айта ал­май­мыз. 

– Ғарышты зерттеуге жасанды интеллект қаншалықты үлес қоса алады және қай ел ғарышты зерттеуде алда? 

– Жасанды интеллект астро­номия­да жақсы қолданылады. Тіпті, жасанды интеллектке керек супер компьютерді астрономияда бірінші қолданған. Ол дегеніміз, астроно­миялық есептерді шығару үшін компьютерді бір-біріне паралельді жалғап, бір есепті бірнеше компьютер қосылып тезірек шығарған. Яғни, ақпаратты тезірек қорытуға болады. Қазір жасанды интеллект серверлі компьютерлермен құрылып, дамып жатыр. Астрономияда жасанды интел­лект кең ауқымда қолданылады. Өйткені бір түннің өзінде қаншама жұлдыздан келетін суреттер, мәлі­меттер негізінде арнайы қор құрыла­ды. Бір айда, бір жылда дәл осындай қаншама қор болатынын ойлап кө­ріңізші. Мұның бәрі шикі мәліметтер. Оны өңдеу үшін бір механизмді мың рет істеуге тура келеді. Міне, осы жағдайды жасанды интеллектке бір рет көрсетіп, әрі қарай дайын талдау­ларға оңай қол жеткізуге болады. Big Data-ны ЖИ өте жақсы талдайды. Көптеген миссияны іздеуге, басқа ғаламшарларды қарау­ға, олардың біз көрмеген тұстарын байқайтын шығар деген үмітпен ЖИ пайдаланылып та жатыр. Аспан әлеміндегі жұлдыздар­дың «қайсысы жұлдыздық шоғырға жатады?» деген сұраққа жауап алу үшін біз де ЖИ-ді пайдаланып көрдік. Сол мақаламыз жарық көрді. Ал ғарыш әлемін зерттеуде Америка, Қытай, Еуропа, Үндістан елдері алда.  

– Ғарышты зерттеу арқылы адам­зат қандай жаңалық немесе өнертабыс ойлап тапты? 

– Ғарышты зерттеу арқылы адам­­зат көптеген өнертабысқа қол жет­кізді. NASA-ның сай­тында адам­зат қолда­нып жатқан осы технология­лар­дың тізімі тұр. Мы­салы, олар­дың қата­рында күн­делікті қолданып жүрген GPS карта, навигатор бар. Бұл аспанға қарап, жұлдыздарды бақылау арқылы ашылған жаңалық. Қазір «геолокация жібердім. 2Гис қосып қой» деп жиі айтамыз. Мұның бәрі астро­номиядан келген, адам­заттың өміріне сіңісіп кеткен жа­ңалықтар. Джеймс Уэбб телескобын шығару үшін айнаны нанометрлік дең­гей­ге дейін тегіс­теу керек болды. Сол үшін ла­зер­лі ажар­лайтын (тегістейтін) ар­найы тех­нология ойлап табылды. Джеймс Уэбб өз дегеніне жеткен­нен кейін қалған техно­логия адам көзіне коррек­ция жасауға қолда­нылды. Одан бөлек, қарақұрдымдарды зерт­теуге арналған технологиядан, WiFi ойлап табылды. Ол басқа сигнал­дарды шегеріп, керек­ті сигналды ғана алатын технология­ның жемісі. Адамзат WiFi-ды белсенді қолданып жатыр. Онымен қоса, астрономияда біз қолымызбен ұстап, мұрнымызбен иіскеп көре алмаған­дықтан, сурет­терге қарап анализ жасауды үйрендік. Сол әдіс-тәсілдер қазір медицинада қолданылады. Дәрігер әртүрлі суретті көріп, сол арқылы диагноз қоя алады. МРТ-ның өзі астро­номиядан келген өнертабыс.  

– Қазақтың аспанға қатысты ба­йырғы түсініктері (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық) қазіргі астро­фи­зика­мен қаншалықты сәйкес келеді?

– Түбегейлі сәйкес деп айта ал­май­мыз. Дегенмен ол кезде біздегідей дерекқорларды жинайтын қор болған жоқ. Қазақтар балаларына қызық болу үшін аспан әлемі туралы әртүрлі аңыз бен ертегіні ойдан шығарған. Олар астрофизикамен дәлелденген жоқ. Бірақ көшпенді халықтар аспанға қарап навигация жасаған. Баратын жағын да, уақытты да аспанға қарап анықтаған. Осылайша, көш­пенді елдің аспанға деген қызығушы­лығы күнделікті өмірде пайдаға жара­ған. Аспан денелеріне, Айға қарап ауа райын да болжаған. Ай дегеніміз – жауын-шашынды, бұлттарды, былай­ша айтқанда, жер бетіндегі суларды айналдырып отыратын обьект. Сон­дықтан айдың туу түріне қарап, жора­мал жасаған. Ал Темірқазық жұл­дызы, шынымен де қазық сияқты бір орында тұрған жұлдыз. Солтүстік жарты шар­дағы жұлдыздың барлығы соны ай­налады. Сондықтан «Темір­қазықтың» атауын қазақ біліп, даналықпен қойған. Басқа елдерде оны «полярная звезда, северняя полярная звезда, полярис­сима» деп атап кеткен. Ал «Темір­қазық» атауы тек қазақтарда ғана бар. «Жетіқарақ­шы­ның» да атауы дәл қо­йылған. Бірақ ол үлкен аюдың жұл­дыз­дарының қатары­на жа­тады. Сондық­тан көне атаудың бәрі мифтік емес. Бақы­лаумен, аспанды қараумен қойылған. 

– Жерді астероид­тар­дан қорғау жүйелері қандай, қауіп деңгейі қан­шалықты?

– Астероидтарды тілсіз жау деп айтсақ болады. Өйткені біз комета­ларды жерге жақындап келе жатқанда ғана бақылай аламыз. Ал алыстағы кометаны біз бірден бақылай алмай­мыз. Ол қы­зы­п, ішінен жарық көрін­генде ғана бақылай аламыз. Ал суық, қара тас кезінде көрінбейді. Бірақ бізде табиғи қалқандар бар. Юпитер өзінің гравитациясымен тыс жақтан келе жатқан астероид­тарды өзіне тартып алып немесе траекториясын өзгерте алады. Одан кейін Марс, Ай бар. Ең соңында Жер атмосферасы бар. Атмосфераға жүйелі түрде тастар кіріп отырады, олар аспанда жұлдыз сияқты жарқ етіп ағады. Бізде арнайы «Астероид күні» деген халықаралық ұйым бар. Ол жерде ғалымдар ғана емес, ғарыш әлеміне қызыға­тын қарапайым әуесқойлар да сол ұйымға мүше. Олар аспан ашық болған кезде ға­рыш­ты бақылап келе жатқан асте­роидты хабарлай алады. Одан өзіміз де қорғана аламыз. Мы­салы, астероидқа зымы­ран жіберіп, оның траектория­сын гравитациялық түрде ауыстырып жіберуге  немесе лазермен атқылауға болады. Ең соңында ядро­лық қарумен атқылап, астероид атмос­фераға кірмей жатып бөлшекке бөлуге болады. Сонда жерге қатты әсері тимейді. Міне, осындай қорғану тәсілдері бар. Деген­мен осы уақытқа дейін жерге қауіп төндірген астероид болған жоқ. Бұл қауіп бәрібір болған­дықтан, барлық ел аспан әлемін бірігіп зерттеп, күн­де ға­рышты қарап отыр­­ғандар бар. 

– Ғарыш әле­міне қатысты кино көп. Бірақ солардың қайсысы шындыққа жақын? 

– «Аполлон-13», «Первый че­ловек» фильмдері болған оқиға не­гізінде түсірілген. Арасына кішкене драма қосылғанымен, шынайылыққа жақын. Деректі фи­льм ретінде түсірілген. Марсианинде кейбір жағдайлар инженерлік тарап­тан дұрыс болып саналады. Ал «Ин­терстелларда» теориялық тұрғыдан кейбір сұрақтарға өте жақсы жауап берілген. Гравитация туралы түсінік­темесі де жақсы. Бірақ фантастикалық гипотезалар бар. Сондықтан ол жерде теориялық тұрғыдағы ақпарат­тар басым. 

– Ғарыш туризмі қазір дамып жатыр. Алдағы 20 жылда тағы қандай жаңалықтар болуы мүмкін? 

– 20 жылдың ішінде ғарыш ту­ризмі дамып кетеді деп айта алмай­мын. Дегенмен қандай да бір ғарыш стансалар ұшырылуы, салынуы мүмкін. Немесе ғарышқа барып кішкене өмір сүріп келетін мүмкіндік болуы мүмкін. Айға ұшып баруымыз да мүмкін. Аспанда істен шығып қал­ған спутниктерді, ғарыштық қо­қыс­тарды тазалауға мүмкіндік туатын шығар. Ғарышқа ұшырылған техно­логияларды барып, жөндеп келуге де жағдай жасалып қалар. Сон­дай дәрежеге жетпесек те, жа­қын­дауымыз мүмкін. Қауіпсіздік, рет­теулер бойын­ша стандарттар қатаң­дай түсері анық. Кез келген адам ғарышқа ұша бермей, жылына не 2-4 рет ғана адам ұшы­рылуы мүмкін. Мұның бәріне ұшып барып, келетін құрылғылар жеткілікті бола ма? Құр бекер ысырап­шылдыққа соқпаса, экологиямызды бұзбаса болды. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Көктем ҚАРҚЫН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 09:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see116

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see114

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see114

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see114

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see113

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see111

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see111

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see111

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see110

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see110

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see110

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see110

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see109

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see109

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see108

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see108

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see107

Жеті вагонды сүйреген жігіт

17 Маусым 2026 09:05see106

Өндіріске өріс ашатын бастама

17 Маусым 2026 08:14see105

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары