Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мұнай бағасы мен жұмыссыздықтың күрт өсуі қатар келіп, трейдерлерді қорқытты

Мұнай бағасы мен жұмыссыздықтың күрт өсуі қатар келіп, трейдерлерді қорқытты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

The Associated Press материалына сілтеме жасаған Aikyn.kz қор нарығындағы ең нашар сценарийдің себебін талдайды.

Жұма күні (6 наурыз) АҚШ акциялары күрт төмендеді. Нарық «ең нашар сценарий» айқындала бастағанын көрді. Енді АҚШ-та экономиканың әлсіреуі мен инфляцияның жоғары болуы қатар жүруі мүмкін. Өткен айда америкалық жұмыс берушілер жаңа жұмыс орындарын ашудан гөрі көбірек қысқартқанын көрсеткен есеп жарияланды. Осыдан кейін және Иранмен соғыс салдарынан мұнай бағасы соңғы екі жылға жуық уақыттағы ең жоғары деңгейге секірді. S&P 500 индексі 1,6%-ға түсті. Бұндай комбинация инвесторларға ұнамайды. Өйткені әлсіз экономика мен жоғары инфляцияны бір мезетте тиімді «емдейтін» әмбебап құрал жоқ.

Шығыс уақытымен сағат 09:35-тегі жағдай бойынша Dow Jones 909 пунктке (1,9%-ға) төмендеді, ал Nasdaq Composite 1,6%-ға құлдырады.

Annex Wealth Management компаниясының бас экономикалық стратегі Брайан Якобсен: «Бұндай нәтижені әдемілеп көрсету мүмкін емес. Жұмыспен қамту бойынша теріс деректер мұнай бағасының күрт секірісімен қатар келіп, трейдерлерді стагфляция қаупімен қорқытты», – дейді.

Стагфляция деп – экономиканың тоқырауы жоғары инфляциямен қатар жүретін жағдайды айтады. Жұма күні жарияланған тағы бір есеп бұл алаңдаушылықты күшейтті. АҚШ-тың бөлшек саудагерлері өткен айда экономистер күткеннен аз табыс тапқан. Бұл АҚШ экономикасының негізгі қозғаушысы саналатын тұтынушылар шығыны шегіне жақындауы мүмкін деген ықтималдықты арттырды.

Әдетте экономика шайқалып, еңбек нарығы әлсіреген кезде Федералдық резерв (ФРЖ) өсімді қолдау үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетеді. Төмен мөлшерлеме ипотеканы қолжетімдірек етіп, зауыт салуға қаржы тартуды жеңілдетуі және акция бағаларын қолдауы мүмкін. Былтыр ФРЖ негізгі мөлшерлемені бірнеше рет төмендетіп, биыл да қосымша төмендетулер болуы мүмкін екенін меңзеген.

Алайда мөлшерлемені төмендету инфляцияны қайта күшейтуі ықтимал. Оның үстіне, Иранмен соғысқа байланысты энергетика секторындағы іркілістер мұнай бағасын жоғары итеріп, инфляцияны өршітті. Сондықтан ФРЖ-ның маневр жасау мүмкіндігі барған сайын тарылып барады.

Ал мұнай бағасы шарықтап тұр. Brent маркалы мұнайдың баррель бағасы 6,3% өсіп, 92,88 долларға, АҚШ-тың эталон мұнайы 9,5% қымбаттап, 90,76 долларға көтерілді. Бұған соғыстың Таяу Шығыста энергия өндіру мен тасымалдау үшін шешуші маңызы бар аймақтарға таралуы әсер етті. Басты мәселе Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты болуда. Әдетте әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі Иран жағалауындағы осы тар су жолы арқылы өтеді.

Қақтығыс Иран газының Азияның көп бөлігіне экспортын да тоқтатты. Егер бұл тоқырау ұзаққа созылса, Еуропа мен Азия арасында энергия үшін бәсеке күшейіп, баға одан әрі өсетінін Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Фатих Бироль да ескерткен.

Кейбір сарапшылар мен инвесторлардың пікірінше, егер мұнай бағасы одан әрі өсіп, мысалы 100 доллар/баррельге жетіп, сол деңгейде тұрақтап қалса, бұл әлемдік экономика үшін тым ауыр сынақ болуы мүмкін. Әрине, АҚШ қор нарығы Таяу Шығыстағы және өзге өңірлердегі қақтығыстардан кейін, егер мұнай бағасы шектен тыс көтеріліп, ұзақ сақталмаса, салыстырмалы түрде тез қалпына келе алады. Бірақ ары қарай не болатыны белгісіз болғандықтан, осы аптада қаржы нарықтарында сағат сайын өзгеретін қатты құбылмалылық байқалды.

Президент Дональд Трамптың соңғы сигналы – Ираннан «сөзсіз тізе бүгуін» талап ету ниеті. Бұл келіссөз мүмкіндігінің жоқ екенін көрсетеді.

Облигация нарығында 10 жылдық АҚШ қазынашылық облигациясының кірістілігі бейсенбі (5 наурыз) соңындағы 4,13% деңгейінен 4,17%-ға көтерілді. Ал Иранмен соғыс басталғанға дейін 3,97% болған.

Шетелдік қор нарықтарында Еуропада индекстер төмендесе де, Азияда динамика салыстырмалы түрде жақсырақ болды. Францияның CAC 40 индексі 1,6% төмендеді, Германияның DAX индексі 1,8% құлады. Ал Гонконгтың Hang Seng индексі 1,7% өсіп, Жапонияның Nikkei 225 индексіне 0,6% қосылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 16:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары